КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» /вариативтік компонент/ Әдістемелік нұсқау

КІРІСПЕ

  Ұсынылып отырған оқыту-әдістемелік құрал мектепке дейінгі жалпы білім беретін оқыту бағдарламасы бойынша «Вариативтік бөлім» білім беру саласындағы «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерінқолдану» тақырыбына арналып дайындалған.

Мектепке дейінгі балаларды оқыту баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, дене және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік қызығушылықтарының көрінуіне, білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

 «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» тақырыбы бойынша келесі мақсат, міндеттер қарастырылған:

Мақсаты: ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, жаңа заман талабына сай балалардың ой-санасын жетілдіру.

 Міндеттері: Балаларды ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын кеңейту. Айналадағы дүниені,  табиғатты бақылау, таныту арқылы сөздік қорын жаңа сөздермен байыту, жаңа технологияларды қолдану  арқылы балалардың  ойлау белсенділігінарттыру, тіл байлығын дамыту.

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» вариативтік бөлімінің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері мотивациялық қозғаушылық, ұйымдастыру-іздестіру және қорытынды бөлім сияқты күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттары кіретін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға мүмкіндік туғызады.

 

Әдістемелік  құрал  ұзақ мерзімді жоспарлау (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) мен күнделікті сабақ жоспары ұсынылады.

Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ойыншық» атты кейіпкер енгізілген. Осы кейіпкердің көмегімен балалар түрлі ойын-жаттығуларды, тапсырмаларды орындайды.

Оқу құралында берілген жағдаяттарды шешу барысында  әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

Күтілетін нәтижелер:

  • Баланың сөйлеу тілі дамиды;
  • Сөздік қорлары толығады;
  • Байланыстырып сөйлей білуге дағдыланады;
  • Сөздегі дыбыстарды анық айта білуге үйренеді;
  • Мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады.

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

 Мектеп жасына дейінгі балаларды даярлауға арналған оқу-әдістемелік құрал тақырыптық жоспар мен 36 аптаға арналған.

Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру.

ТРИЗ – педагогика түсінігін анықтап алайық. Бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе. Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген. Оны Ресейлік ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ӨТШТ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады.
Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз:

  • балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді;
  • шығармашылықтың туындауына ынта береді;
  • балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен антонимді байыту);
  • барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады;
  • лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын қалыптастырады;
  • ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін дамытады.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеру қажет:

  • таңдау еркіндігі қағидаты – балаға кез келген оқыту немесе басқару әрекетіне таңдау құқығы;
  • ашықтылық қағидаты – балаға ашық (шешімінің бірнеше жолы бар) тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық тапсырмалар жағдайында шешімнің әртүрлі нұсқаларын жасауы керек;
  • іс-әрекет қағидаты – кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық іс-әрекетке қосу қажет;
  • кері байланыс қағидаты – тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үдерісін тұрақты бақылай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмада алдыңғы шығармашылық тапсырманың элементтері болады;

мінсіздік қағидаты – шығармашылық тапсырмалар арнайы жабдықты қажет етпейді және кез келген сабақтың бөлігі болуы мүмкін, бұл өз кезегінде балалардың білімі мен қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін барынша қолдануға мүмкіндік береді.

ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы: әрбір бала тумысынан дарынды және кемеңгер, алайда оны барынша төмен шығын жағдайында барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету керек. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материалдар мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді. Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу – шығармашылық ойлауға деген кілт.

ӨТШТ (ТРИЗ) технологиясында  «Миға шабуыл» әдісі ең қолайлы тәсіл болып табылады.

Миға шабуыл нақты сұрақ қоюдан басталады. Басшы өз ойын ақырғы болып айтады.

Миға шабуыл тек жеке тұлғаның психолгиясын емес, сонымен қатар « бір топ» адамның психологиясын ескереді. Ми қабыршығында жете тығылған мәселені табуға көмектеседі.

Адамдар сыннан қорқып батыл ойларын айтуға жасқанады, сондықтан миға шабуылды жүргізген кезде сын айтуға тыйым салынады. (сөздік, ым- ишарат, мимикалық), әрбір ашықтан-ашық, оғаш, әзіл ой-пікірлер көтермеленеді.

Бұл әдіс – балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге, шешілмеген мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешуге өз пайдасын тигізеді. 

«Фокалды құрылым»- бұл әдіс келесі жағдайларда көрсетіледі Біздің алдымызда құрылым сиқыршы тәрізді негізіде бейнеленген. Берілген құрылымды пайдалану  үшін, бір-бірімен байланысы жоқ басқа құрылымға айналдыру қажет. Ойда жоқ қосылыстар қызықты нәтиже береді.  Фокалды құрылым әдісі тауарлардан жаңа ойлы ұсыныстар, әртүрлі сыйлықтардан, ойыншықтардан, жемістерден, қиялдаған жануарларды ойластыруға, оған ат  қоюға, оның ата-аналары кім екенін анықтап және немен қоректенетінін  табады. 

       «Кішкентай адамдарды модульдеу» - әртүрлі агрегатты жағдайлармен таныстық барысында кішкентай адамдардың тәсілі қолданылады.

Мақсаты: балалардың  қоршаған ортадағы заттар мен  құбылыстарды  кішкентай адамдар  етіп  қиялдауы.   Кішкентай адамдар ойыны  фазалық  зат алмасу аралығын   елестетуге  қолайлы. Логикалық ойлау тәсілін, есте сақтау қабілетін дамытады, қорытынды беруге көмектеседі.

«Жүйелі оператор» - білім берудің   ең маңызды есебі ол   алған білімдерін  тиянақтау болып табылады. Жүйелі оператормен жұмыс істеу барысында,   балалар  берілген бір затқа  талдау жасайды, оны өздерінше суреттейді,белгіленген уақыт мерзімінде  даму барысын, құрылуын, белгілерін  анықтайды.

   Жүйе – жеке элементтердің сипатына табыстырмайтын, өзара байланыс элементтермен заттардың дақпыратты сипатқа ие жиынтығы. Мысалы: Вазадағы гүл белгілі тәртіппен жиналған заттар жүйесі. Біздің әлем ең аз болғанда8экранмен бейнеленеді. Осы экран арқылы ауысып отыратын элементтер байланысын көруге мүмкіндік туады.

       Балалар үлкендермен, жақындарымен, туыстарымен, топтағы достарымен бірге күнделікті қуанышпен, қызығушылықпен табысып, өзін жаңа өмірге бейімдеп, жоспар құруға және оны іске асыруға мүмкіндік алады.

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда

          ТРИЗ технологиясының әдістерін  қолдану» (ТРИЗ ойындары)         

(вариативтік бөлім аптасына -1сағат)

 

реті

Тақырып

Мақсаты

Сағат саны

1

Балабақша –менің екінші үйім

Балабақша қызметкерлерімен таныстыру,олардың еңбектері жайлы толығырақ мағлұмат беру.

1

2

Жыл мезгілі, жыл мезгілдеріндегі қарама –қайшылық.

Қоршаған ортаға деген қызығушылығын күшейту, табиғаттағы өзгерістер жайлы білімдерін жүйелеу 

1

3

Жыл мезгілі, жыл мезгілдеріндегі қарама –қайшылық.

Қоршаған ортаға деген қызығушылығын күшейту, табиғаттағы өзгерістер жайлы білімдерін жүйелеу 

1

4

Заттар арасындағы қарама -қайшылық

Заттарды салыстыра отырып айырмашылық ұқсастықтарын , қажеттілігі жайлы білімдерін кеңейту

1

5

Заттар арасындағы қарама-қайшылық(жалғастыру)

Заттарды салыстыра отырып айырмашылық ұқсастықтарын , қажеттілігі жайлы білімдерін кеңейту

1

6

Әртүрлі жағдаяттардағы қарама -қайшылық

Өмір жағдайларындағы қарама қайшылықты түсіну, салауатты өмір салтына бағыттау

1

7

Өлшемдер арасындағы қарама -қайшылық

Салыстырмалы өлшемді қалыптастыру жайлы түсінік беру, жануардың мөлшері туралы балалардың білімін толықтыру

1

8

Мөлшерге байланысты қарама-қайшылықтар.

Салыстырмалы мөлшерлік жайлы түсінік беру

1

9

Қарама-қайшылық белгілер

Қарама- қайшылық, ұқсастық, өзгешелік туралы білімдерін толықтыру.

1

10

Тұлғаның ішкі жүйесі

Адамның дене мүшелері жайлы түсінік бере отырып, зейінін, салыстыра білу машығын жетілдіру

1

11

Мен білетін тақпақтар (мнемошаршылар арқылы өлең жолдарын айту)

Жеңіл өлең жолдарын кесте бойынша айтқызып, жаттату.

1

12

Нысандар  ішкі жүйесі: нысан  «шайнек»

Ыдыстар жайлы білімдерін кеңейту, ойларын жеткізе білу

1

13

Заттардың ішкі жүйесі: нысан «Көлік»

Көліктер туралы білімдерін толықтыру, жол ережесі жайлы түсіндіру

1

14

«Конструктор»

 

Балаларды жұмбақ құрастыра білуге дағдыландыру; елестете білуді дамыту.

1

15

 

«Үйшік» ойыны

Балалардың ойлау қабілетін арттырып,ортақ белгілерін салыстыра білуге үйрету.

1

16

«Кішкентай адамдар» әдісі

«Кішкентай адамдар» әдісімен таныстыру,қатты денелер қасиеті жайлы түсінік беру

1

17

«Қатты және сұйық» денелер

Ойлау қабылеттерін дамыта отырып, сұйық заттар жайлы білімдерін толықтыру

1

18

«Газ тәрізді кішкентай адамдар»

Газ тәрізді заттар жайлы мағлұмат беру , 

1

 

19

 

«Түрлі-түсті адамдар»

Балалардың ойлау қабілеттерін күшейту; ой-қиялын дамыту; заттардың әртүрлі қасиеттерін түсіндіру.

 

1

20

«Кішкентай адамдарды модельдеу бойынша қорытынды оқу қызметі»

 

Балалардың танымдық белсенділігін арттыру; салыстыру және толықтыру қабілетін дамыту; физикалық процестерді модельдеу қабілетін қалыптастыру.

1

21

«Ішкі жүйе функциялары»

 

Үйдің және бөліктерінің қажеттігі жайлы түсініктерін жүйелеу; бөліктерінің өзара байланысын және анықтап айта білу қабілеттерін жетілдіру; диалектикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

1

22

«Жүйелі жеделсаты»

Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, кейіпкерлердің рөлдерінде ойнай білуге үйрету. Жүйелі саты нысанын модельдеуді  талдай білуді үйрету.

1

23

«Нысанның ішкі және сыртқы жүйелері»

Балалардың ойлау қабілетін күшейтіп, объектіні талдау үшін «жүйелі жеделсаты» моделін пайдалануға үйрету;

1

24

«Нысанның ішкі және сыртқы жүйелерін жалпылау»

нысанның ішкі және сыртқы жүйелерін бекіту. «Жүйелі жеделсаты» моделін жұмыс барысында қолдана білуді бекіту.

1

25

«Өтіп кетті»

Әр түрлі объектілердің өткені туралы балалардың ойларын тұжырымдау. 

1

26

«Адам болашағы»

 

Уақыт бірлік өлшемін жүйелеу; Болжамдай білу қабілетін қалыптастыру; қазіргі жағдайды талдау тізбегін үйрету. 

1

27

«Болашақ субъектілері»

Болжамдап айта білуді дамыту; вариативті шебер ойлауды қалыптастыру; армандай, қиялдай білу қабілетін дамыту 

1

28

«Жүйелі оператор» ойыны

«Бесэкранды» талдау нысан үлгісімен таныстыру. Назар салып тыңдауға үйрету.

1

29

«Жүйелі оператор» жалпылау сабағы

Объектіні жүйелі талдау қабілетін бекіту; «Бесэкранды» моделін пайдалана білуге үйрету; диалектикалық ойлауды қалыптастыру.

1

30

«Жүйелі оператор бойынша ертегі желісін талдау»

Ертегілерді жүйелі талдау қабілетін қалыптастыру; болжамдап талдау қабілетін дамыту; қиялын дамыту; керісінше пайдалану қабілетін үйрету.

1

31

«Ертегілер құрастыру үшін ресурстарды пайдалану»

Жұмбақтар құрастыра білуге үйрету; салыстыру, қиялдау және қорыта білу дағдыларын дамыту; ойлау қабілетін жағдаяттарды шешу барысында іске қоса білу.

1

32

«Басқаша көзқарас»

Балаларды ертегі жанры бойынша сөйлемдер құрастыра білуге үйрету; объектілерді басқа тұрғысынан сипаттауды таныстыру.

1

33

«Жандандыру» (қиялдау)

 

«Жандандыру» қиялдау әдісімен таныстыру; ойлау қабілетін күшейтіп, қиялдауды дамыту.

1

34

«Уақыт Сиқыршысы»

«Уақыт өзгерісі» әдісі арқылы қиялдай білуге үйрету; жыл мезгілдерінің өзгерістерін жүйелей білу қабілеттерін дамыту.

 

1

35

«Керісінше»

Қарама-қайшылықтарды шешу үшін керісінше қабылдай білу дағдыларымен таныстыру; антонимдерді пайдалану арқылы сөздік қорларын белсендіру; әзіл-оспақты түсіне білуді дамыту.

 

1

36

«Сурет бойынша әңгімелеу: жұмыстың аналитикалық және синтетикалық түрлері»

Сөйлемдерді құрастыру арқылы сөздік қорын молайту; картинаға қарап сөйлемдер құрастырып, сөздерді бір-бірімен байланыстыра білуге үйрету; сурет желісін бақылау барысында есте сақтау қабілетін дамыту.

 

1

 

Барлығы 

36 сағат 

 

 

№1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент : Триз ойындары

Тақырыбы: «Балабақша –менің екінші үйім»

Мақсаты: Балабақша қызметкерлерімен таныстыру,олардың еңбектері жайлы толығырақ мағлұмат беру.Сурет бойынша әңгіме құрастыруарқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету. Сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым – қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Қолданылатын көрнекілік: балабақшаның суреті, қажетті суреттер.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:сурет бойынша әңгіме құрастыру жұмыстарын жүргізу.

Билингвальды компонент: балабақша– детский сад -

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

Топқа Ойыншық келіп:

О: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бұл жерде неге бәрің жиналып тұрсыңдар?

Т: -балалар өзінің балабақшасына арнап жақсы тілектерін айту үшін ортаға жиналды. Кел, сен де қосыл бізге.

О: -сонда қалай? Тілек деген не?

Т: -қазір көресің, балалардың айтқанын мұқият тыңдап тұр!

Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, өз балабақшасына деген жылы тілектерін айтады.

О: -енді түсінікті. Мен де балабақшаға келгенді өте ұнатамын. Сондықтан балабақшадан қалмай сендер де келіп отырыңдар деп тілеймін!

 

 

 

Балалар Ойыншықпен амандасып, балабақшасына деген жылы тілектерін айтады.

 

-Менің балабақшам биік болсын!

-Балабақшада ойыншықтар көп болсын!

-Балабақшада балалар тәртіпті болсын! т.б.

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Д/ойын: «Кім болам?»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлей білуге үйрету.

Шарты: Ойыншық «тілші» болады. Ойыншық балаларға «Болашақта кім боласың?» деп сұрақ қойып сұхбат алады.

Қиялдау.

-Балалар, қане, бәріміз көздерімізді жұмып, көз алдымызға балабақшаны, ойын алаңын елестетіп, аулада өсіп тұрған гүлдердің иісін иіскейікші.

(балалардың алған әсерлерін білу)

- Балалар, бүгін біз сендермен балабақша жайында әңгімелесеміз.

-Қане, бәріміз мына суреттерге қарап әңгіме құрастырып көрейікші. Әңгіме құрастырғанда мына сөздерді қолданамыз: тәрбиеші, ойыншықтар, әткеншек, құм.

Сергіту сәті:

Бала, бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамызда қаламыз.

 

- Балалар, қазір мен сендерге  Н.Әлімқұловтың  «Балабақшам - байлығым» өлеңін оқып беремін. Ал сендер мұқият тыңдаңдар.

(Балалардан мазмұнын сұрау)

О: -балалар, сендер балабақшада кімдер жұмыс істейтінін білесіңдер ме?

О: -ал, сендерге кім дәмді тамақ пісіріп береді? Төсек-орындарыңды кім жуады? Ауланы кім сыпырады?

Т: - біздің балалар барлығында біледі, солай ғой балалар? Үлкендердің еңбегіне құрметпен қараймыз. Өз тобымызды таза ұстап білеміз.

 

  Болашақта кім болғылары келетінін айтып, Ойыншықпен тілдеседі.

 

 

 

 

 

  Көздерін жұмып, не көргендерін, не сезінгендері жайлы айтады.

 

 

 

   Суреттерге қарап балабақша жайлы әңгімелер құрастырады.

 

 

 

 

  Қимыл-қозғалыстар арқылы сергіту сәтін жасайды.

 

   Тәрбиешінің оқып жатқан өлең жолдарын мұқият тыңдап, онда не туралы айтылғанын тәрбиешімен бірге талқылайды.

 

  Ойыншықтың берген сұрақтарына жауап беріп отырады.

Қорытынды бөлімі

 

Т: -Балабақшаға келген сендерге ұнайма? несімен ұнайды?

О: - Дұрыс, балалар! Ендеше мен сендермен дос боламын! Сендерге енді келіп тұрсам бола ма?

О: - жақсы, онда барып сендердің айтқандарыңды кішкентай достарыма айтайын.

   Берілген сұрақтарға өз тараптарынан жауап айтады.

 

Балалар Ойыншыққа келіп тұруына рұқсат етеді. Ойыншықпен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже: Балабақша жайлы хабардар болу; Суреттерге қарап шағын әңгіме құрау;Сұрақтарға толық жауап бере білу.

№2   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент : Триз ойындары

Тақырыбы: Жыл мезгілі, жыл мезгілдеріндегі қарама –қайшылық.

Мақсаты: Қоршаған ортаға деген қызығушылығын күшейту, табиғаттағы өзгерістер жайлы білімдерін жүйелеу.

Қолданылатын көрнекілік: қорапша , орамал

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсету, күз мезгілі жайлы әңгімелесу.

Билингвальды компонент: күз–осень, қыс – зима, көктем весна, жаз лето.

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

1.Тәрбиешінің көмекшісімен таныстыру.

  Тәрбиеші балаларға сандықты көрсетіп, ішінде не жатқанын табуды сұрайды. 

  Балалардың ойын тыңдау.

Содан соң сандықтың ішіндегі ойыншықты алып шығып, енді бұл менің (яғни тәрбиешінің көмекшісі) көмекшім деп таныстырады. Ол сендермен амандасқысы келеді.

 

 

Балалар ойларын айтады.

 

  Қуыршақ балалармен амандасып шығады.

Ұйымдастыріздестіру

 

2. Қуыршақ ауа райы жайлы әңгімелеседі.

  Оның үсті су. Тәрбиеші оның үстін сүртіп, онымен сөйлеседі.

Т: -сенің үстің неге су?

Қ: -мен жаңбырды жақсы көремін.

Т: -жаңбыр жаман ғой, сен ауырып қалуың мүмкін.

Қ: -жоқ, жаңбыр жақсы, ол гүлдерді суарады, ағаштар тазарады, шалшықпен жүгіруге болады.

Т: -күннің көзі жақсы, ал жаңбыр жаман.

Қ: -жоқ, күннің көзі жаман, күн ыстық болса басың ауырады, су ішкің келеді, гүлдер солып қалады.

Т: -ал, біздің балаларға керісінше ұнайды. Адамдардың көңіл-күйлері жақсы, көтеріңкі болады. Балалар ойнағысы келеді. Қане, балалармен бір ойнап алайық, содан соң әңгімемізді жалғастырамыз.

3. Қимылды ойын: «Күн және жаңбыр».

4. Балалармен ауа райының қарама-қайшылығы жайлы әңгімелесу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесіне сәйкес қимылдар жасайды. Күн мен жаңбырдың жақсы-жаман жақтарын ажыратады.

Қорытынды бөлімі

 

  5. – Балалар, бүгін сендерге бүгінгі ойындарымыз сендерге ұнады ма?

      - Несімен ұнады?

      - Сендерге не қызықты болды?

Балалар өз ойларын айтып, ойыншық Қуыршақпен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже: балалар жыл мезгілдеріне байланысты ауа райындағы өзгерістердің қарама-қайшылықтарын түсініп, ойын жеткізе білуге үйренеді. 

 

 

 

№3   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент : Триз ойындары

Тақырыбы: «Жыл мезгілі, жыл мезгілдеріндегі қарама-қайшылық» (қайталау)

Мақсаты: жыл мезгілдері жайлы балалардың білімін толықтыру. Әр жыл мезгілінің ерекшелігін айтқызып, үйрету; өз ойларынша сурет сала білуді дамыту; табиғатты сүйіп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілік: түрлі түсті қарындаштар,  жыл мезгілдеріне байланысты 4 түсті қағаз.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіп, әңгімелесу. Серуен кезінде табиғатқа бақылау жүргізу.

Билингвальды компонент:жыл мезгілдері – времена года, түнеріп – пасмурный

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

 Жылулық шеңбері «Мен және аспан»

Балалардың назарын аспанның әдемілігіне аудару.

-Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтайықшы: үлпілдек ақша бұлттарға, мейірімді жылы күнге, ай мен жұлдыздарға, қарлығашқа, бүркітке, түнеріп тұрған бұлтқа ұқсайды.

 

 

Балалар ойларын айтады. Тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

Ұйымдастыру-ідестіру

 

Балалардың нзарын тақтадағы суреттерге аудару.

-Қандай жыл мезгілдері бейнеленген?

-Балалар, мына тірек сызбаға қарайықшы, ненің суреттері салынған?

  Балаға жыл мезгілінің бір суреті беріледі.

 -Саған мынандай тапсырма: осы суреттегі жыл мезгілін тірек сызба бойынша сипаттап бер.

Дидактикалық ойын: «Қай жыл мезгіліне сәйкес келеді?» Конверттен жыл мезгілдеріне тән суреттерді көрсетіп отырып, балалардан олардың қай жыл мезгілде болатынын сұрау. Мысалы: сары жапырақтардың суреті көрсетіледі немесе қардың, жаңбырдың суреттері т.б.

 

  Сергіту сәті

Жаңбыр жауды тық-тық-тық,

Сен далаға шық-шық-шық.

Жел гуледі гу-гу-гу,

Жапырақ ұшты ду-ду-ду.

 

  Ал, балалар енді қолдарыңдағы қағаз түстеріне байланысты орындарыңа отыра қойыңдар.

   Әр топ өзіне берілген түстің қай жыл мезгілі екенін ажыратып, сол жыл мезгіліне байланысты өзгерістерді қағаз бетіне бейнелейді.

 

  Балалар берілген сұрақтарға жауап беріп отырады.

 

  Тақтаға шыққан бала жыл мегзілін сиппаттайды.

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің көрсеткен суреттеріне қарап, қай жыл мегзіліне тән екенін айтады.

 

 

 

 

  Балалар өз орындарын тауып отырады.

 

 

 Балалар қағаз бетіне өз қиялын бейнелейді.

Қорытынды бөлімі

 

   Балалардың суреттерін бақылап, қорытынды жасау.

«Жақсы және жаман» ойыны арқылы балалардың білімдерін қорытындылау.

  Әр топтың балалары қағаз бетіне не бейнелегендерін айтады.

 

Күтілетін нәтиже: балалар жыл мезгілдеріне байланысты табиғатта қандай өзгерістер болатынын түсініп, білді.

 

 

 

 

№4    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент : Триз ойындары

Тақырыбы: «Заттар арасындағы қарама-қайшылық».

Мақсаты: әртүрлі заттардың қасиеттері жайлы білімдерін толықтыру, сыртқы белгілеріне байланысты заттарды ажыратып, топтастыра білу дағдыларын жетілдіру.

Қолданылатын көрнекілік: қапшықтар, ойыншықтар, 2 қорапша, доп, ысқырғыш.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:өтілген материалды қайталап, естеріне түсіру.

Билингвальды компонент: зат – предмет, жәшік – коробка, қапшық – мешочек.

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. Ойыншықтарды әртүрлі белгілеріне байланысты ажырату.

  Қуыршақ қонаққа келеді. (үлкен қапшығында бірнеше заттар бар). заттарды алып үстелдің үстіне қояды.

 

 

Балалар заттардың атауларын атайды.

 

 

Ұйымдастыру-іздесті

Қуыршақ кеткелі жатыр.

Т: -сен қайда кеткелі жатырсың?

-Мына ойыншықтарды орнына сал, міне 2 қорапша. Мына қорапшаға үлкен ойыншықтарды сал, ал, екінші қорапшаға кішкентай ойыншықтарды сал...жо-жоқ, мына қорапқа қызыл ойыншықтарды сал, ал, екіншісіне жасыл қорапшаға сал... жоқ-жоқ-жоқ. Мына қорапқа жұмсақ ойыншықтарды сал, ал, екінші қорапқа қатты ойыншықтарды сал.

Қ:-(шатасады).

Т: -сен мүлдем шатасып кеттің, ойыншықтарды түсіне қарай, көлеміне қарай немесе қандай матадан жасалғандығына қарай (пластмасса, ағаш, қағаз) ажырату қажет. Ал, түсіне қарай бөлу, ағаштан жасалғанына қарай бөлу дұрыс емес. Өйткені, мынау ағаш жасыл түсті жүк машинасын қайда салар едің?

Қ: -ой, мен шаршадым.

 

2.Қимылды ойын: «Жүгіреміз».(киіүстеріне қарай әртүрлі бағыт көрсетіледі, соған қарай жүгіру).

 

  1. Заттар арасындағы қарама-қайшылық жайлы әңгімелесу.

Доппен ысқырғыштың жақсы-жаман жақтарын айту.

 

 

Балалар тәрбиеші мен Қуыршақтың әңгімесін  мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 Ойын ережесімен танысады.

Доппен ысқырғыштың жақсы-жаман жақтарын ажыратады.

Қорытынды бөлімі

 

 – Балалар, бүгін сендерге бүгінгі ойындарымыз сендерге ұнады ма?

      - Несімен ұнады?

      - Сендерге не қызықты болды?

Балалар өз ойларын айтып, ойыншық Қуыршақпен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже: балалар затар арасындағы қарама-қайшылықтарын түсініп, көлеміне, түсіне және неден жасалғанына байланысты ойын жеткізе білуге үйренеді. 

 

 

 

№5     ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Заттар арасындағы қарама-қайшылық». (жалғастыру)

Мақсаты: әртүрлі мамандықтар жайлы балалардың білімін жүйелеу, обьектінің қарама-қайшылықтарын ажырата білуге үйрету. Зейінін дамыту.

Қолданылатын көрнекілік: доп, кәмпит, пышақ, будильник.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:өтілген материалды қайталап, естеріне түсіру.

Билингвальды компонент: зат – предмет, жәшік – коробка, қапшық – мешочек.

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  Қуыршақ қонаққа келеді. (балалармен амандасады.

-Балалар, адамдарды кім емдейді?

-Жүргізуші немен айналысады?

-Тәрбиеші не істейді?

 

 

Балаларшеңберге жиналып, сұрақтарға жауап береді.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. Қимылды ойын: «Жаттықтырушы»

-Балалар, сендер циркке барғанды ұнатасыңдар ма? Циркте қызмет істейтін қандай мамандық иелерін білесіңдер? Цирктің жақсы-жаман жақтарын айтып беріңдерші.

- Қанекей, «Жаттықтырушы» деген ойынды ойнайық. Сендер аңдар боласыңдар, ал мен Жаттықтырушы боламын. Аңдар әлі кішкентай, мен сендерге «Мархаббат» деген сөзді айтқанда ғана көрсеткен қимылды жасауларың қажет.

Мысалы: - аңдар мархаббат, секіріңдерші!

 

  1. Дидактикалық ойын: «Дүкен».

Қуыршақ сендермен «Цирк» ойынын ойнады, енді «Дүкен» ойынын ойнағысы келеді.

Қ: -менің дүкенім жай емес, «Ертегі дүкені» болады. Маған ертегі кейіпкерлері келеді. Мен жағымды кейіпкерлерге жақсы заттарды сатамын, ал жағымсыз кейіпкерлерге сатпаймын.

Т: -жақсы, ендеше көрейік. Ойын жалғасады.

 

 

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

  «Мархаббат» деген сөзді естігенде секіреді.

 

 

 

  Балалар ертегідегі кейіпкерлер болып ертегі дүкенге келеді.

Ойынға қызығушылық танытып ойнайды.

Қорытынды бөлімі

 

  1. «Қоңырау соғылды»

Қоңырау сылдырлаған уақытта, Қуыршақ балаларға өзінің кететін уақыты болғанын айтып, балалармен қоштасып кетіп қалады.

Балалар, бүгін сендерге бүгінгі ойындарымыз сендерге ұнады ма?

      - Несімен ұнады?

      - Сендерге не қызықты болды?

 

Балалар ойыншық Қуыршақпен қоштасады.

 

   Берілген сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже: балалар мамандықтар жайлы біліп, олардың қандай қызмет атқарып, олардың қандай көмек беретіндері жайлы біледі.

№6    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Әртүрлі жағдаяттардағы қарама-қайшылық»

Мақсаты:. Әртүрлі өмірде кездесетін жағдаяттардағы қайшылықтырады шеше білуге, жақсы көңілді салауатты өмір сүруге  үйрету.

Қолданылатын көрнекілік: бинт, мойыншалғы.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: өтілген материалды қайталап, естеріне түсіру.

Билингвальды компонент: мойыншалғы – шарф, бинт – бинт.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  Қонаққа мойнын мойыншалғымен орап алған «ауырып қалған» қуыршақ келеді.

 Ал, қуыршақ  болса, ауырған жақсы дейді. Өйткені сен ауырып қалғанда «сені барлығы аяйды, үйде жатып күні бойы теледидар көремін, анашым әрдайым жанымда болады» дейді.

Тәрбиеші: - балалар, ауырғанның қандай жаман жақтары бар?

  Балалардың ойын тыңдап ауырғанның жақсы және жаман жақтарының бар екенін талқылап, толықтырып, ауыруға болмайтынын айту.

Балалар қуыршақты аяп, ауыруға болмайды, ол жаман дейді.

 

 

  Ауырғанның жаман жақтарын айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Дидактикалық ойын: «Суық тию».

  1. Балалар шеңберге жиналып, «Мысық пен тышқан» сияқты ойынның рөліне кіріседі. Бұл жерде бір баланың мойнына мойыншалғы орап ауырып қалған баланың рөлін ойнайды, ол балаларды шеңбер бойымен айналып қуып жетіп, ауруын жұқтыру керек болады.

Ойын соңында суық тиіп қалмас үшін не істеу керек екені жайлы әңгімелесу.

Әңгімелесу.

Дені сау адамның өмірі ауру адамға қарағанда көңілі көтеріңкі, өзін өте жақсы сезініп жүреді.

  Қуыршақ түрлі жағдаяттарды айтады («теледидар қарау», «суға шомылу», «далада ойнау», «сурет салу» т.б.) ал, балалар осы жағдаяттардың жақсы және жаман жақтарын ажыратады.

  Балалар, қандай жағдаят болмасын барлық нәрсенің өз жаман не жақсы жақтары болады.

Балалар ойынға қызығушылық танытып ойнайды.

 

 

 

  Әр бала өз ойларын ортаға салады.

 

 

 

 

 

   Балалар қуыршақтың сөздерін тыңдап, оның жақсы-жаман жақтарын айтады.

Қорытынды бөлімі

 

 

Қуыршақ балаларға енді ауырмаймын, ауыруға жол бермеймін деп сөз береді. Балалармен қоштасады.

 

 

 

  Балалар қуыршаққа «ауырмаңыз, тез жазылып кетіңіз» деп қоштасады. 

 

Күтілетін нәтиже: балалар ауырған бала мен сау баланың арасындағы айырмашылықтарды ажыратуға үйренді.

 

 

 

№7    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Өлшемдерге байланысты қарама-қайшылықтар»

Мақсаты:әртүрлі жағдаяттарды шешу арқылы ойлау қабылеттерін дамыту, өлшемге байланысты сипатын ажырата білуге үйрету,жануарлардың өлшемдерін салыстыра білу,айырмашылығын айтуға үйрету.

Қолданылатын көрнекілік: өлшемдері әртүрлі текшелер, жануарлар суреті салынған қима қағаздар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:ұзын қысқа, биік аласа ұғымдарын еске түсіру

Билингвальды компонент:өлшем-размер, кубик-текше

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

Балалар, бізге ойыншық қонаққа келіпті. Ол бізге өз басынан кешкен оқиға туралы айтқысы келіп тұр, кане тыңдап, оған көмек қажет болса көмектесейік.

Ойыншық: -балалар, кеше мені қонаққа шақырған еді, маған кішкентай қызыл үйге келесің деді.Мен келдім сол көшеге (текшелерді қоя бастайды) бір қызыл үйге кірдім,  жоқ ол емес , екіншіге кірдім, ол емес, сонымен мен қонақта бола алмай кеттім, үйді таба алмадым...

 

 

Балалар шеңберге жиналып, сұрақтарға жауап береді.

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

-Қане, балалар біз оған көмек берелік.Оған қажетті үйді тауып берелік.

-Сен, мына үйге кірдің бе? (үлкен текшеден жасалған үйді көрсетеді)

-Жоқ, ол үлкен үй ғой, маған кішкентай қызыл үй деген.

-Сені кім шақырды?

-Меніпіл шақырды?

-Ой, бұл үй саған үлкен, ал пілге кішкентай ғой

-Ой, дұрыс айтасыз

-Ал, мына үй саған кішкентай(кішіні көрсетеді) , ал құмырсқаға үлкен.

Тәрб: -сондықтан бір нәрсе үлкен де, кіші де болуы мүмкін бе?

-Ия, ол кімге, неге байланысты болады

Қызық ,ал мен үлкенмін бе, кішімін бе?

-Сен үлкен де, кішідесің. Балалар, біздің ойыншығымыз кім үшін ол үлкен? Ал кім (не) үшін кішкентай?

-Ал, сендер өздерің қандайсыңдар? Үлкенсіңдер ме, кішкентайсыңдар ма?

 

2.Ойын «Үлкен-кіші»(әртүрлі суреттерді қолданып, түрлендіруге болады) Балалар дөңгелене жүреді. «үлкендер» дегенде қолдарын жоғары көтереді. «кіші» дегенде тізерлеп жүреді.  осылайша «динозавлар», балапандар жеген команда беріледі.

3.«Реті бойынша орналастыр»жаттығуы

Тәрбиеші әртүрлі жануарлардың суреті бар қима қағаздар көрсетеді.(тышқан, сиыр, мысық, ит, ат) оларды бойларына байланысты ретімен орналастыру қажет. , ең кішкентайдан бастап орналастыру.

Енді суреттер бойынша сұрақтар қойылады. Мысық үлкен бе, әлде кішкентай ма? Немен салыстырғанда үкен (немен салыстырғанда кіші?)

Қайсы үшін кішкентай ? (мысалы мысық атқа қарағанда кішкентай)

 

 

 

 

Көмек беретіндеріне келіседі

 

 

 

Сұрақтарға жауап беріп отырады

 

 

 

 

 

 

Ойынға қатысады

 

 

 

 

 

 

 

   Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

 

Ойыншықтарды ретімен орналстырады

 

 

 

 

  Заттарды ретімен орналастырады.

 

   Мысық пілге қарағанда кішкентай, тышқанға қарағанда үлкен.

 

Қорытынды бөлімі

 

   Балалар біз заттарды, аңдарды өлшемдеріне қарай салыстырып үйрендік.

 

 

Өз ойларын білдіреді

 

Күтілетін нәтиже: өлшемдеріне байланысты заттарды салыстыра білуді үйрену.

 

 

 

 

№8    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Мөлшерге байланысты қарама-қайшылықтар»

Мақсаты:Мөлшерге байланысты жағдаяттарды шеше білу жолдарын түсіндіру, ойлау белсенділігін арттыру.

Қолданылатын көрнекілік: кәмпит

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:аз, көп, орташа мөлшер ұғымдарын түсіндіріп, естеріне түсіру.

Билингвальды компонент:мөлшер – количество

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

Топқа қолында кәмпиті бар Ойыншық қонаққа келеді. Қолындағы кәмпитін балаларға көрсетеді.

 

Балалар шеңберге жиналып, қуыршақпен амандасады. Ойыншықтың қолындағы кәмпитіне таңырқап қарайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

О: - міне, кәмпит ала келдім, балаларға бергім келіп тұр.

Т: - Бірақ сенде бір-ақ кәмпит қой, ал бізде қарашы балалар көп.

О: - Осыда көп пе екен? Қайдан сендер көпсіңдер, сендер азсыңдар, ал циркте сендерге қарағанда балалар өте көп болады, ал сендерде аз!

Т: - Жоқ, аз дегеніміз – егер  үйде бір немесе екі бала болса, ал бізде жиырма бала – ол көп!

О: - Балалар, сендер өздерің қалай ойлайсыңдар: көпсіңдер ме, әлде азсыңдар ма?

Жағдайға байланысты талқылау барысында балалар бір шешімге келеді: «Аз ба  және көп пе» балалардың санына қарай салыстыру бойынша топта көп, ал басқа топтармен салыстырғанда – аз.

Т: -бәрімізге бір-ақ  кәмпит, ол әрине аз!

О: - бұл кәмпит біреулер үшін көп, олай болуы мүмкін бе?

Т: - Әрине, болуы мүмкін! Балалар, ойыншыққа көмектесейік кімдер үшін бір кәмпиттің көп болатынын.

О: - ал, бір қарбыз бұл көп пе әлде аз ба?

Т: көп те, аз да. Ол кім үшін соған да байланысты. Балалар, қайтадан қол ұшын берейік!

О: ал, толып тұрған бір бөшке су ше?

Б:Аз да және көп те. Кім үшін көп, кім үшін аз.

Дидактикалық ойын: «Аз – көп».

Балалар кілемнің үстінде отырады. Балаларға әртүрлі жағдаяттарды айту, ал олар жауап қайтарулары тиіс. Егер «көп» десе балалар қолдарын екі жақа жіберіп кең ашады, «аз»  болса екі алақандарын жақындастырады, ал егер «жеткілікті» десе онда қолдарын бірін үстіне бірін қояды.

  Мысалы: (құмырсқа үшін бір шелек су, піл үшін бір шелек су, аспан үшін бір ұшақ)

 

 

  Балалар тәрбиеші мен ойыншықтың әңгімесін қызықтап тыңдап, жауап беріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Белгілеріне байланысты заттың «көп-аз» екенін ажыратады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Балалар қимыл-қозғалыспен кө-аз екенін көрсетіп отырады.

Қорытынды бөлімі

 

            

   Балалардың алған білімдерін сұрақ қою арқылы бекіту.

  • Балалар, қуыршақ бізге қанша кәмпит әкелді?
  • «Көп-аз» деген ойын сендерге ұнады ма?

 

  Балалар сұрақтарға толық жауап беріп отырады.

 

Күтілетін нәтиже: Мөлшерге байланысты жағдаяттарды шеше білу жолдарын түсінді.

 

 

 

 

№9    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Қарама-қайшылық белгілер»

Мақсаты:жыл мезгілдеріне байланысты балалардың білімдерін жүйелеу; сөйлеу барысында антоним сөздерді қолдана білуге үйрету; ойлау қабілеттерін дамыту; «миға шабуыл» барысында  топпен жұмыс істей білу машықтарына үйрету.

Қолданылатын көрнекілік: сыйлықтың қорабы.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:өтілген тақырыптарды қайталап, пысықтау.

Билингвальды компонент:белгілер – принзаки

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

 Қолында бос қорапшасы бар ойыншық қонаққа келеді.

 

Балалар шеңберге жиналып, «Ойыншықпен» амандасады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

О: - ой, қысты мен қалай жақсы көремін, өйткені қыста жаңа жыл мерекесі болады. Шыршаны әшекейлейміз. Аяз ата сыйлық әкеледі. мына қорапшаны мен былтырдан сақтап жүрмін. Жаңа жылды тосудамын. Қыста шана, шаңғы тебуге болады, қармен ойнауға қолады, қардан қамалдар жасауға болады. Қыс менің ең сүйікті жыл мезгілім. Ол өте жақсы.

Т: - сен ғана қысты жақсы көрмейсің, біздің балаларға да ұнайды. Балалар, сендер қысты не үшін жақсы көресіңдер? Қыс жаңа жыл сыйлығымен жақсы, бірақ қыста тоңып қаламыз, мұзда тайғанап құлап қалуымыз мүмкін. Бұл жаман ғой.

О: - аа, ендеше қыстың «жақсы да, жаман да» жағы бар екен ғой. Оны сендер білесіңдер. Ал, маған қыстың жаздан айырмашылығын айтыңдаршы!

Т: -Қане, ойыншық сен біздің балалармен ойна. Сен жазда не болатынын айтып тұр, ал, балалар қыста не болатынын айтып тұр.

О: - жақсы, мен бастаймын. Жазда ыстық. Ал қыста.....

Б: - суық.

О: - жазда ағаштың жапырақтары бар, ал, қыста...

Б: - жапырақтар жоқ, жерде қар жатады.

   Жазда күн ұзақ, ал қыста....

   Жазда балалар көп жүреді, ал қыста....

(осылайша балаларға өздігінен сұрақтар ойлап табуға мүмкіндік беру)

«Назар аудар!» ойыны:

Т: -қане, балалар, «Жаз-қыс» ойынын ойнайық. Қыс дегенде сендер жүрелеп отыра қалып, тізелеріңді соғасыңдар. Ал, жаз дегенде орындарыңнан тұрып жүгіре бастайсыңдар.

Жағдаятты шешу

О: - менің әжем оңтүстікте тұрады. Ол ешқашан қарды көрмеген. Ал, атам, солтүстікте тұрады. Ол жақта қар ешқашан қар ерімейді. Мен қалай істесем екен? Менің әжем қарды көрсе... Ал, атама, шөптер мен ағаштарды көрсетсем (бірақ олар өз елдерінен көшкілері келмейді) осылайша балалар өздерінің әртүрлі ойларын айтады.

О: - рақмет, сендерге, мен оларға сендердің айтқандарыңды жазып жіберемін. Олар үшін менен жаңа жылдық сыйлық болады.

 

 

 

 

 

 

  Балалар тәрбиеші мен ойыншықтың әңгімесін қызықтап тыңдап, жауап беріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қыс мезгілі мен жаз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Балалар қимыл-қозғалыспен ойынды жалғастырады.

 

 

 

 

 

Ойыншыққа жағдаятты шешуге көмектеседі.

Қорытынды бөлімі

 

            

Қорытынды жасау.

 

  Балалар сұрақтарға толық жауап беріп отырады.

 

Күтілетін нәтиже: жыл мезгілдеріне байланысты балалар сөйлеу барысында антоним сөздерді қолдана білуге үйренді.

 

 

 

№10    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Тұлғаның ішкі жүйесі»

Мақсаты:адам дене мүшелері жайлы балалардың білімін толықтыру; зейінін дамыту, салыстыра және толықтыра білуге үйрету; елестете білу қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекілік: қағаздан жасалған роботтың дене мүшелері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:балалармен өз мүшелері және олардың не үшін қажеттігі жайлы әңгіме жүргізу.

Билингвальды компонент:жүйе – система, дене мүшелері – части тела.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

Ойыншық топқа келеді. Қолында конверті бар.

-Балалар маған көмектесіңдерші. Мен не істерімді білмей тұрмын.

Т: - жақсы, «Ойыншық» біз саған көмектесеміз.

 

Балалар «Ойыншықпен» амандасады.

  Ойыншыққа көмектесетіндерін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  Ойыншық қолында қағаздан қиылған әртүрлі «дене мүшелерін» алып келгенін көрсетеді: бас, қолдар, дене, аяқтары, мойыны.

О: -балалар, мен үйде мынандай дөңгелектер, таяқшалар тауып алдым. Бірақ не екенін білмей тұрмын.

Т: - қанекей, сен оны кілемшенің үстіне жайып қойшы, бәріміз көрейік. (ойыншық кілем үстіне бөліктерді бытыраңқы түрде тастайды).

Т:- балалар, сендер білмейсіңдер ме? Бұл не зат? (балалардың жауаптарын тыңдау)

Т: - дұрыс айтасыңдар бұлар дене мүшелері. Оларды дұрыстап орналастырсақ мүмкін бір робот шығатын шығар.

О: -әкеліңізші, мен білемін, мен істейін. (Дене мүшелерін дұрыс орналастырмай қоя бастайды)

О: -міне енді дұрыс болды. Робот адамға ұқсас екен ғой.

Т: -менің ойымша нағыз адамның роботтан айырмашылығы бар. балалар, сендер қалай ойлайсыңдар?

  Балалар роботты «адамға» айналдыруға болады ма?

«Аяқ-қол мен басымыз» ойыны:

Тәрбиеші әртүрлі дене мүшелерін атайды. Балалар сол аталған мүшелерді көрсетеді. Кім қателессе, сол ойыннан шығады.

Талдау (не – не үшін?)

Тәрбиеші адамның әртүрлі дене мүшелерін атап, сұрақ қояды. Олар не үшін қажет? Алдымен мына мүшелерді атаған жөн (бас, қол, аяқтар және т.б)содан соң кіші дене мүшелері аталады. (балалар, көз, ауыз, мұрын неге басымызда орналасқан? Саусақтар, алақан, шынтақ неге қолымызда орналасқан?)

    Жағдаятты шешу

Т: -балалар, егер де, мынандай жағдайлар болса не болар еді?: көзіміз желкемізде, құлағымыз тіземізде, саусақтарымыз мұрнымызда болса не болар еді?

 

 

 

 

 

  Балалар ойыншықтың әкелген бөліктерін қарап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қалай істеу жолдарын айтады.

 

 

Балалар роботтан адамның айырмашылығын айтады.

  Балалар роботты адамға айналдырудың жолдарын іздейді. Кейбір дене мүшелерін біріктіріп қосады, бет-бейнесін суреттейді, киімдерінің суретін салабы және т.с.с.

Жағдаятты шешуге көмектеседі.

Қорытынды бөлімі

 

 

   Қорытынды жасау. Адамға не қажеттінің бәрі өз орнында.

 

  Балалар дене мүшелерінің өз орнында болатынын түсінді.

 

Күтілетін нәтиже: адамның әр дене мүшесінің қажеттігін түсініп, олардың қандай қызмет атқаратынын біледі.

№11    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Мен білетін тақпақтар»(мнемошаршылар арқылы өлең жолдарын айту)

Мақсаты:Жеңіл өлең жолдарын кесте бойынша айтқызып, жаттату. Есте сақтау қабілеттерін дамытып, тілдерін жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекілік: суретті тірек-сызбалар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:балалармен білетін өлең-жырларын еске түсіру.

Билингвальды компонент:кірпі – ёжь, алма – яблоко, үй жануарлары – домашние животные, жабайы жануарлар – дикие животные.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

 Ойыншық топқа келеді. Қолында үлкен қорапшасы болады. Балалармен амандасып, қорпшасындағы заттарды топтастыруды ұсынады.

Балалар «Ойыншықпен» амандасады да, қандай ойыншықтар барын сұрайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

- қане, «Ойыншық»біз сеніңқорапшаңдағы ойыншықтарды топтастыруға көмектесейік. Алдымен бізге көрсет.

«Ойыншық» барлық заттарды қорапшадан алып үстел үстіне қояды.

-Ал, енді осы заттардың (суреттердің) ішіндегі үй жануарларын ажыратып беріңдерші.

  Осылайша «үй жануарларын», «жабайы жануарлар», «жеміс-жидектер», т.с.с. бөлек-бөлек топтастырады.

Т:- қазір, мен сендерге бір суреттегі затты сипаттаймын, сендер сол заттың не екенін табыңдар. Мысалы: алма. (сиппатайды – дөңгелек, қызыл түсті, дәмді, ағашта өседі, т.б.)

  Енді осы «Алма»  туралы өлең жолдарын тірек-сызба бойынша жаттап көрейік.

Алма, алма дейсің,

Алма берсем жейсің.

Айтпады деме,

Алманы жумай жеме.

Келесі суретті алып қарайық. Бұл не? (кірпі).

«Сөйлем құрату» тірек-сызба арқылы сөйлем құрату.

  Кірпі жайлы өлең жолдарын жаттату.

Кірпі, кірпі, кірпі,

Үстің толған ине.

Біреуін берші маған,

Қадайыншы түйме.

 

 

 

 

 

  Балалар тұрған ойыншықтарды ретімен орналастырады.

 

 

 

 

   Сиппаттау бойынша «Алма» екенін табады.

 

 

 

  Өлең жолдарын тәрбиешінің соңынан қайталап отырады.

 

 

Тірек-сызбаға қарап отырып жаттайды.

Бұл кірпі. Оның инелері бар. төрт аяғы бар. түсі – сұр. Орманда тіршілік етеді.

 

Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.

 

 

Қорытынды бөлімі

 

О: - ой, балалар, мен бүгін сендермен бірге көп өлең жолдарын үйрендім. Суреттерге жай ғана қарап қоймай, оны жандандыруға болады екен. Мен үйге барып осы суреттерді іліп, достарыма да үйретейін. Ендеше мен кеттім. Сау болыңдар балалар!

 

  Балалар «Ойыншық» пен қоштасады. Өздері де үйреніп аламыз деп уәде береді.

Күтілетін нәтиже: адамның әр дене мүшесінің қажеттігін түсініп, олардың қандай қызмет атқаратынын біледі.

№12   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: Нысандар  ішкі жүйесі: нысан «Шәйнек»

Мақсаты:Ыдыстар жайлы білімдерін кеңейту, ойларын жеткізе білуге үйрету;болжамдап айту қабілеттерінжәне ойлауды дамыту.

Қолданылатын көрнекілік: нақты және ойыншық шәйнектер

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:ыдыс-аяқтардың түрлерімен таныстыру.

Билингвальды компонент:шәйнек чайник, ыдыс посуда.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  Топқа суыққа тоңған, дірілдеп Қуыршақ келеді. Ол балаларға тез арада жылынғысы келетінін айтады. «маған ыстық шәй беріңдерші, мен тоңып қалдым, тез шәй қайнатыңдаршы, балалар».

Балалар тоңған қуыршаққа қарап, көмектесетіндерін айтады. 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Т: - балалар, қуыршақты жылыту үшін шәйді қайда қоямыз?

Талқылау:«Қай шәйнек жақсы?»

Шәйнек қайнағанша балалармен бірге шәйнектің не үшін қажет екенін талқылайды.

Т: Балалар, шәйнек бізге не үшін қажет?

  • Шәйнекті басқа ыдыстармен ауыстыруға болады ма?(кастрюлмен немесе стақанмен т.б).
  • Шәйнектің жақсы жақтары мен жаман жақтарын айтайықшы.
  • Шәйнек неден жасалған?
  • Шыныдан жасалған шәйнектер болады ма?(қағаздан, матадан, ағаштан, пластмассадан?)
Эстафеталық ойын: «Шәйнекті толтыр».
   Балалар бірнеше топқа бөлінеді. Қашықтықта тұрған шәйнекке стақандағы суды қасықпен тасып шәйнекке құю керек. Әрбір команда өз шәйнектеріне кезекпен су құяды, қай команда бірінші болып шәйнекті толтырса сол команда жеңімпаз болып табылады. 
 Шәйнекті талқылау
Т: - балалар, егер шәйнек болмаса не болар еді? 
<>------

Әр бала өз тарапынан жауап беріп отырады.

Балалар өз ойларын айтады

   Ойынды қызығушылық танытып, жарысып ойнайды.

Өз ойларын білдіреді.

Ұстайтын құлағы, шүмегі, қабырғасы.

 Шүмегінен шәй құю үшін. Шүмегі болмаса дұрыс құйылмайды, төгіліп күйіп қалуымыз мүмкін.

   Егер үш шүмегі болса онда ол шәйнекті кісілер келгенде қолданса тиімді болады. Өйткені анамыз асығып жатқанда тез үлгеретін болады.

Қорытынды бөлімі

 

Қорытынды:

 Қуыршаққа шәй беріп, шәйнектің бізге өте қажет екенін және шәйнексіз шәй іше алмайтындығымызды түсіндіру.

Қ: - ой, балалар, мен шәй ішіп жылынып қалдым, сендерге көп рақмет. Бірақ ыстық шәйнекті ұстағанда абай болыңдар, күйіп қалуларың мүмкін.

 

 

  Балалар қуыршақпен бірге шәй ішеді.

 

Күтілетін нәтиже: шәйнектің жақсы және жаман жақтарын ажыратып, оның қандай бөліктерден тұратынын .

№13     ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: Заттардың ішкі жүйесі: нысан «Көлік»

Мақсаты:Көліктер туралы білімдерін толықтырып,балаларды көлік түрлерін жүйелі түрде елестете білуге, объектіні талдай білуге және жол ережелерін сақай білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекілік: жүк көлігі, ойыншық немесе әртүрлі көліктер, қағаздан жасалған бағдаршам.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: көлік түрлерімен таныстыру.

Билингвальды компонент:көлік – машина, жүк көлігі – грузовая машина.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

   Қуыршақ топқа жүк көлігімен келеді (балаларға тез жету үшін).

Т: -сәлеметсің бе, қуыршақ! Сен бізге немен келгенсің?

Қ: - мен балаларға тез жету үшін көлікке мініп келдім.

 

Балаларқуыршақты көріп шеңберге жиналып, қуыршақтың көлігін тамашалайды.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Т:Балалардан мына сұрақтарға жауап берулерін сұрайды.

  • Көлік не үшін қажет?
  • Көліктің жақсы жағы қандай, жаман жағы қандай?
  • Көлік қандай компоненттерден (бөліктерден) тұрады?
  • Әрбір бөлшек не үшін қажет?

Жүретін көлік пен ойыншық көліктің қандай айырмашылығы (ерекшелігі) бар?

Қимылды ойын: «Бағдаршам»

 Тәрбиеші балаларға өздерін көліктерге айналуды ұсынады.

  Балалар сендер көлік болып жүресіңдер. Жолда жүру барысында бағдаршамға назар аударуларың қажет.

Т: балаларға жүруге белгі беру немесе бағдаршамның түстері арқылы көрсетуге де болады.

   Ойын барысында балаларды шатастыру үшін бағдаршамның түстерін араластырып көрсетіп отыру. (балалар жанған белгіге қарап отырып ережені сақтауға дағдылануы тиіс).

  Әңгімелесу. «Қандай көлік түрлерін білесің?»

Балалардан тағы да қандай көлік түрлері болатынын сұрау.

Ол көліктер несімен ерекшеленеді? Барлық көліктер бірдей бола алады ма? Неге бірдей бола алмайды? Олардың айырмашылығы қандай?

Балалар тәрбиешінің берген сұрақтарына жауап беріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Балалар «Бағдаршам» ойынын қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

 

өрт, «жедел жәрдем», «сүт», «нанды», «полиция»

Қорытынды бөлімі

 

 Талқылау барысында, машиналардың немесе тиісті ойыншықтардың түрлі суреттерін пайдалану.

 

 

Балалар әртүрлі көліктерді қолданып өздері  рөлдерге бөлініп ойнайды. 

Күтілетін нәтиже: көлік түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызмет түрлерін меңгереді. Көліктің жақсы-жаман жақтарын ажырата біледі.

 

 

 

 

№14     ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Конструктор»

Мақсаты:балаларды жұмбақ құрастыра білуге дағдыландыру; елестете білуді дамыту.

Қолданылатын көрнекілік: ойыншық құралдар

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: әртүрлі суреттерді қолданып, неден, қандай материалдан жасалғаны жайлы әңгімелесу.

Билингвальды компонент:құрастыру конструктор, жинау собирать, ажырату разбирать.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

 Қонаққа ойыншық келіп, балаларға айтады:

О:- Кеше маған конструктор сыйлады. Сондай қызықты ойын, қандай ойыншықты қалайсың соны құрастырып ала бересің. Ал, сендердің топтарыңда конструктор жоқ, қызық емес.

Т: - неге қызық емес? Бізде конструктор өте көп. Біздің топ тек конструктордан ғана тұрады десе де болады.

О:- қалай сонда?

Т:-  тек қана конструктор емес осы жердегінің бәрі құрастырудың бөлшектерінен тұрады. Мысалы: үстел қандай бөлшектерден тұрады?

О:- 4 аяғы, отыратын бөлігі және арқасы.

Т:- өте дұрыс айтасың. Олардың аяқтарын арқасын ажыратып тастасаң, тек бөліктер ғана болады. Содан соң оны қайта құрастыруға болады.

О:- ой, дұрыс айтасыз! Тағы не бар?

Т: бірнеше затты атап, балаларға әртүрлі заттарды немесе сурет таратылады.

Мысалы: үй, пирамида, қуыршақтың кроваты, ойыншық телефон, фломастер, портфель.

  Соңында балалардан бұл заттардың конструктордан қандай айырмашылығы барын сұрау.

 

 

Балалар қуыршақпен амандасып, өздерінің конструкторларын көрсетеді.

 

 

 

   Тәрбиеші мен ойыншықтың диалогын мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Берілген заттардың конструктордан айырмашылығын әр бала өз білгенінше жауап береді.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Дидактикалық ойын: «Кім көп біледі?»

  Балаларды екі командаға бөліп,әртүрлі заттарды көрсетіп отыру. Қай команда көп жауап береді сол команда жеңімпаз болады. (эстафета түрінде өткізуге де болады немесе доппен де өткізуге болады).

 Жұмбақ шешеміз.

Т: қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын тауып көріңдер. «Екі доңғалақ, рөл және педаль» бұл не?

О:жұмбақта тек бөліктері ғана айтылады ма? Ендеше ол «Велосипед!»

Т:тағы да жасырамын: «4 аяқты және арқасы» бұл не?

Б:тәбіретке

Т:дұрыс.

О:Көзілдірік туралы жұмбақ құрастырыңызшы.

Т:Жақсы. Көзілдірік қандай бөліктерден тұрады?

О:Олай қызық емес, ондай жұмбақтың жауабын тез тауып алуға болады.

Т:Ойыншық, асықпа! Біз әлі балалардан көзілдіріктің бөліктері неге ұқсайтыны туралы айтқан жоқпыз ғой.

Т:Ал, енді жұмбақ дайын: «екі аяқта екі көл»

О: міне енді мына жұмбақ жақсырақ. Жұмбақ жасыру үшін әр заттың бөліктері неге ұқсайтынын жасырып айту керек екен ғой.

Т:Өте дұрыс айтасың!

  Балаларға өздерінің жұмбақты жасуруларын сұрау. (балаларды топқа бөлуге де болад)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Балалар тәрбиешінің жасырған жұмбағын мұқият тыңдап отырып шешімін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Балалардың өздері жұмбақтар құрастырады.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

    Ойыншық балалармен қоштасар алдында өзінің ойын білдіреді. «Айналамыздағы заттардың барлығы әртүрлі бөліктерден тұрады. Олардың барлығы конструктор болып табылады екен».

Т:балаларға ойыншықтың айтқанын ойланып, келесі сабақта әңгімелейтінімізді ескерту.

 

 

 

Күтілетін нәтиже: айналасындағы заттардың барлығы құрастырылып және олардың қандай бөліктерден тұратынын білді. 

 

 

 

 

№15      ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Үйшік»

Мақсаты:баланың ойлау қабілетін арттырып,ортақ белгілерін салыстыра білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекілік: суретті карточкалар, қағаз, сия.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: «Теремок» ертегісін оқып  беру,оны өзгертілген түрінде ұсыну.

Билингвальды компонент:үйшік теремок

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  Топқа Ойыншық келіп, балаларға «Үйшік» ертегісін естеріне түсіріп, «Үйшік» ойынын ойнағысы келетінін айтады.

 

  Балалар «Үйшік» ертегісін естеріне түсіреді. Ойнауға келіседі.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. «Үйшік» ойыны.

Ойынның барысы:әр бала бір-бір суреттен алады және өзіне тиген затты ойнайды.Тәрбиеші бір баланы үйшіктің  иесі етіп алады немесе Ойыншықты үй иесі етіп қояды. Ал, қалған балалар үйшікке  кезекпен келіп, келесі диалогты жүргізеді.

- Тук,тук, бұл үйшікте кім тұрады?

- мен, (өзін атайды,мысалы: гитара).

- Ал сен кімсің?

- мен – (өзін атайды,мысалы: алма).

- Мені үйшікке  кіргізесің  бе?

- егер сен маған екеуміздің ұқсас жерімізді тауып айтсаң, мен сені үйшігіме кіргіземін. (Қонақ екі суретке қарап, айырмашылығын анықтап, айтуы керек).Мысалы: гитара мен алмада - таяқша бар.

Осы ретпен ойын одан әрі жалғаса береді.

  Екінші рет қайталап ойнағанда балалар суреттерімен ауысып ойнауына болады.

  1. «Сахналау» ойыны.

   Тәрбиеші бір затты атайды немесе суретін көрсетеді, ал, балалар сол затты қимыл-қозғалыспен көрсетуі тиіс. (сыртқы ұқсастығын, қимылын немесе қандай дауыс шығаратынын т.б.).

   Тәрбиеші тапсырманы қалай көрсету керек немесе салу керектігін көрсетпейді, балалар өздері жасайды. Жақсы көрсеткен баланы атап отыру керек.

  1. «Дақтар» жаттығу.

  Ойыншық балаларға қағаз бетіндегі үлкен дақты көрсетеді және оның неге ұқсайтынын сұрайды. Ол дақты жан-жаққа аударып қарауға болады.

   Содан соң тәрбиеші балаларға өздері сондай дақты істеуге ұсыныс жасайды: қағазды екіге бүктеп ортасын ашып, бір жағына гуашты тамызып, қағаздың екінші жағын беттестіріп жабады. Дақ қағаздың екінші бетіне түседі.

   Қағаз бетіне түскен дақты аяқтап суретін салу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Балалар өздеріне тиесілі суреттерге қарап алып, үйшікке барғанда Үйшіктегі затпен өзін салыстырып, ұқсастықтарын атайды.

 

 

 

 

 

   Бір-бірінің суреттерімен ауысады.

 

 

 

 

 

  Көрген затты қимыл-қозғалыспен немесе ыммен, дауыс ырғағымен түсіндіріп, көрсетіп отырады.

 

 

 

 

 

   Қағаз бетіндегі дақтың неге ұқсайтынын елестетіп, болжамдар айтады.

 

   Өздері де сондай дақты қағаз бетіне түсіреді.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

  Дақтардан салынған суреттерден көрме ұйымдастырып, олардың неге ұқсап тұрғандарын балалармен бірге ажыратып әңгімелеу. 

 

   Әр бала өз жұмыстарын көрмеге орналастырып, олардың неге ұқсап тұрғандарын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: заттарды бір-бірімен салыстырып, олардың

айырмашылықтарын, ұқсастықтарын ажырата білу.

 

 

 

№16   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Кішкентай адамдар»

Мақсаты: балаларды «Кішкентай адамдар» әдісімен таныстыру. Балалардың қатты заттарды елестете отырып, қимылмен көрсете білулерін және салыстыра отырып қызығушылық танытуға дағдыландыру. Жағдаятты талдауға үйрету.

Қолданылатын көрнекілік: доп, резеңке

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:кішкентай адамдар маленькие человечки

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. «Қандай зат бөлшектерге бөлінбейді?»

 Балаларға өткен сабақта ойыншықтың айтқан сөздерін естеріне түсіру. «Барлық зат бөлшектерден тұрады».  Балалардан кірпіштің неден жасалғанын сұрау. (қағаз, сабын, тас).

   Балалардың болжамды жауаптарын тыңдау: «Кірпіш кішкентай ұсақ кірпіштерден құралады», «Сабын ұсақ сабындардан құралады» т.б.

  Балалардың жалпы жауаптарын тыңдап, бұл «кішкентай бөлшектер» олар «молекулалар» деп аталады. Жаңағы айтылған кірпіш, сабын, су, қағаздар малекулалардан тұрады.

   Малекуланың не екенін сендер мектепте оқығанда білетін боласыңдар. Ал оған дейін біз оларды «кішкентай адамдар» деп атайық. Барлық заттар әртүрлі адамдардан тұрады. Үй, көлік, үстел – бұлар әртүрлі заттар, бір-біріне ұқсамайтын қатты заттар, бірақ «кішкентай адамдар» бір-біріне ұқсайды. Қатты заттардың «адамдары» бір-бірінің қолдарын қатты ұстап тұрады.

 

Балалар кірпіштің неден жасалғанын айтады.

 

 

 

Тәрбиешінің «Кішкентай адамдар» туралы айтып жатқанын мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

2.Дидактикалық ойын: «Қатты затты ата!» ойын доптың көмегімен ойналады. Доп кімнің қолына түссе сол бала қатты заттарды атайды. Кім қателессе немесе айтылған затты қайталаса ойыннан шығады.

3. Көрініс «Кішкентай адамдар»

  Балаларға «кішкентай адамдар» болуды ұсынып, сымға, ағаш діңіне және сіріңкеге ұқсап тұруларын өтіну.

  Аталған заттарға анализ жасау: неге сымды майыстырамыз,(өйткені сым жұмсақ)  ал ағаш діңін майыстыра алмаймыз?(өйткені ол қатты) Неге сіріңке майыспайды, сынып қалады?(өйткені ол жіңішке және ағаштан жасалған)

   Резеңкені созып көрсетіп, неге ол созылатынын сұрау? Тартылып тұрған резеңкені жіберіп қалса не болады?

 

 Балалар қатты заттарды ажыратып білетіндерін көрсетіп қатты заттарды атап отырады.

 

  Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап бір сызық бойында тұады.

 

    Балалар өз ойларын білдіреді.

 

  Резеңкені жіберіп қалса қолымызға қатты тиіп ауыртатынын біледі.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

Қоршаған ортадағы заттардың барлығын модельдеуге (икемдеуге) болатынын айтып түсіндіру.

 

  Өздеріне таныс заттарды атап оларды моделдиді.

 

Күтілетін нәтиже: айналасындағы заттардың барлығында «кішкентай адамдар» яғни «молекулалардан» тұратынын білді.

 

№17    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Қатты және сұйық адамдар»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту; сұйық заттарды елестете алуларын бекіту; берілген заттарды салыстыра отырып қорытындылай білуге үйрету. 

Қолданылатын көрнекілік: қағаздан жасалған қорапша, суы бар стақан, кубиктер.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:қаттытвердое, сұйық жидкое.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

Қонаққа қуыршақ келіп:

-Кеше жексенбі күні мен Қар Ханшайымының туған күнінде болдым. Солтүстік өңір сондай әдімі екен. Айналаның барлығы жылтырап құлпырып тұрады екен. Әсіресе маған өте жұқа, түсі мұз сияқты ыдыс ұнады. Қар Ханшайымы маған естелік ретінде бір кесесін сыйлады. Мен оны қорапшаның ішіне сынып қалмас үшін салып қойдым. Мен ол сыйлықты сендерге көрсетуге әкелдім. Қазір көрсетем...

 

 

Балалар қуыршақпен амандасып, оның Қар Ханшайымынан алған сыйлығын естіп, оны тез көруге асығып отырады.

 

 

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. «Жағдаятты шешу»

   Қуыршақ қорапшаны ашса ішінде ештеңе де жоқ, түбі суланып жатыр екен.

  • Ой, ол қайда кетті? Қайда жоғалып

кетуі мүмкін?

  Әңгіменің барысында Қар Ханшайымының берген кесесі мұздан жасалғанын түсінеді. Оның мұздан жасалғанын жылы жерге келгенде еріп кеткенін түсінеді.

 

2.Қатты және сұйық затты салыстыру.

   Мұз. Балалар мұз да сиқырлы екен. Ол өте қатты зат, оның ішіндегі «адамдар» қолдарынан қатты ұсталып тұр екен. Жылы болған уақытта олар қолдарын жіберіп, салбырап, сұйық суға айналады. Сумен не істеуге болады? Ал, мұзбен не істеуге болады? (стақанға су, және мұз салып қою) балардың жауаптарын тыңдау. 

Ал, егер суды шүберекті қалтаға құйсақ ол ағып кетеді, ал, мұзды салсақ не болады?

 

3. «Қатып қал» ойыны

Балалар топтың ішінде еркін жүреді. Тәрбиеші белгі берген уақытта (сылдырмақпен), балалар жүрген жерінде қатып қалады. Қайта белгі берген уақытта еріп, еркін жүреді. Ойын осылай жалғасады.

 

  1. «Жағдаятты модельдеу»

Тәрбиеші балаларға «Сүмелек мұздың» көрінісін көрсетулерін сұрайды.

  • Күннің көзі жылуын көбірек берген уақытта не болады?
  • Сүмелек мұздар ерігенде қандай күйге айналады?

 

 

 

   Қуыршаққа ол кесенің еріп кеткенін айтады. Өйткені қорапшаның түбі суланып тұрғанын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

   Балалар қатты заттарды ажыратып білетіндерін көрсетіп қатты заттарды атап отырады.

  Сумен не істеуге болатынын айтады.

 

 

 

 

 

  Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап бір сызық бойында тұады. 

 

 

 

 

 

  Қимылмен көрсетеді.

 

  Барлығы еріп кетеді.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

Балалар, осы адамдар жерде емес суда жүруі мүмкін бе?

    (балалардың жауаптарын тыңдау)

 

Әр бала өз ойларын айтады.

 

Күтілетін нәтиже: айналасындағыберілген заттарды салыстыра отырып қорытындылай білуге үйрену.

 

 

 

№18      ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Газ тәрізді адамдар»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін нығайту; газ тектес заттарды балалардың танымдық қасиетінеұғындыру; қиялын дамытып, «кішкентай адамдарға» айналып, көрсете білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекілік: «кішкентай адамдар» карточкалары

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:газгаз, газ тәріздес адамдаргазообразное человечки.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. «Жағдаятты талдау»

     Қонаққа қуыршақ келіп:

-Кеше көшеде келе жатқанымда «қатты адамдардың» бар екені есіме түсті, олар бір-бірінің қолдарынан ұстайды, және «сұйық адамдар» бар, олар бір-бірінің қолдарынан ұстамайды. Олар жай ғана жүреді немесе тұрады. Бір кезде қарасам алдымда қақпа тұр– біресе ашылады, біресе жабылады. Жақындап келіп қарасам ешкім жоқ. Ал қақпа болса ашылып-жабылып тұр. Сонда қақпаны кім ашып-жауып тұрған?

  (балалардың жауаптарын тыңдап, соңында ол қақпа желдің күшімен ашылып-жабылып тұрғанын анықтау.

 

 

 

 

 

Балалар қуыршақпен амандасып, оның көрген жағдайын тыңдап, өз ойларын айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

2. «Газ тәріздес адамдар» жайлы әңгімелесу.

Үлгі сұрақтар:

  • Жел дегеніміз не?
  • Желді көре аламыз ба?
  • Адамдар ауа райы жел екенін қандай белгілер арқылы біле алады?
  • Жел қандай –қатты ма әлде сұйық па?

Жел бұл ауаның күшті қадамы. Ауа «газ тәріздес адамдардан» тұрады. Бұл «адамдар» өте жылжымалы, олар қайда барғысы келеді, яғни жан-жаққа жүгіріп отырады. Егер алақанымызды ашып үрлесек «газ тәріздес адамдарды» сезіне аламыз.

   Кейбір «газ тәріздес адамдарды» су қайнап жатқанда көруге болады. Олар буға айналады. (шәйнекті қайнатып көрсетуге болады).

 

3. «Кішкентай адамдар» ойыны

 Тәрбиеші «қатты», «сұйық», «газ тәріздес» деген сөздерді айтқанда, балалар сол тәріздес адамдарға айналып отырулары қажет. Қолдарынан ұстау керек пе әлде, бос жүру керек пе, немесе топтың ішінде жүгіру керек пе екенін ажыратып, ойынды ойнайды.

4.«Кішкентай адамдар» карточкалар мен жұмыс.

  Карточкалар жиынтығын дайындап, кішкентай адамдардың қайсысы: қатты – қолдарынан ұстау, сұйық – қолдарын белдікте ұстау, газ тәріздес – жүгіреді.

  Тәрбиеші балаларға түрлі суреттерді таратып, берілген суреттерді «кішкентай адамдар» тәріздес болып көрсетулерін сұрау.

 

 

 

 

 

 

 

 

   Балалар берілген сұрақтарға жауап айтады.

 

 

 

 

 

 

 

  Берілген ақпаратты мұқият тыңдап, алақандарын ашып, үрлейді.

    Балалар өз ойларын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

    Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

 

   Берілген суретерді қарап, олардың қатты, сұйық, газ тәріздес екендігін көрсетеді.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

    Балалар, мінекей кез келген заттарда  «кішкентай адамдар» өмір сүреді екен

    (балалардың жауаптарын тыңдау)

 

   Әр бала өз ойларын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: айналасындағы берілген заттарды «кішкенай адамдар» сияқты модельдеп көрсете білу.

 

 

 

№19   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Түрлі-түсті адамдар»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін күшейту; ой-қиялын дамыту; заттардың әртүрлі қасиеттерін түсіндіру.

Қолданылатын көрнекілік: мөлдір түсті дөңгелек, бояу, қылқалам

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: балаларға бояумен және қылқаламмен қалай жұмыс жасау керек екенін көрсету.

Билингвальды компонент:түрлі түсті– цветные, түрлі түсті адамдар–цветные человечки.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. «Жағдаятты талдау»

Қуыршақ сабаққа көңілсіз болып келеді. Балалар мен тәрбиеші оған не болып қалды екен деп уайымдайды. «Не болды?» деп сұрайды.

О: - менің сурет салғым келді. Сол суретімді сендерге әкелмекші болғанмын, бірақ менен ештеңе де шықпады. Менің бояуым мен қылқаламдарым өте жақсы әрі жап-жаңа. Не болғанын білмейм ештеңе сала алмадым.

   Соңында балалардың жауаптарын тыңдап, Қуыршақтың қылқаламды суға салып бояуды араластырмағаны белгілі болады.

Т: «Бояу адамдар» қатты, олар ұйқтап жатыр. Оған су құйып ояту керек. Қылқаламды бояуға салып араластырғанда «қылқалам адамдар» бір-бірінің қолдарынан ұстап, «су адамдарын» қағаз бетіне апарады. Содан соң «бояу адамдар» мен «қылқалам адамдар» бірге ұстасқан уақытта сен қылқаламды тығыз қағаз бетіне жаққанда олар қағаз бетінде қалады.

О:-мен бәрін түсіндім. Енді сурет саламын. (қылқаламды теріс жағынан ұстап бояуға салады)

Т: Сен қылқаламды дұрыс жағынан ұстаған жоқсың.

О: бәрібір емес пе?

Т: қылқаламның бір жағы ағаш қатты болады ол жағымен «су адамдары» ұстаспайды, ағып кетеді. Ал екінші жағы үлпілдек қылды. Сол қылға «бояу адамдар» және «су адамдар» ажырамай қағаз бетіне түседі.

 

 

 

Балалар қуыршақпен амандасып, оның суреті неге дұрыс болмағанын анықтап, әр бала өз ойларын айтады

Қуыршақтың қылқаламды теріс ұстағанын көріп, қалай ұстау керектігін көрсетеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

2. «Сиқяырлы жол»  жаттығу.

О: - рақмет, енді мен бәрін түсіндім, «сиқырлы жолдың» суретін саламын. (қуыршақ түрлі бояулармен төртбұрышты жолдарды салады).

Т: - қандай әдемі жолдар. Неге оны «Сиқырлы жол» дедің?

О: - өйткені оның үстімен жүргенде түстері өзгеріп отырады. Қараңыз: мынау дөңгелек – ол басында ақ болды, содан соң қызыл, жасыл, сары болады. (мөлдір түсті дөңгелек).

Т: - мүмкін бұл дөңгелек басқа заттарға да айналатын шығар?

О: - әрине, егер ол ақ түсті дөңгелектің үстіне қойсаң – одуванчик болады, ол дөңгелек және ақ түсті ғой. Ал, қызыл түсте – шие немесе қызанақ болады. Ал сары түсте - ....

Т: - тоқта, мүмкін балалар айтып көрер?

3. «Түрлі-түсті бағдаршам» ойыны

Ойын шарты: тәрбиеші кез келген түсті атайды. Балалар кімнің үстінде сол түстер бар, соларды барып ұстайды. Ал, кімнің үстінде сол түс жоқ болса, қалған балалармен қосылып ұстауына болады. Ұсталып қалмауы тиіс.

4.«Сиқырлы жол» жаттығуы (жалғасы)

Т: - сенің түрлі-түсті жолыңда «кішкентай адамдардың» жүргенін қалайсың ба?

О: - әрине, болады.

Т:- «қатты адамдар» бірінші болады. Ақ және қатты – бұл не болады?

Б:- бор, қабырға, тіс...

  Ойын басқа түсті бояулармен ойнатылады. Бояулардың «саяхатын» және «сұйық және газ тәріздес адамдары» аяқталады. 

 Балалар қуыршақтың сиқырлы жолын тамашалап, оны неге «сиқырлы жол» екенін тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Балалар берілген сұрақтарға жауап айтады.

 

 

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

    Балалар, мінекей кез келген заттарда  «кішкентай адамдар» өмір сүреді екен. Жаңа сендер қара түсті бояуды қолдандыңдар. Қалай ойлайсыңдар «Қара газ тәріздес адамдар» не бола алады? (түтін).

    (балалардың жауаптарын тыңдау)

  Қорытындылау барысында қара түтіннің жақсы-жаман жақтарын ажырату.

  Соңында балалардың ойын тыңдап болған соң «әрқашан аспанымыз ашық, әрі таза болсын» деп тілейміз.

 

 

 

 

 Әр бала өз ойларын айтады. 

 

 

  Аспанымызда ешқандай қара түтін болмасын, таза болсын!

 

Күтілетін нәтиже: айналасындағы берілген заттардың барлығында «кішкенай адамдардың» бар екенін түсіну.

№20ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Кішкентай адамдарды модельдеу бойынша қорытынды оқу қызметі»

Мақсаты: балалардың танымдық белсенділігін арттыру; салыстыру және толықтыру қабілетін дамыту; физикалық процестерді модельдеу қабілетін қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекілік: «қара қорапша», сабын, түтікше, көпіршіктер мен стақандар, «кішкентай адамдар» суреттері бар қима қағаздар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:қара қорапша – чёрный яшик, көпіршіктер –мыльные пузыри.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық

 

Қолында «қара қорапшасы» бар қуыршақ қонаққа келіп, балаларға қорапшаның ішінде не бар екенін табуларын сұрайды.

Шешімі: Сабын.

Әңгімелесу

 Сабын не үшін қажет және онымен не істеуге болады?

 

Балалар қуыршақпен амандасып, оның қолындағы қорапшаның ішінде не бар екенін табады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

2. Сабынды көпіршіктер жайлы әңгімелесу.

О: бүгін сендермен бірге сабын көпіршіктерін ұшыратын боламыз.

Т:жақсы, бірақ алдымен оның олардың қалай пайда болатынын түсініп алайық. Сабын қатты зат емес пе? Ал, көпіршіктер қандай?

Т: көпіршіктің ішіндегі ауа қайдан пайда болады?

О: оны өзіміз үрлейміз ғой?

Т: сабын «қатты адамдардан» тұрады. Бірақ олар жуынғанды өте жақсы көреді. Олар судың қасында болған уақытта қолдарын жіберіп, жүзе бастағанда шашырайды. Сөйтіп көпіршіктер пайда болады. Егер біз көпіршіктерді ұшырғымыз келсе, онда түтікшеге аз ғана бір тамшы су аламыз да, оны үрлейміз. Біз үрлеген уақытта «кішкентай адамдардың» қолдары жан-жаққа созылып, ішіне «газ тәріздес адамдарды» жібереді.

О: неге көпіршіктер тез жарылып қалады?

Т: өйткені «кішкентай адамдардың» қолдары тайғақ, дымқыл болып бір-бірінің қолдарын көп уақыт ұстап тұра алмай жіберіп қалады.

О: ал, көпіршік жарылып қалғанда неге орнында тамшы су қалады?

3.Практикалық жұмыс.

О: көпіршіктерді өзіміз үрлеп көрейікші.

Т: Әрине!

Балалар түтікшелер мен көпіршіктері бар стақанды алады. (жарыс ұйымдастыруға да болады). Кімнің көпіршігі ең үлкен болады, көрейікші немесе кімнің көпіршігі көп уақытқа дейін жарылмай тұрады т.б.

 

 

4.Заттардың қасиеттері жайлы әңг.

О: Қазір мен сендерге тәжірибе көрсетемін. (қолына жартылай суы бар стақан алады) қарап алыңдар стақанда қанша су барын. Текшелерді ішіне тастаймын, қараңдар не болды?

О: Дұрыс, ал, сендер судың неге көтеріліп кеткенін түсіндіре аласыңдар ма?

Т:балалар тек түсіндіріп қана қоймай олар карточкалардан осы тәжірибелерді көрсетіп түсіндіре алады. Бірнеше балаларды атап, оларға карточкаларды таратып, сол процесті модельдеуді ұсыну.

О: егер текшені алып тастасақ не болады?

О: қазір көреміз. Дәл солай екен! Оны қалай түсіндіруге болады?

Т: Қазір саған балалар бәрін көрсетіп түсіндіріп береді.

О: Рақмет, енді бәрі түсінікті.

 

   Балалар қуанады.

 

 

 

 

 

 

  Берілген ақпаратты мұқият тыңдап, түтікшелермен  үрлеп көпіршіктерді шығарады.

 

 

    Балалар өз ойларын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

  Стақандағы суды белгілеп қарап алады.

 

 Су көтеріліп кетті.

 

 

   Карточкадағы заттарды модельдейді.

  Су қайта орнына түседі.

 

  Балалар көрсетіп түсіндіреді.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

    Балаларға бүгін «кішкентай адамдар» жайлы соңғы сабақ екенін айту. Бірақ олармен қоштаспаймыз өйткені «кішкентай адамдар» барлық жерде жүреді. Бізді қоршаған ортаның барлығында болады.

 

   Әр бала өз ойларын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: айналасындағы берілген заттардың барлығында «кішкенай адамдардың» жүретінін түсініп, оларды сипаттай алу.

№21ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Ішкі жүйе функциялары»

Мақсаты: үйдің және бөліктерінің қажеттігі жайлы түсініктерін жүйелеу; бөліктерінің өзара байланысын және анықтап айта білу қабілеттерін жетілдіру; диалектикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекілік:  текшелер

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: әртүрлі көріністегі үйдің суреттерін дайындау.

Билингвальды компонент:текше  - кубик, торай – поросенок, үй саламыз – строем дом.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  Топқа қолында текшелері бар Ойыншық келеді.

О: - Мен «Үш торай» деген  мультфильм көрдім. Енді менде текшелерден үй салып аламын. Міне, былай. (есігі, әйнектері жоқ тек қабырғалары бар үй тұрғызады)

 

 

Балалар Ойыншықпен амандасып, оның тұрғызған үйлерін тамашалайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Т: - Балалар, ойыншық үйді дұрыс тұрғызды ма?

  • Егер жаңбыр жауса не болады?

О: -ой мен шатырын салуды ұмытып кетіппін. (шатырын қояды)

Т: - Сен үйге шатыр арқылы кіресің бе?

О: - Жооқ, есік керек екен ғой.(есік салады)

Т: - Тағы ойланшы, сенің үйіңе не жетіспейді?

  Үй тұрғызылып болған соң, үйдің не үшін қажеттігін, ол қандай бөліктерден тұратынын, және әр бөлік не үшін қажеттігін балалардан түсіндіріп берулерін сұрайды.

  1. «Үй саламыз» ойыны.

  Балаларды екі топқа бөліп, текшелерден үй тұрғызады. Үйді неғұрлым биігірек тұрғызу керек. (текшенің үстіне текшені қойып отыру). Белгілі уақыттан соң қай топтың үйі биік болғаны анықталады. Сол топтың құрылысшылары жеңіске жетеді.

  1. «Үйдің ішкі жүйе функцияларын анализдеу»

О: - Мен бәрін түсіндім. Менің үйімнің терезесі, есігі, төбесі бар. маған қонаққа келіңдер. Міне менің үйім. (үстел үстіндегі қағазға төртбұрыш сызады – «еден»)

Т: - Сенің үйіңде ештеңе жоқ қой?

О: - Олардың қажеті қанша? Осылай да жақсы. Кең әрі ыңғайлы.

  Талқылауға берілетін үлгі сұрақтар:

-Қабырғасы және едені ғана бар, бірақ ешқандай жиһазы жоқ үй несімен жақсы, несімен жаман?

-Адамдар қайда ұйқтайды?

-Кілемнің үстінде ұйқтау: несімен жақсы, несімен жаман?

-Тамақты қайда әзірлейді және қайда отырып ішеді?

Жерде отырып тамақ ішу: несі жақсы, несі жаман?

-шкаф, орындықтар, теледидар не үшін қажет?

-Ас бөлмесі, каридор, ұйқтайтын бөлме, жуынатын бөлме, дәретхана не үшін қажет, осылардың бәрін бір бөлмеге неге орналастыруға болмайды?

 

 

 

  Балалар берілген сұрақтарға толық жауап беріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Балалар ойынды қызығушылықпен ойнап, үйді құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Үйдің бөліктерінің қажеттілігін айтып, олардың қандай пайдасы бар екенін ажыратып айтады.

 

 

 

 

  Берілген сұрақтарға толық жауап беріп отырады.

 

 

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

  Үй тұрғызу оңай жұмыс емес. Көп білу қажет. Үйдің суретін салу оңай, бірақ оны да әдемі, қызықты етіп салу қажет. Сендерге үйге тапсырма: үйде «Үйдің» суретін салып келіңдер.

 

 

   Әр бала өз ойларын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: балалар үйдің суреті және олардың бөліктерін салу жолын және әр бөліктің қажеттігін түсінді.

№22ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Жүйелі жеделсаты»

Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыта отырып, кейіпкерлердің рөлдерінде ойнай білуге үйрету. Жүйелі саты нысанын модельдеуді  талдай білуді үйрету.

Қолданылатын көрнекілік: балалардың суреттері, жүйелі саты, қалам, саңырауқұлақ, жалау.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:жүйелі саты – системный лифт.

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

 1.Тәрбиеші тақтаға әртүрлі салынған үйлерді іледі.

Т: -Қандай әдемі, әртүрлі қызықты үйлер. Бұл үйлердің бір-бірімен ұқсастықтары, бірдейі бар ма?

 

 

  Балалар үйлердің суреттеріне таңырқап қарайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  Балалар ретімен үйлердің ұқсастықтарын айта бастайды. Тәрбиеші қорытындылап: үйлер бір қабатты.

Т: - Көпқабатты үйлер не үшін қажет? -Бұрын неге бір қабатты үйлер ғана болған?

-Бір қабатты үйдің несі жақсы несімен жаман?

-Ал көп қабатты үйлер несімен жақсы?

-Балалар қандай үйде тұрады?

-Сендер қандай үйде тұрғыларың келеді?

-Көпқабатты үйге неліктен саты қажет?

-Сатының жақсы жағы мен жаман жағын айтайықшы.

-Неліктен балаларға жалғыз сатымен көтерілуге болмайды?

- Жоғарғы қабатқа тез көтерілу үшін не істеу қажет?

Өздігімен сатыға кіруге болмайды, неге?

  1. «Жеделсатыдағы  аң» ойыны:

Т: - балалар, біз сендермен қазір «Күн мен түн» деген ойын ойнаймыз. Сендер аңдар боласыңдар. «Түн» деген уақытта аңдар сатымен жоғары көтеріледі, секіреді. «Күн» дегенде отыра қалып, мынадай сөздерді айтасыңдар «Үлкендерсіз жеделсатымен жоғары көтерілуге болмайды».

 

  1. «Жүйелі жеделсаты» түсінік

беру.

  Тәрбиеші үйлердің суретін көрсетіп, түсіндіреді. Мынау үш қабатты үй. Мына үш қабатты ерекше үйде адамдар емес әртүрлі заттар тұрады. Екінші қабатта қалам тұрады. Бірінші қабатта бұл заттың әртүрлі бөліктері тұрады.

-Қалам қандай бөліктерден тұрады?

Үшінші қабаттағы бөлмеде осы бөліктер тұруы мүмкін.

-Қайда және қай жерде қалам тұруы мүмкін?

  Сонымен үш қабатта: орын – заттар – бөліктер. Жоғарғы қабатқа тез көтерілуге жеделсаты көмектеседі.

 

 

 

 

 

  Берілген сұрақтарға жауап беріп отырады.

 

 

-көп адамдар тұрады.

-әртүрлі үйде тұрады.

-жоғарғы қабатқа көтерілу үшін керек.

 

-себебі, біз құлап қалуымыз мүмкін.

 

-жеделсатымен көтерілу керек.

 

 

 

 

  Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Балалар үш қабатта тұратын заттардың орындарын атап, олардың бөліктерін ажыратады.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

  Осылайша сабақты қорытындылау барысында «Саңырауқұлақ, жалаушаларды» түсіндіруге болады.

  Бүгінгі сабақта не жайлы айттық?

 

   Әр бала өз ойларын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: жүйелі жеделсаты түсінігін меңгеріп, әртүрлі заттардың орнын, нешінші қабатта екенін, бөліктерін ажыратып біледі.

№23      ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Нысанның ішкі және сыртқы жүйелері»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін күшейтіп, объектіні талдау үшін «жүйелі жеделсаты» моделін пайдалануға үйрету.

Қолданылатын көрнекілік: «жүйелі жеделсаты», ойыншықтар, карточкалар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:піл слон, түймедақ ромашка.

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

Қонаққа Ойыншық келіп:

1.Жағдаятты шешу.

О:- бүгін біз сендермен баспалдақпен жүретін боламыз. Ол үшін сендер мына сұраққа жауап берулерің керек. «Менің Піл деген досым бар. Ол жеделсатысы бар көпқабатты үйде тұрады. Бірақ жеделсатыны қолданған емес, неге?»

Жауабы: ол бірінші қабатта тұрады.

  Балалар ойыншықпен амандасып, берген сұрағына жауап беруге тырысады. (ауыр, сыймайды, сындырып аламын деп қорқады т.б)

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. «Жүйелі жеделсатымен» жұмыс.

Тәрбиеші балаларға үйдің схемасын (үш қабатты) көрсетеді. Пікірлер айтылады.

Т:- біздің жеделсатыны жиі қолданатын боламыз және үш қабаттың барлығына да бару керек. Естеріңе түсіріңдерші, әр қабатта, яғни екінші қабатта және ортасында әртүрлі заттар тұратын еді ғой.

О:- бірінші қабатта – олардың бөліктері тұрады. Ал үшінші қабат олардың тұратын жері.

Т:- көз алдарыңа елестетіп көріңдерші ол үйдің екінші қабатында «түймедақ» тұрады (схемаға түймедақтың суретін орналастыру). Бірінші қабатта не орналасуы керек болады?

Т:- ал, үшінші қабатта не болады, түймедақ қайда болуы мүмкін?

Сол сияқты «торт», «гитара», сөздері қарастырылады.

  1. «Алға-артқа» ойыны.

Балалар бір қатарға тізіліп, көздерін жұмып тұрады. Тәрбиеші қадамдардың санына нұсқап «Алға», «Артқа» деген белгіні беріп отырады. Ойын соңында балалар көздерін ашып қарайды. Бір сызықты қатары қаншалықты бұзылғанын қарастырады. (түзу сызық сақталған ба?)

  1. «Жүйелі жеделсатымен» жұмыс.

Т:- мына тұрғын үйдің адамдарының барлығы серуендеуге шығып кетеді де, содан соң үйлеріне келгенде қайсысы қай қабатта тұратынын ұмытып қалады. Сендер оларға өздерінің үйлеріне қайтуға көмектесіңдерші.

  Алдарына карточкалардың жиынтығын қойып, оларды тәртібімен орналстырғызу: орны –нәрсе – бөлігі (жүйе, ішкі және сыртқы жүйесі).

Карточкалардың үлгі жинақтары:

Жең, көйлек, манжеттер;

Тұмсық, құс, бас;

Ағаш, жапырақ, бұтақ;

Бөлме, үй, көше;

Қабырға, бөлме, түсқағаз.

  Қорытындылау кезінде соңғы екі талдауды (бөлме) балалар олардың жүйе және сырқы жүйеге байланысты басқа объектілермен ауыса беретіндігін айтады. 

 

  Үйдің неше қабат екенін айтады.

 

 

 

 

 

 

  Өткен сабақты естеріне түсіреді.

 

 

Б: - гүлдің бөлшектері: күлтелері, жапырақтары, ортасы, тамыры.

Б: - гүлзарлар, вазадағв гүл, шабындық т.б.

 

 

 

  Балалар тәрбиешінің нұсқауымен қадамдарын бақылап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Карточкаларды тәртібімен орналастырады.

 

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

  Жеделсатыны не үшін қолданады екенбіз?

  Сенің үйің нешінші қабатта орналасқан?

О:- ой, балалар, рақмет сендерге. Менің кетуім керек. Сендерге ертең тағы да жақсы жаңалығыммен келемін.

 

   Әр бала өз ойларын айтады.

 

 

  Ойыншықпен қоштасады. 

 

Күтілетін нәтиже: жүйелі жеделсатымен жұмыс істей алады. Берілген жағдаяттарды шеше біледі. Қолұшын беруге дайын екендерін көрсете білу.

№24      ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Нысанның ішкі және сыртқы жүйелерін жалпылау»

Мақсаты: нысанның ішкі және сыртқы жүйелерін бекіту. «Жүйелі жеделсаты» моделін жұмыс барысында қолдана білуді бекіту.

Қолданылатын көрнекілік: «Жүйелі жеделсаты», картотекалар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: әртүрлі суретті карточкалар дайындау.

Билингвальды компонент:құс птица, крыло қанат, гнездо ұя.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. «Қабатты ата» жаттығуы.

Ойыншық келеді.

О: - маған жеделсатымен жүрген өте ұнап қалды, бүгін тағы да ойнайықшы. Алдымен не қай қабатта тұратынын қайталап алайық.

 

   Балалар Ойыншықпен амандасады. Ойнайтындарына келіседі.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  Содан соң тәрбиеші балаларға «нысан» ойынын ойнауды ұсынады, ал балалар қай қабатта екенін (хормен немесе саусағымен) көрсетіп отырады.

Ойынға арналған үлгі нысандар:

Қапшығы, орын, орындық;

Құйрық, аю, арқа;

Доңғалақ, спица, велосипед;

Әріп, бет, кітап.

  1. «Бірінші, екінші, үшінші» ойыны.

Ойын шарты: тәрбиеші қабаттарды айтқанда, балалар тйісінше жауап беріп отырулары керек: «үшінші» - «қол жоғарыда», «екінші» - «қол екі жаққа созады», «бірінші» - «қол төменде».

  1. Топпен жұмыс.

Әр топқа карточкалар таратылады. Оларды сыртқы нысанды ішкі нысанның қатарына орналастыру қажет. Мысалы: «құстың суреті бейнеленген карточканы екінші қабатқа орналастырады. Қанатын – бірінші қабатқа орналастырады, себебі ол құстың бір бөлігі; ал ұя – үшінші қабатта, себебі құстың орналасатын жері».

  Балалар карточкада жоқ ішкі және сыртқы нысандарды өздері тауып көрсеткіні жөн болады. Мысалы: «құстың тағыда мынадай бөліктері бар: басы, денесі, құйрығы, аяғы...» немесе «құс аспанда ұша алады, орманда, бұтақтарда, үйдің шатырында отырады...»

 

 

 

 

  Балалар нысандарды орындарын тиісінше өз орнымен атап отырады.

 

 

 

  Қолдарының көмегімен тәрбиешіге жауап қайтарады.

 

 

 

  Балалар берілген карточкаларды қарап алып, суреттерде не берілгенін ажыратып, әр нысанның өзіне тиесілі орындарын тауып түсіндіріп береді.

   Карточкада жоқ нысандарды өосып айта алады.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

О: - ой, балалар, мен «жеделсатымен» қалай ойнау керегін өте жақсы түсіндім. Ал, сендер түсіндіңдер ме?

Ендеше менің басым қай қабатта орналасқан? Ал, денем ше? Аяғым қай қабатта?

Т: - біздің балалар енді кез келген заттың қай қабатта тұратынын ажырата біледі. Солай ғой балалар?

О: - жарайсыңдар! Жақсы, енді мен кетейін. Сау болыңдар балалар, ертең тағы да келемін.

 

 

 

   Балалар ойыншықтың дене мүшелері қай қабатта орналасқанын айтып береді. Ойыншықпен қоштасады. 

 

Күтілетін нәтиже: «жүйелі жеделсаты» моделін қолданып кез келген нысанның ішкі және сыртқы жүйелерін тауып, өз орнымен орналастырып түсіндіріп бере алу. 

№25      ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Өткен шақ»

Мақсаты:Әр түрлі объектілердің өткені туралы балалардың ойларын тұжырымдау.

Қолданылатын көрнекілік: доп.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:доп мяч.

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. «Бұрын не болды?»

  Топқа Ойыншық келіп, балалардан ол кім болды, ол қайдан пайда болды? (одан бұрын не болды?) деген сұрақтарды жаудырады.

О: - ал, сендер өздерің жайлы білесіңдер ме, сендер бұрын қандай болғандарыңды? түрлерің қандай болды, қалай сөйледіңдер, не істей алушы едіңдер? Қайдан пайда болдыңдар?

 

 

  Балалар Ойыншықтың берген сұрақтарына әр бала өз ойын айтып, жауап қайтарады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. Сергіту сәті

Балабақша есігін,

Үшке толы ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

  Бұл – екінші үйіміз

  Бір туғанбыз бәріміз.

  Біз – осы үйдің гүліміз,

  Біз – осы үйдің сәніміз.

  1. «Бұрын не болды» доппен ойын.

Ойын шарты: Тәрбиеші әр түрлі заттарды атайды, ал балалар сол заттардың бұрын қандай болғанын, қайдан пайда болғанын атайды.

 Мысал заттар: үй, көйлек, кітап, құс, көлік, алма, сүт, сурет, нан, жаңбыр т.б. Жағдайға қарап шынжырды ұзынырақ жалғастыруды ұсынып отыру.

  Мысалы: нан – бұрын ұн болды, ұн –бидай болды, бидай –тұқым болды...т.с.с.

  Қорытынды: кез келген заттың немесе жанды заттың өткен уақыты болады, яғни оның бұрынғы кезі. Бұрын қандай болғанын көре білуіміз керек.

 

 

 

  Қозғалыс қимылдармен сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

   Балалар допты қағып алып, тәриешінің айтқан затының бұрынғы қтіп кеткен шағын айтады.

 

 

 

  Әр бала өз ойын айтады.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

О:- сонда мен бұрын қандай болдым? Қалай пайда болдым?

Т: - бұрын сен мата болдың, содан соң матадан сені ойластырып тігіп шығарды. Саған көз, ауыз, мұрын салды. Аяғыңды, қолыңды тікті, сөйтіп сен міне Ойыншық болдың.

О: - міне, қызық. Енді мен өзімнің бұрын қандай болғанымды содан соң қалай пайда болғанымды білетін боламын. Рақмет, балалар! Сау болыңдар, барып достарыма да айтып берейін.

 

  Балалар ойыншыққа қарап, оның неден жасалғанын аңғарып, содан соң оның бұрын қандай болғанын айтады.

 

   Ойыншықпен қоштасады.  

 

Күтілетін нәтиже: кез келген объектінің бұрын қанда болғанын ажыратып айтып және оның қалай, қайдан пайда болғанын түсіндіріп бере алу.

№26      ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Адам болашағы»

Мақсаты: уақыт бірлік өлшемін жүйелеу; Болжамдай білу қабілетін қалыптастыру; қазіргі жағдайды талдау тізбегін үйрету.

Қолданылатын көрнекілік:

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:болашақ будущее

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  Топқа Ойыншық келіп айтады: - Мен мультфильм, ертегілерді жақсы көремін. Бәрінен де маған соңы қызықты себебі, оның әрі қарай не болатынын білу үшін. Мен сол туралы ойын да ойлап таптым. Қанекей, ойнайықшы.

 

  Ойыншықтың әңгімесін тыңдайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. «Содан соң» жаттығуы.

 Таңертең сендер ұйқыдан тұрдыңдар – содан соң не болды?

О:- жуындыңдар – содан соң?

Сол сияқты сұрақтар «жатып ұйқтағанға» дейінгі күні бойы болған барлық іс-әрекеттері тұжырымдалады.

  Содан соң қарастырылатын тақырыптар: апта күндері (бүгін сейсенбі, ал ертең қандай күн? Одан кейін?) жыл мезгілдері (қазір көктем мезгілі, содан соң?...) Жасқа байланысты өзгерістер (қазір сендер 4 жастасыңдар, сендер балабақшаға келіп жүрсіңдер, содан соң қандай боласыңдар (үлкен), қазір бойларың кішкентай, содан соң қандай болады? (биік) с.с.т.б.

  1. «Үлкен-кіші» ойыны.

Ойын шарты: ойын ергежейлілер мен алыптар ережелеріне ұқсас заттарды атап айтқанда балалар олардың үлкен-кішісін ажыратып айтып отырады.

  1. «Адам болашағы» әңгімелесу.

Талқыланатын сұрақтар:

  Қазір сендер кішкентайсыңдар, содан соң бір күннің ішінде үлкен болып кеттіңдер, солай болуы мүмкін бе?

   Ал, не болады? Адамның өмірі қалай жалғасатынын айтып беріңдерші (туылады, балабақша баласы, мектеп баласы, үлкен, кәрі, қайтады).

   Адамдармен не болады? (ол қандай?), әр жаста ол немен айналысады?

 

   Ойыншықтың ойлап тапқан ойынын ойнайды. Әр бала өз ойларын айтып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Берілген заттардың үлкен-кішісін ажыратып айтады.

 

   Әр бала мысал ретінде күнделікті өмірде, өзінің отбасындағы жағдайды айтуы мүмкін. Ата-анасы, әпкесі, ағалары, ата-әжелері жайлы айтуы мүмкін.

 

Қорытынды бөлімі

 

 

Қорытындылау.

  Балаларға әрбір баланың алдында әлі ұзын-ұзын өмір барын, алдағы уақытта көптеген жаңалықтар қызықтар болатынын айтып балаларды қызықтырып қою.

Әр бала өз ойларын айтып, алдағы өмірлеріндегі қызықтарды тезірек көргісі келетіндерін айтады.  

  Күтілетін нәтиже:

  Балалар өздерінің күні бойы істеген істерін естеріне түсіріп, содан соң не

боларын болжамдап айта білу.

№27     ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Болашақ субъектілері»

Мақсаты:Болжамдап айта білуді дамыту; вариативті шебер ойлауды қалыптастыру; армандай, қиялдай білу қабілетін дамыту

Қолданылатын көрнекілік: доп.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: әңгімелесу барысында армандай білу жолдарын үйрету.

Билингвальды компонент:армандау мечтать.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. «Содан соң» жаттығуы.

  Топқа Ойыншық келіп, балалармен ойнағысы келетінін айтады.

Т:- ендеше бәріміз бірге «Содан соң» ойынын ойнайық.

 

Балалар ойнауға келіседі.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Тәрбиеші кез келген затты атайды, ал балалар сол затқа алдағы уақытта не болатынын айтады. Балаларға тек бір нұсқасы ғана дамымайды одан да көп немесе басқаша дамуы мүмкін екенін атап айтып кеткен маңызды (гүл – сиыр жеп қоюы мүмкін немесе әдемі бұйымдар жасауы мүмкін, иіс су, сыйлау немесе вазаға салып қоюы мүмкі т.б.). Жаттығуды доптың көмегімен жылдам ойнауға болады. Аталатын заттар: ұн, жұмыртқа, кірпіш, қағаз, апельсин, картоп, қар, ағаш т.б.

  1. «Жеуге жарамды-жарамсыз» ойыны.

  Ойын доппен жүргізіледі. Доп аталған затқа айналып «ұқсайтын» доп болады. Тәрбиеші допты лақтырар алдында жеуге жарамды нәрсені айтып допты сол заттың орнына қойып ойлауды айтады. Егер жеуге жарамды болса бала қағып алып жеген сияқты қимыл жасайды. Жеуге жарамсыз болса қағып алмай итере салады.

  1. «Қиялдау»

  Ойыншық балаларға өзі туралы ертегі ойлап шығаруды ұсынады. Балаларға бас кезінде бір ұсыныс беріледі, содан соң балалар шынжыр бойымен сюжет желісін құрастырып әкетеді.

   Тәрбиеші балаларға сұрақтар беріп отыру арқылы көмектесіп отырады: Содан соң не болды? Содан соң олар кімді көріп қалды? Содан соң қайда кетті? Содан соң олар не істемекші болды? т.с.с.

Ертегіні құрастырып болған соң Тәрбиеші құрастырылған ергегіні толығымен айтып береді.

 

 

    Балалар аталған заттарға алдағы уақытта не болатынын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Балалар тәрбиешінің көмегімен Ойыншық туралы ертегі құрастырады. Ой-қиялдарынан шығарып, жетелеген сұрақтардың көмегімен бір ертегіні шығарады.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

   Ойыншық өзі туралы ертегіні естіп, қуанады. Балаларға рақметін айтады. Соңында балаларға кез келген жансы заттың немесе жанды заттың келешегі, болашағы болатынын түсіндіру. Бірақ ол белгісіз, біз дәл солай болатынын білмейміз оған не болатынын, біз жай ғана болжамдап айтамыз.

 

 

    Балалар Ойыншыққа өзі туралы ертегі құрастырып бергендеріне қуанады. Әр бала өз ойларын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: кез келген заттың болашағы бар екенін, оған алдағы уақытта не болатынын болжамдап қана айтатынымызды түсіну.

№28    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Жүйелі оператор»

Мақсаты: «Бесэкранды» талдау нысан үлгісімен таныстыру. Назар салып тыңдауға үйрету. 

Қолданылатын көрнекілік: «Бесэранды» балмұздақ, кітап.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: берілген сұрақтарды толық тыңдап, дұрыс әрі ьолық жауап беруге үйрету.

Билингвальды компонент:бесэкранды пятиэкранка

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. Жүйелі оператормен таныстыру.

  Топқа ойыншық кіріп келіп, тақтадағы схеманы кө

 

 

 

 

 

 

   Балалар тақтада тұрған схемаға мұқият назар аударып отырады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

О: -бұл не?

Т: - бұл сенің есіңе нені түсіреді, неге ұқсайды?

О: егер бұл жерде бір ғана тіктөртбұрыш болғанда онда ол теледидардың экранына ұқсаушы еді. Ал, былай білмейді екенмін.

Т: - бұл жерде бес экран, бұл сурет «Бесэкранды» деп аталады.

О: - бұл және жеделсатыға ұқсайды, бірақ жеделсатымен тек жоғарыға және төменге ғана жүруге болады. Ал, мында – жан-жаққа.

Т: - дұрыс айтасың, бұл жеделсатымен барлық бағытқа қарай жүре аласың: егер төмен түссең – қандай бөліктерден тұратыныңды біліп аласың; жоғары көтерілсең – тұратын орныңды білесің; артқа қарай жүрсең–өткеніңді білесің; алға қарай жүрсең –болашағыңды білесің.

  Тәрбиеші балаларға Ойыншықты барлық экранмен жүргізіп шығуды ұсынады.

  1. «Жоғары-төмен, алға-артқа» ойыны.

  Балалар шеңбер бойында тұрады. «Жоғары» командасы берілген уақытта балалар қолдарын жоғары көтереді. «Төмен» командасы берілген уақытта қолдарын төмен түсіреді. «Алға» командасы берілген уақытта алға қарай бір адым жасайды. «Артқа» командасы берілген уақытта бір адым артқа жасайды.

   Командаларды кездейсоқ араластырып айтып отыруға да болады.

  1. «Бесэкранға» саяхат.

  Тәрбиеші балаларға өздерінің ең сүйікті, жақсы көретін заттарын көрсетулерін сұрайды: ойыншықтары, балмұздақ, ертегі кітаптары т.б.

 

 

    Балалар да өздерінің неге ұқсататындарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

  Ойыншықты экран арқылы жүргізіп, тәрбиешінің көмегімен талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

 

   Өздерінің жақсы көретін ойыншықтарын көрсетіп, тәрбиешінің көмегімен талдайды.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

О:- балалар, мен сендерге келген сайын күнде бір нәрсе үйреніп кетемін. Білесіңдер ме, мен осы жерден үйренгенімді барып достарыма айтып отырамын. Қазір барып «Бесэкранды» ойынын үйретемін. Ал, ендеше мен кеттім. Сау болыңдар!

 

 

 

 

  Балалар Ойыншыққа «тағыда қонаққа кел» деп шақырды.   Әр бала өз ойларын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: «Бесэкранды» системасымен танысып, кез келген зат туралы айта білуге үйрену

№29   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Жүйелі оператор» жалпылау сабағы

Мақсаты:Объектіні жүйелі талдау қабілетін бекіту; «Бесэкранды» моделін пайдалана білуге үйрету; диалектикалық ойлауды қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекілік: «бесэкранды», қалта, әр түрлі заттар. 

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: «бесэкранды» моделімен жұмыс істеу. Билингвальды компонент:қалтамешок.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. Қайшылықтарды талдау.

Топқа Ойыншық келеді.

О: - өткенде маған «бесэкранда» жүрген қатты ұнап қалды. Бүгін мен сендерге бір қалта ойыншық әкелдім. Оларда жүріп ойнасыншы. 

 

 

 

  Балалар Ойыншықтың қолындағы қалтаны көріп таңданады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Т: - бірақ, олар тым көп қой, ұзаққа созылуы мүмкін. Не істеуге болады?

О: - ендеше жақсы және жаман қасиетке ие болатын ойыншықты жүргізейік. Егер ойыншық тек қана жақсы болса немесе жаман ғана болса онда оны жүргізбейміз.

Т: - жақсы, келістік. Балалар, мына зат жақсы ма әлде жаман ба? Неге олай екенін дәлелдеңдер.

Қолданылатын заттар:бөтелке, кәмпит, тарақ, сағат, сабын т.б.

  Талқылау нәтижесінде барлық заттың ерекше жағдайларына байланысты жақсы немесе жаман жақтары болатыны анықталады.

  1. «Жақсы-жаман» ойыны.

 Егер тәрбиеші «Жақсы» сөзін айтса, балалар шапалақтайды, ал, егер «Жаман» сөзін айтса, онда аяқтарымен топылдатады. «Жақсы-жаман» сөзін айтса – шапалақтайды және топылдатады.  Балаларды шатастыру үшін берілетін командалы сөздерді кездейсоқ айтуға да болады.

 

  1. «Жүйелі оператормен» жұмыс.

О: - бізге қалай болу керек? Барлық заттың жақсы жақтары да, жаман жақтары да бар екен. Сонда біз барлығын жүргізуіміз керек пе?

Т: - біз бәрін де жүргіземіз, бірақ барлық экраннан жүргізбейміз. Біреуі астында жүреді, біреуі үстінде, біреуі өткен шақта, біреуі болашақта жүретін болады.

О: - дұрыс айтасыз, солай істейміз!

  Тәрбиеші заттарды кезегімен ортаңғы экранға орналастырып, балалардың келісімімен оларды жүргізеді.

 

 

  Әр бала не істеуге болатынын айтады.

 

 

 

 

   Көрсетілген заттың жақсы-жаман қасиеттерін айтып, оларды дәлелдеуге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

   Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

   Ортадағы экранда тұрған заттарды әр экранмен жүргізіп, олардың бөліктерін, тұратын орындарын, өтіп кеткен шағын, болашақта не болатынын айтып жүргізеді.

 

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

  Қорытындылай келе барлық заттың жақсы да жаман жақтары бар екенін түсіндіріп, олардың жасалған бөліктерін, орындарын біліп, алдағы уақытта олармен не болатынын осы «бесэкранды» моделімен жүргізіп біліп алуға болатынын айтады.

 

 

 

 

 

   Әр бала өз ойларын білдіреді. 

 

Күтілетін нәтиже:

«Бесэкранды» моделін еркін қолдана білу; кез келген заттың жақсы және жаман жақтарын ажыратып, дәлелдей білу және толық ойын жеткізе білу.

№30   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Жүйелі оператор бойынша ертегі желісін талдау»

Мақсаты: ертегілерді жүйелі талдау қабілетін қалыптастыру; болжамдап талдау қабілетін дамыту; керісінше пайдалану қабілетін үйрету; қиялын дамыту.

Қолданылатын көрнекілік: «Бауырсақ» ертегісі, бауырсақтың суреті немесе ойыншық түрі, «бесэкранды».

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:бауырсақ – колобок,Кірпі – еж.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

   «Бауырсақ» ертегі кітабын артына жасырып Ойыншық келеді.

О: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

О: -сендер қандай ертегіні білесіңдер?

  Балалар ойыншықпен амандасып, өздерінің білетін ертегілерін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. «Қандай ертегіні жасырды?».

О: -менің жасыратын ертегімді тауып көріңдерші. (Ойыншық «Бауырсақ» ертегісін жасырды). Балалар ертегіні жетелеген сұрақтар арқылы тауып алады.

  1. «Жүйелі оператор бойынша ертегі желісін талдау»

О: - осы ертегі кімге ұнайды?

О: - бұл менің ең жақсы көретін ертегім екенін сендер білесіңдер ме? Барлық ертегілер жақсы аяқталады, ал бұл ертегі мұңды аяқталады. Мен «Бауырсақты» аяймын, ол сондай көңілді, жақсы еді, Түлкі болса оны бір-ақ жұтты. Маған соңы ондай болған ұнамайды, мен бұл ертегінің соңын өзім ойлап тапқым келеді. Бауырсақты аман алып қалғым келеді.

Т: - ал, сен балаларға ертегіні қалай құрастыру керек екенін үйрете аласың ба?

О: - әрине!

Т: -алдымен Бауырсақтың алдынан кездесетін кедергілерді есімізге түсірейікші. (Бауырсақтың суретін көрсету).

О: - барлығын есімізге түсіру үшін «Бесэкранды» көмектеседі. (тәрбиеші бауырсақты ортаңғы торкөзге орналастырады).

О: - міне, біздің Бауырсақ терезенің алдында суып тұр.

О: - содан соң Бауырсақ жеделсатымен төмен түсті. Әже оны қандай азық-түліктен пісірді?

О: - енді бауырсақ жоғарыға көтерілді. Ертегінің басында ол қайда болды?

О: - Бауырсақтың бұрынғы кезі? Бұрын ол не болды, қайдан пайда болды?

О: - соң не болды? Балалар әрі қарай не болғанын айтып отырады, Ойыншық жауаптарын толықтырып отырады.

О: - Балалар, былай істейікші, Бауырсақты түлкіге жегізбей тұра тұрайықшы. Ойын ойнап көрейікші Бауырсақ түлкіден де қашып кетті деп ойлайық.

  1. «Түлкі және Бауырсақ» қимылды ойын.

  Ойын шарты: балалар шеңбер бойымен тұрады. Түлкі мен Бауырсақты сайлап алады. Түлкі Бауырсақты қуады, ал Бауырсақ қашады. Балалар бауырсақты шеңбердің ішіне кіргізіп жібергенде, түлкіні сыртында қалдырады. Егер түлкі кіріп үлгерсе онда жеп қояды.  Солай ойын жалғасады.

  1. «Қиялдау»

О: - ойын барысында Бауырсақты түлкі жей алмады. Ал, ертегіде неге бауырсақты түлкі жеп қойды, бауырсақ қандай болды?  (Тәрбиеші балаларға көмектесіп отырады: дәмді, жұмсақ, иісі тәтті шығып тұрды т.б.)

О: - дұрыс, ертегіде Түлкі Бауырсақты жеп қойды, себебі ол өте дәмді болып тұрды. Ал, біз ертегінің керісінше болғанын қалаймыз. Түлкі бауырсақты жемегенін қалаймыз. Мүмкін Бауырсақты да керісінше өзгертіп, дәмсіз, иіссіз етіп қойсақ Түлкі оны жегісі келмей қарамаушы еді, солай емес пе?

Т: - Ойыншық, сен дұрыс айтасың! Ал, Бауырсақ қалай дәмсіз бола алады?

Болжамды жауаптар: үстіне тұз сеуіп алса, құмға аунап алса, саз балшыққа аунап алса т.б.

О: - Бауырсақ өзінің үстінен жаман иіс шығарып жүруіне болушы ма еді?

Әр түрлі жағдайларды қарастырады.

О: - егер Бауырсақ біздің айтқанымыздай істегенде Түлкі оны жеуші ма еді әлде жемейді ме, қалай ойлайсыңдар?

 

   Балалар Ойыншықтың жасырған ертегісін табуға тырысады.

 

 

 

    Ертегінің ұнайтынын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Ертегіде Бауырсақтың алдынан кездесетін кедергілерді атайды.

 

 

 

 

 

 

  Ұннан пісірді.

 

 

  Қаптың ішінде ұн болып жатты. Содан соң әже оны илеп, бауырсақ қылып пісірді. Суытып терезенің алдына әкеліп қойды....

 

 

 

 

 

 

    Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Бауырсақ әдемі, тәтті, дәмді болды.

 

 

 

 

 

 

  Өз ойларын айтады.

 

    Әр бала әр түрлі жауаптарды айтады.

   Жемеуші еді.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

О: - осындай жаңа ертегілер сендерге ұнайды ма?

О: - маған да, ұнайды. Балалар, келесіде Бауырсақ туралы басқа оқиғаларды ойлап шығарайықшы, жарай ма?

  Ал, ендеше сау болыңдар, рақмет сендерге, Бауырсақты құтқаруға көмектескендерің үшін!

 

   Әр бала өз ойларын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: «Бауырсақ» ертегісін керісінше ойластырып, оны құтқаруға әртүрлі оқиғалар ойлап табуға үйрену.

№31   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Ертегілер құрастыру үшін ресурстарды пайдалану»

Мақсаты: жұмбақтар құрастыра білуге үйрету; салыстыру, қиялдау және қорыта білу дағдыларын дамыту; ойлау қабілетін жағдаяттарды шешу барысында іске қоса білу. 

Қолданылатын көрнекілік: Бауырсақтың және Кірпінің суреттері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:ертегі сказка

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

   Қолында Бауырсақтың суреті бар Ойыншық келеді.

О: - менің жұмбағымның жауабын тапсаңдар Бауырсақтың досы кім екенін білетін боласыңдар.

 

 

  Келген Ойыншықпен амандасады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. Жұмбақ құрастыру.

Бұл аң барлығыңа таныс, тышқан аулайды, сүт ішеді. Бірақ мысыққа ұқсамайды. Ол аң – инелі (тікенекті). (Ойыншық кірпінің суретін көрсетеді).

О: - дұрыс. Сендер жұмбақтың ішінен кірпі жайлы нені таптыңдар? Қане, жұмбақты өзіміз құрастырып көрейікші. Кірпі – қандай?

 Кірпіге ұқсайтын тағы не болады? (домалақ, кішкентай, сұр...)?

Жұмбақ құрастырылады: «Тікенек, шырша емес; домалақ, бауырсақ емес; кішкентай, құмырсқа емес; сұр, қасқыр емес».

  Урааа, құттықтаймын, бұл жұмбақты біз сендермен ойлап таптық, бұрын оны ешкім білмеген.

  1. «Тікенекті – тікенекті емес» ойыны.

Ойын шарты: ойын барысында «Тікенек» деген команда берілгенде (немесе Кірпі) балалар саусақтарын жан-жаққа созып көрсетеді. Ал, «Тікенекті емес» (немесе «тегіс», Бауырсақ) дегенде саусақтарын жинап жұдырығын түйеді. Жылдамдықты күшейтіп орындарын ауыстырып айтып отыру.

  1. Ертегі құрастыру.

Үлгілі сұрақтар:

Бауырсақ неге Кірпімен дос? Олар несімен бір-біріне ұқсайды, айырмашылығы қанадй?

      Бір күні Кірпі Бауырсаққа айтады: «Сен де мен сияқты тікенекті болсаң ғой, орманда ешкімнен қорықпайтын болсаң ғой». Ал, Бауырсақ тікенекті бола алады ма?

   Бауырсақ шыршаның астында домалап, үстіне шыршаның инелері жабысып қалады. Ол да кірпі сияқты тікенекті болып, Кірпі екеуі бірге домалай жөнелді. Алдынан қояндар шығып қалып: «Бауырсқпен бәрі амандасқысы келеді» - деді. Ол үстіндегі инелерін қағып түсіріп тастап, қолына секіріп отырды. Ал, Кірпіден бәрі қорқады – инелері кіріп кетуі мүмкін. Ал, оны қалай сипауға болады?

   Қояндармен ойнап болған соң әрі қарай домалай жөнелді. Олардың алдынан әлі қаншама кедергілер шығады. Ал, ата мен әже туралы біз мүлдем ұмытып кеттік. Олардың қарны аш еді ғой, Бауырсақты пісірді, ал, ол болса қашып кетті. Енді оларда жейтін ештеңе де қалған жоқ. Әлде орманнан бірдеңе табуға болады ма?

 

Балалар жұмбақтың жауабын іздеп бірнеше жауаптарды айтады.

Кірпі – инелі, домалақ, кішкентай, сұр түсті.

 

 

 

  Ойыншықпен жұмбақ құрастырады.

 

 

 

 

 

 

   Ойынды шатаспай ойнауға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

   Үлгі сұрақтар жетегінде тәрбиешінің көмегімен Бауырсақ туралы ертегіні құрастырып шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Оны сипай алмаймыз, өйткені үстінің бәрі ине.

 

 

 

   Балалардың жорамал жауаптары.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

  Көрдіңдер ме, балалар, өзіміз де ертегіні басқаша құрастыра біледі екенбіз.

О: - балалар, біз бүгін Бауырсақ туралы өте жақсы ертегі құрастырдық. Жарайсыңдар! Мен енді осы ертегіні барып достарыма айтып берейін, сендерге тағы келемін. Сау болыңдар!

 

 

   Әр бала өз ойларын айтады. 

 

 

   Ойыншықпен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже: балалардың өздері ой қиялынан ертегі құрастырып, ойын жеткізе білу.

 

 

№32   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Басқаша көзқарас»

Мақсаты: балаларды ертегі жанры бойынша сөйлемдер құрастыра білуге үйрету; объектілерді басқа тұрғысынан сипаттауды таныстыру.  

Қолданылатын көрнекілік: «сиқырлы таяқша».

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:сиқырлы таяқша волшебная палочка.

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

   Топқа Ойыншық келіп, балалармен амандасады.

О: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! мен де ертегі құрастырып білемін.

Т: - қош келдің Ойыншық! қандай жақсы болды, әйтпесе балалармен қандай ертегі құрастырсақ екен деп ойланып отыр едік.

 

 

 

 Балалар Ойыншықпен амандасады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. «Ертегі және ертегі емес» әңгімелеу.

О: - Тыңдаңдар. Тауық жұмыртқа тапты, ал, әже жұмыртқадан омлет жасады.

Т: - Бұл қандай ертегі, бұл ертегі емес қой!

О: - жарайды, менде тағы басқасы бар. Ертеде бір қыз болыпты. Бір күні оның әжесі ауырып қалады. Әжесіне ол тоқаш пісіріп апарады – сөйтіп әжесі жазылып кетіпті!

Т: - бұл да ертегі емес!

О: - қалай, ертегі емес?

Т: - қазір саған балалар ертегі мен ертегі емес қандай болатынын түсіндіреді. Ертегіде не болатынын және шын өмірде қалай болатынын айтады.

  1. «Қату-жібу» ойыны.

Т: - және ертегілерде «сиқырлы таяқша» болады. (көрсетеді). Қазір біз ойын ойнап көрейік. Осы сиқырлы таяқ кімге тисе сол сиқырланып қалады. оның сиқырын мен ғана немесе сиқырланбаған бала ғана шеше алады.

  1. «Басқаша көзқарас» қабылдау.

О: - білесіңдер ме, ертегілерде заттар да сөйлесе алады. Сиқырлы таяқшаның көмегімен топтағы заттарды сиқырлап көрейікші. Олардың не туралы сөйлесетінін тыңдайық.

  Тәрбиеші топтағы заттарды сиқырлы таяқпен түртеді, балалар олардың атынан сөйлеп: олардың нені жақсы көретіндерін, оларға не керек екенін, немен дос екенін айтып отырады.

Мысал заттар: гүл, тақта, орындықтар, балалардың бәтеңкелері, ойыншықтар т.б.

 

 

 

 

  Ойыншықтың құрастырған ертегілерін тыңдап отырады.

 

  Ертегі емес екенін айтады.

 

   Ертегінің қиялдан шығатынын және олардың шынайы өмірге қарағанда жеңілірек болатынын тәрбиешінің көмегімен Ойыншыққа түсіндіреді.

 

 

  Ойын барысында сиқырланып қатып қалады.

 

 

 

 

 

 

 

   Ойыншықтар мен заттардың атынан сөйлеп, олардың не туралы ойлайтынын, не тураылы сөйлесетінін айтып отырады.

Қорытынды бөлімі

 

 

 Қорытындылау.

О: - ал, сендер менің не ойлайтынымды айта аласыңдар ма?

Т: - ойыншықты сиқырлы таяқпен түртеді. Ойыншық қатып қалады.

 

 

 

 

    Әр бала ойыншықтың не ойлайтынын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: ертегі жанры бойынша ертегі құрастырып, шынайы өмірден қандай айырмашылығы бар екенін көре білу.

№33  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Жандандыру» (қиялдау)

Мақсаты: «жандандыру» қиялдау әдісімен таныстыру; ойлау қабілетін күшейтіп, қиялдауды дамыту.

Қолданылатын көрнекілік: ертегі кейіпкерлерінің суреттері немесе ойыншық түрлері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: сиқырлы дүрбімен суреттерге қарап картинаны жандандыра білуге үйрету.

Билингвальды компонент:жандандыру оживление

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  Топқа Ойыншық келіп, балалардан:

О: - балалар, бүгін сендер не жайлы әңгімелеспексіңдер? Менің сендерге айтар ештеңем де жоқ.

 

   Балалар Ойыншықпен амандасып, шеңберге жиналады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. «Сиқыршымен танысу».

Т: - бүгін біздің сабағымызда өздерің жақсы білетін, танитын «Сиқыршы» болады. Осы сиқыршының көмегімен қардан Ақшақар қыз пайда болып, оған тіл бітіп сөйлеп кеткен. Және тағы бір ертегінің кейіпкері Буратино сөйлеп қана қоймай ол қамырдан жасалынса да ән айта білген. (суреттерін немесе ойыншық түрін көрсету).

  Қалай ойлайсыңдар мына Сиқыршы не істей алады?

Т: - тағы қандай ертегілерде заттарға жан бітіп, сөйлеп кеткен кейіпкерлерді есімізге түсірейікші.

  1. Жанды белгілерге байланысты жағдаятты диалог.

   Әңгімені бастамас бұрын жанды затпен жансыз заттың айырмашылығын ажыратып алған жөн. Егер балалар заттар айырмашылығының ортақ белгілерін айтып жатса, Ойыншық жансыз заттардың өзіндік дәлелдерін келтіре отырып көрсетеді.

  Мысалы:

Б: - тірі зат, ол қозғалады.

О: -көлікте қозғалады, сонда ол да тірі затқа жатады ма?

Б: - тірі заттар сөйлеседі.

О: - балықтар, гүлдер сөйлеспейді, сонда олар тірі затқа жатпайды ма?т.б.

  Қорыта келгенде балалар мынадай шешімге келеді: тірі заттар қозғалады, сөйлейді, демалады, өседі, көбейеді. Ал, өлі заттар көбеймейді, сөйлемейді, тамақ ішпейді т.б.

  1. Сергіту сәті «Күн мен түн»

«Күн» шығып табиғат, тіршілік жайнады дегенде балалар топтың ішінде еркін жүреді, көбелектер-құстар болып ұшады. «Түн»дегенде қозғалмай бір орында тұрып қалады.

  1. Қиялдау

Т: - балалар, қанекей, өзіміз бір ертегі ойластырып көрейікші, ал Сиқыршы бізге көмектесетін болады. Алдымен бір ертегі құрастыру үшін бізге бір затты қолымызға алуымыз керек.

Т: -бір уақытта бұл зат тіріліп кетті, неге, не үшін?

Т: -егер ол зат тірілген болса, онда ол өсу керек, тамақтану керек, туылу керек, балалы болу керек, қозғалып, сөйлей білу керек. Ол оны қалай істей алады?

   Кейіпкер ретінде алынған зат туралы әңгімелеп қана қоймай, ол туралы «нағыз оқиғалы ертегі» құрастырып, балаларды сөйлету.

Ертегідегі кейіпкерлерді көріп білген, көргендерін айтады.

 

 

 

 

  Барлығын сиқырлап тастайды.

 Білетін кейіпкерлерін айтып отырады.

 

 

 

 

 

   Жанды: адамдар, гүл, жануарларды айтады.

   Жансыз: тас, күн, орындық, үй т.б.

 

 

 Жоқ, ол демалмайды, өспейді жай қозғалады.

 Олар тірі затқа жатады, себебі, олар өседі, көбейеді

 

 

 

 

 

  Ойынды топтың ішінде ұшып-қонып, қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

 

   Тәрбиешімен бірге бір затты ертегі құрастыруға таңдап алады.

 

  Ол үшін бізге Сиқыршы көмектеседі.

   Балалар әр түрлі ертегілер ойластырады. 

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

  Балаларға «Жанды Сиқыршының» суретін салғызып, әр баланың ойлап тапқан «сиқыршылары» не істей алатыны жайлы әңгімелесу.

 

   Әр бала өз ойындағы сиқыршының суретін салып, ойларын айтады. 

 

Күтілетін нәтиже: жанды және жансыз заттарды ажыратып, «Сиқыршының» көмегімен кез келген затты жандандырып ертегі құрастыра білу.

 

 

 

 

№34  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Уақыт Сиқыршысы»

Мақсаты: «Уақыт өзгерісі» әдісі арқылы қиялдай білуге үйрету; жыл мезгілдерінің өзгерістерін жүйелей білу қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекілік: жыл мезгілдерінің суреттері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: әр жыл мезгілінде қандай ерекшеліктер болатыны жайлы суреттен көрсетіп әңгімелеу.

Билингвальды компонент:Уақыт Сиқыршысы Волшебник Времени.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  Топқа Ойыншық асығып, ентігіп кіреді.

Т: - саған не болды, неге ентігіп, ауыр күрсініп тұрсың?

О: - мен қалып қоямын деп тез жүгіріп асығып келдім.

Т: - отыр, деміңді басып ал. Ал, біз балалармен сенің неге асығып, жүгіріп келгеніңді талқылайық. Кеш қалып қою болмайтын ба еді? біз күте тұрушы едік.

 

 

   Балалар Ойыншыққа орындық беріп отырғызады.

Ұйымдастыріздестіру

 

О: - сендер айтушы едіңдер ғой, кеш қалып қойған жаман деп. Мен сондай шаршап қалдым, енді олай асығып жүгірмеймін.

Т: - Жарайды, сен қай нарсені асығып істеу керек, қай нәрсені асықпай істеу керек екенін білесің бе? Мысалы: жолдың үстінен өтіп бара жатқан кезде асығу керек пе, әлде асықпау керек пе?

О: - әрине, асығу керек, жүгіру керек, әйтпесе көлік басып кетуі мүмкін ғой.

Т: - ал, балалар не дейді екен?

Т: - ал, даладан серуеннен келгеннен кейін қалай шешіну керек?

О: - киімдеріміз қыртысталып қалмас үшін асықпай жинап, шкафқа дұрыстап салып қою керек.

Т: - балалар, сендер қалай ойлайсыңдар?

О: - жарайды, балалардың өздері нені асықпай, нені асығып істеу керек екенін айтсын. (қалай жуыну, тамақ ішу, ойыншықтарды жинау, сурет салу, сыпыру, сөйлеу т.б).

  1. «Қиялдану»

Т: - барлық жерге үлгеріп, ешқашан асықпай және кешікпеу үшін «Уақыт Сиқыршысымен» дос болу керек.

О: - ол қандай Сиқыр? Мен ол туралы естіген емеспін.

Т: - ол Сиқыршы уақытты басқара алады. ол уақытты тездете де алады, баяулата алады, керек десең орындарын ауыстырып, тоқтатып та тастайды. Егер уақыт тоқтап қалатын болса барлық нәрсе де тоқтап, ештеңе өспейді, өзгермейді.

   Көптеген ертегілерде уақытты тез өткізіп тастайды, естеріңде ме: «Бала күн сайын емес, сағат сайын өсетіні?» елестетіп көріңдерші, егер сендермен сондай жағдай болды дейік: сендерді таңертең балабақшаға әкеліп тастады, ал, алып кетуге келгенде 10 сағат емес 10 жыл өтіп кеткенде сендерге 5-6 жас емес 15-16 жас болса...

Талқылау: осындай өзгерістерге ата-аналардың реакциясы қандай болар екен? Балалар үйге қандай киіммен кетеді? Үйде олар немен айналысатын болады, себебі олар енді үлкен, ойыншықтармен ойнайтын жастан өтіп кетті? Ертең не істейді екен, қызық балабақшаға келмейді ғой, себебі олар үлкен мектепке де алмайды. не істерлерін білмейді. тез өсіп кеткеннің несі жақсы, несі жаман? Солай болғанын қалайсыңдар ма?

 

  1. Сергіту сәті «Жыл мезгілдері»

  Тәрбиеші қандай жыл мезгілдері бар екенін балардың есіне түсіріп қайталайды. Әр жыл мезгілінің өзгерістері яғни мінездері болады. Балаларға әр жыл мезгілінің мінездерін қандай қимылмен суреттеп көрсетуге болатынын ойлап табуды ұсынады.

Мысалы: қыста суық – «жылынады», көктемде гүлдер шыға бастайды, күзде құстар ұшып кетеді, жаңбыр жауады –«қолшатырдың астына тығылады», жазда ыстық –күнге күюге, шомылуға болады.

  Жыл мезгілдерінің орындарын ауыстырып айтып, балалардың әрекеттерін бақылау.

  1. «Қиялдау» (жалғастыру)

Тәрбиеші балаларға егер, шынымен де жыл мезгілдері тез ауысып отырса: күн сайын таңертең көктем, күндіз жаз, кешке күз, түнде қыс болса. Несімен жақсы және несімен ыңғайсыз болар еді?

   Тек қана балалардың көзқарасымен ғана қарастырмай барлық жағдайларды қарастыру қажет (түнде шанамен сырғанап, күнде киімдерді ауыстыру, жаңа жыл қалай болмақ) әр түрлі жағдайларды қарасыру: өсімдіктермен не болады, құстар, жануарлар, адамдар т.б.?

 

 

  Тезірек өтіп үлгеру керек.

 

  Иә, көлік қағып кетуі мүмкін және бағдаршамға қарау керек.

 

 

 

  Серуеннен келгеннен соң киімдерімізді әдемілеп асықпай жинап саламыз.

   Әр бала өз ойын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Балалар көрген ертегілерін естеріне түсіреді.

 

  Таңғалып, қуанады.

 

 

 

 

 

  Қызық болар еді.

 

  Әр бала өзіне ұнайтын жағын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жыл мезгілдерінің мінезін қимыл қозғалыспен көрсетіп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Далада ойнап жүргенде суық болып кетсе ол жаман. Күнде-күнде киімдерімізді өзімізбен бірге тасып жүруіміз керек болады.

 

 

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

  Балалардан «Уақыт Сиқыршысы» қандай болатынын көз алдарына елестетіп, суретін салып беруді сұрау.

 

   Әр бала өз ойларындағы «Уақыт Сиқыршысының» суретін салады.

 

 

Күтілетін нәтиже: әр мезгілдің өз уақытымен болғаны дұрыс екенін түсініп, уақыттың қаншалықты қажет екенін түсіну

№35  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

 

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Керісінше»

Мақсаты: қарама-қайшылықтарды шешу үшін керісінше қабылдай білу дағдыларымен таныстыру; антонимдерді пайдалану арқылы сөздік қорларын белсендіру; әзіл-оспақты түсіне білуге дамыту.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер дайындау.

Билингвальды компонент:керісінше наоборот.

 

Іс-әрекет

 Кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  Сабақты бастар алдында балаларға бүгінгі күн барлығы «керісінше» болады деп айтып қойған жөн. Мысалы: Ойыншық топқа аяғы жоғарыда, басы төменге қарап кіреді. Және амандасқанда «Сау болыңыз!» дейді.

 

 

  Балалар аң-таң болып отырады.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. «Антонимдер» жаттығуы.

Т: -бүгін бізде барлығы керісінше болады. Алдымен керісінше айта білуге дайындалып алайық.

Мен «алыс» десем, сендер «жақын» дейсіңдер.

Мен «биік» десем, сендер «аласа» дейсіңдер.

Мен «төбе» десем сендер не дейсіңдер?

Мен «жоғалттым» десем, сендер не дейсіңдер?

   Тәрбиеші балаларды екі топқа бөледі: бірінші топ «қандай» деген сұраққа жауап беретін кез келген сөзді айтады, ал, екінші топ антоним сөздерін айту керек.

  1. «Перевертыши» жаттығуы.

 Ойыншық тақпақ айтып береді.

Бір үй адамның жанынан өтіп барады,

Иттің астынан қақпа үріп тұрды.

Жылқы ботқа жеп алды,

Адам сұлы жеп алды.

Жылқы шанаға отырды,

Адам оны сүйреді.

   Балалардың күлгенін көріп, Ойыншық тақпағын тағы бір рет оқып шығады.

О: - сендер неге күлесіңдер? Ендеше маған қалай дұрыс айтуды үйретіңдер.

  Қорытындылау барысында тақпақтың неге күлкілі болғанын және неге олай құрастырылғаны жайында талқыланады.

  Тәрбиеші балаларға өздері қызықты, керісінше және антоним сөздері бар тақпақ құрастырып беруді сұрайды.

 

  1. «Керісінше» сергіту сәті.

  Тәрбиеші кез келген сөзді керісінше айтып отырад. Ал, балалар түсетіп аударып дұрыс айтады. Мысалы: орындықпен балаларға отыру, балалардың үстіне кілем төсеу керек... т.б.

  1. «Керісінше» әдісі арқылы қиялдау.

   Балалардың есіне таныс ертегілерді салып, ондағы кейіпкерлердің орындарын керісінше ауыстырып, жаңадан ертегі құрастыруды ұсыну. Мысалы: «Қайырымды бай мен Шықбермес Алдаркөсе», «зұлым Қызыл телпек пен қайырымды қасқыр», «барлығын жегісі келіп тұратын Аш бауырсақ»... бірнеше ертегілерді атап, соның біреуіне ғана керісінше ертегі құрастыру. 

 

 

  Балалар антоним сөздерді тәрбиешінің көмегімен айтып отырады.

 

 

 

 

  Топ болып жарысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Ойыншықтың оқыған тақпағына балалар күледі. 

 

 

 

 

  Тақпақтың неге күлкілі болғанын айтады.

 

 

 

 

  Күлкілі, керісінше айтылатын тақпақ жолдарын құрастыруға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

   Балалар ертегілерді керісінше айтқанды қызық көріп, бірнеше нұсқаларды айтады.

Қорытынды бөлімі

 

  Қорытындылау.

  Балаларға бүгінгі сабақтан не үйренгенін және не ұнағанын айтып берулерін сұрау. «Керісінше» деген сөзді өздері қалай түсінетіндерін сұрау.

 

 

   Әр бала өз ойларын білдіріп, көпеген мысалдар келтіреді.  

 

Күтілетін нәтиже: антоним сөздерді қолданып, керісінше айту жолдарын үйрену.

№36  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тәрбиеші :

Вариативтік компонент: Триз ойындары

Тақырыбы: «Сурет бойынша әңгімелеу: жұмыстың аналитикалық және синтетикалық түрлері»

Мақсаты: сөйлемдерді құрастыру арқылы сөздік қорын молайту; картинаға қарап сөйлемдер құрастырып, сөздерді бір-бірімен байланыстыра білуге үйрету; сурет желісін бақылау барысында есте сақтау қабілетін дамыту; 

Қолданылатын көрнекілік: жеке элементті суреттер, желілі сурет.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: желілі суреттерге қарап әңгіме құрастыра білуге үйрету.

Билингвальды компонент:әңгіме рассказ, есте сақтау – память.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

  1. Дидактикалық ойын: «Жадты тексеру».

  Тәрбиеші балаларға жеке элементті бір суретті көрсетіп, дұрыстап қарап алып, естеріне сақтап алуды ұсынады. Суретті алып тастайды да, балаларға сурет желісі бойынша сұрақтар беріледі. Мысалы: қуыршақтың суреті берілді. Шашы қандай түсті? Аяғында шұлық па әлде гольф па? Көйлегі қандай болды – көк па жасыл ма (көйлек қызыл болды)? Қалтасы қай жағында тұрды (қалта мүлдем болған жоқ)?т.б.

  Берілген сұрақтардың нешеуіне дұрыс жауап бергендерін атап айтып кеткен жөн.

   Бірнеше суреттерді пайдаланып ойынды 2-3рет қайталаған дұрыс.

 

 

 

 

 

 

   Балалар суретті мұқият қарап шығады да естеріне сақтайды. Сурет желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

  1. Желілі суретпен жұмыс «Не істеп жатыр?», «Кім не істеп жатыр?»

Тәрбиеші тақтаға желілі суретті

іледі. Суретте берілген объектілерді атап айту. Содан соң олар қандай бөліктерден тұратынын анықтау. Балаларға «не істейді»деген сұрақтарға жауап беріп отыруларын сұрау. Бір ғана әсерін айтып қоймай бірнеше мысал келтіруі керек. Мысалы: «ағаш», ол тек қана тұрмай, «өседі», «еңкиеді», «күнге қарай созылады», «көлеңке түсіреді» т.б.

 

  1. Назар салып ойнау «Мұрын, көз, құлақ».

  Тәрбиеші кез келген дене мүшелерін кездейсоқ атап айтады. Ал, балалар айтылған дене бөліктерін ұстап көрсетіп отыру керек. Тәрбиеші балаларды шатастыру үшін айтқан мүшені көрсетпей басқа мүшені көрсетіп отыруына болады. Ойынды шеңбер бойымен отырғызып өткізуге болады.

  1. Суретті сипаттауда түрлі сезім мүшелерін пайдалану.

Т: ойын барысында әртүрлі дене мүшелері аталды. Олар бізге не үшін қажет? Көз не үшін керек (құлақ, тіл, қол, мұрын)?

Т: біз сендермен суретте не бейнеленгенін көріп атап айттық. Бірақ адам тағы ести алады, ұстай алады, дәмін татып көреді, иіс сезеді ғой... Көз алдарыңа елестетіп көріңдерші, мына желілі суреттен нені сезіп отырғандарыңды. Қандай дыбысты ести алатын едіңдер? Қандай иісті сезінетін едіңдер? Егер суреттегі заттарды ұстап көретін болсаңдар, онда олар туралы не айтар едіңдер? Суретте ненің дәмін көргілерің келеді? Ол андай дәм береді?

 

 

 

 

 

 

 

  Суретке қарап бейнеленген нысандар жайлы олардың не істеп тұрғандарын айтып, тәрбиешінің көмегімен сол нысанның басқа да істейтін әрекеттерін талқылайды.

 

  Естіген дене мүшелерін жаңылыспай орындауды көздейді.

 

 

 

 

 

 

   Дене мүшелерінің не үшін қажеттігін және олардың адамға атқаратын қызметін атап айтады.

 

 

 

   Жетелеген сұрақтар бойынша жауап беріп отырады.

 

Қорытынды бөлімі

 

  1. Практикалық жұмыс.

  Тәрбиеші тақтадағы желілі суретті алып тастайды да, балаларға естерінде қалған суретті бейнелеп, суретін салып берулерін сұрайды. (негізгі объектілер мен олардың орналасқан жері, түсі, мөлшері).

Жұмыс аяқталған соң сурет көрмесін ұйымдастырып, балалардың жұмыстарын бір-бірімен салыстырып, соңында «Көркем еңбек» деген атақ беріледі.

 

 

   Әр бала өз ойында сақталып қалған сурет желісін қағаз бетіне түсіріп, салған суретін көрмеге орналастырады. Бір-бірінің жұмыстарын қарастырады.  

Күтілетін нәтиже: картинаға қарап сөйлемдер құрастырып, сөздерді бір-бірімен байланыстыра білу; сурет желісін бақылау барысында есте сақтау қабілетін қағаз бетіне түсіру.

 

2016-2017 оқу жылы I- II жарты жылдық

№2 ересек тобы балаларының біліктілік көрсеткіштерін бағалау мониторингі

 

Тәрбиеші:    

Барлық бала саны: (топтағы барлық бала саны)

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Баланың

аты-жөні

Қарым-қатынас мәдение ті

Тілдің грамма-

тикалық құрылымы

Сөздік қоры

Шығарма-шылық тілдік іс-әрекеті

Байланыстырып сөйлеу қабілеті

Өз ойын жеткізе білу қабіле ті

Басқалар

дың  пікі

рін тың

дауы

Әңгімені   ойдан шығару қабілеті

Қоры тынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- іс-әрекет жасайды (төмен)  - (қанша бала – пайызы)

2- түсінеді (орташа)  - (қанша бала – пайызы)                                                                            

3- қолданады (жоғары) –  (қанша бала – пайызы) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ ҰСЫНЫС


ТРИЗтехнологиясының мақсаты: тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін – өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.

ШҚД (РТВ) – шығармашылық қиял дамуы. ШҚД – ТРИЗ әдісінің құрамдас бөлігі.

Қарама-қайшылық– нысанның бір-біріне қарама-қарсы болып келуі. Мысалы: бірдей объект жақсы-жаман, үлкен-кіші, қатты-жұмсақ, ыстық-суық т.б.

Қарама-қайшылықтың әдіс-тәсілдері – түсіндіру, қалай бір нысанның қарама-қарсы белгісі болуы мүмкін.

Шешу қайшылықтардың ең көп таралған әдістері:

Уақыт ішінде –

Бір уақыттар бір белгіні көрсетсе, басқасында –қарама-қарсы белгісін көрсетеді.

(Мысалы: сүмелек мұз – үлкен және кішкентай: басында үлкен болды, содан соң еріп – кішкентай болды);

Кеңістікте –

Нысанның бір бөлігі – кеңістікте, екінші бөлігі керісінше (мысалы: үтік салқын және ыстық: табаны ыстық, ал, тұтқасы салқын);

Жүйелерде –

Бір нысан бір белгіні көрсетсе, екіншісі басқалармен қосылып керісінше белгіні көрсетеді (мысалы: сіріңке күшті және әлсіз: бір сіріңке сынып қалады, ал, көп сіріңкені сындыру қиын);

Қарым-қатынаста –

Нысан біреуге ұнауы мүмкін, ал, екінші жағы керісінше ұнамауы мүмкін. (мысалы: фильм жақсы және жаман: біреулерге ұнайды (жақсы), ал біреулерге жоқ (жаман)).

 

Жүйе – кез-келген қаралатын нысанның жекелеген элементтері емес, олардың арасындағы жалпы қарым-қатынас жиынтығы. Мысалы: нысан – ұшақ. Оның жеке элементтері – қанаты, кабинасы, қозғалтқыштар және т.б. – ұша алмайды. Ал, егер оларды бір-бірімен біріктірер болсақ, онда ол сапа ұшуға қабілеті бар ұшақ болады.

 

Ішкі жүйе – жүйені құрайтын компоненттер (элементтер).

Сыртқы жүйе – жүйе бөлігі болып табылатын нысанның толық бір бөлігі.

Жүйелік оператор –процесті талдау жүйелері. Қосалқы жүйелері: нысанның дәл қазіргі кезі, өткен кезі, болашақтағы кезін талқылайды.

 Жүйелік операторды сызба түрінде де ұсынуға болады:

 

 

 

 

 

«Бесэкранды» (балалар үшін):

 

 

Үстіңгі жүйе

 

 

 

 

 

 

         Өткен шақ                                  Нысан                                    Болашақ

 

 

 

 

 

 

Астыңғы жүйе

 

 

Функция – нысана, нысананы анықтау. (сұрақтарға жауап: нысан бізге не үшін қажет?).

Болжау – болжамдау, нысандарды өткен шақпен, қазіргі шақпен, болашақта келер шақпен қарастырады

Кішкентай адамдар – балалардың  қоршаған ортадағы заттар мен  құбылыстарды  кішкентай адамдар  етіп  қиялдауы.  

  1. Кішкентай адамдар – өте тату, жоғалып кетпеу үшін, олар

үнемі қолдарынан ұстасып жүреді, қолдарынан  мықтап ұстайды, оларды ажырату  мүмкін емес. Бұндай адамдар – мықты, қатты және тек осындай адамдар ғана тауда, таста, ағашта тұрады.

     2. Басқа адамдар да  бір-бірінен алысқа ұзамайды, тек олар осынша тату емес, олар бір-біріне  жақын тұрып,  шынтақтарымен жанасады. Бұндай кішкентай адамдар заттың сұйық түрінен тұрады. Сондықтан біз  жеңілдікпен кеседегі шайға қасығымызды салып, қантты былғаймыз.  

     3. Ал, үшінші кішкентай адамдар олар қалай болса солай қозғалады, қолдарынан ұстаспайды! Осындай адамдардың ортасынан еркін өте беруге болатынына, Сіздер менімен келісесіздер ғой! Мұндай заттар  ауада, газда, тұманда өмір сүреді. Оларды газ тәріздес заттар деп атайды. Кішкентай адамдарды модульдеуді пайдалана отырып, экспериментті сабақтарды, айналамен танысу, бейнелеу өнерін дамыту барысында қолдануға өте қолайлы.

      Кішкентай адамдарды модельдеу әр ойыншыға өзін сынауға, үлгіленетін объекттің не сезінетінін білуге, балаға тек қана айналадағы құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сонымен қатар олардың өзгерістерін көрнекі түрде көрсету болып табылады.


                       Тризшылардың ұраны – «Барлығын айтуға болады!».

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат қарастырылған. 

  1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені,

 табиғатты бақылау, таныту арқылы сөздік  қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету;

  1. Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр

түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс –әрекетін білдіретін (жүрді, жүгірді, келді, келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында,жанында, үстінде, астында, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету;

  1.  Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем

шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрату. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

 

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.

 

Балалармен жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек, олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс, ол ақиқатты өзі табуы қажет. Егер балалар сұрақ қоятын болса, сол уақытта дереу жауап бермеуі керек. Керісінше, ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет. Оны талқылауға шақыру керек. Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек. Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда, педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс.

 

ТРИЗ – бір рет құрылып, өзгермейтін шығармашылық педагогикалық жұмыстар жүйесі емес, бұл үнемі дамитын технология. ТРИЗ қолдаушылары әрдайым ізденісте болады, балалар мен тәрбиешілердің шығармашылық ойлауын белсендірудің жаңа әдістерін ойлап табады, дайындайды.

 

Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп:

Біріншіден бала жалығып кетпейді;

        Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады; 
        Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды. 
       Балада танымдық қызығушылықтың болуы – олардың  оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті. 
 

 «Кез-келген адам басқалардың және оның білімін кемеліне келтіруіне көмектеспесе, өзінің де білімін кемеліне келтіре алмайды». Сөзімді мынадай сөздермен  қорытындылағым келіп отыр. «Өзіміз, өз қолымызбен, өз қиялымызбен жасай білейік». Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

  1. Кіріспе ..................................................................................................... 3
  2. Тақырыптық жоспар............................................................................... 4
  3. «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін  қолдану» (ТРИЗ ойындары).................. 7
  4. Технологиялық карталар........................................................................ 11
  5. Балалардың біліктілік көрсеткіштерін бағалау мониторингі..............80
  6. Тәрбиешілерге ұсыныс .......................................................................... 81
  7. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................86

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Альтшуллер Г.С. Краски для фантазии. Прелюдия к теории развития творческого воображения. Петрозаводск, 1991 ж.
  2. Ардашева Н.И. Истории про... Уляновск, 1993 ж.
  3. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. М., 1991 ж.
  4. Гин А.А. «Да» и «нет» говорите...//Педагогика+ТРИЗ. Гомель, 1997 ж.
  5. Гин С.И. Мир фантазии. М., 2000 ж.
  6. Гин С.И. Мир человека. М., 1993 ж.
  7. Никашин А.И. «Дидактические игры для развития творческого воображения детей». Ростов-н/Д, 1991 ж.
  8. Дьяченко О.М. «Воображение дошкольника». М., 1986 ж.
  9. Заика Е.В. «Комплекс игр для развития воображения». Вопр.психологии. 1993 ж. №2.
  10. Сидорчук Т.А. «Золотой ключик» творческого мышления. Челябинск,2000
  11. Киплинг Р. «Сказки». М., 1986 ж.
  12. Корзун А.В. Веселая дидактика: элементы ТРИЗ и РТВ в работе с дошкольниками. Мн., 2000ж.
  13. Ладошкина С.Н. «Сказочные задачи». Новосибирск, 1989ж.
  14. Мурашковска И.Н. «Игры для занитий ТРИЗ с детьми младшего возраста» // «Педагогика + ТРИЗ». Гомель, 1997ж.
  15. Мурашковска И.Н. Когда я стану волшебником //Познание. Рига 1993ж.
  16. Нестеренко А.А. Страна загадок. Ростов н/Д, 1993ж.
  17. Родари Д.Ж. «Грамматика фантазии» М., 1978ж.
  18. Сидорчук Т.А., Гутковия И.Я. Методы развития воображения дошкольников. Ульяновск, 1997ж.
  19. Сидорчук Т.А., Кузнецова А.Б. Обучение дошкольников творческому рассказыванию по картине. Уляновск, 1997ж.
  20. Сидорчук Т.А. «Творческие задания в работе с дошкольниками» / Под общ.ред. Челябинск, 2000ж.
  21. Шустерман М.Н. «Новые приключение Колобка», М., 1993ж.

 

 

 

 


Текст