Таңғажайып дыбыстар әлемі! №4 «Болашақ» мектепалды даярлық топ

 Музыкальный руководитель Алпысова Акмарал

Таңғажайып дыбыстар әлемі!

№4 «Болашақ» мектепалды даярлық топ

 

Мақсаты: музыкалық және музыкалық емес дыбыстардың алуан түрін көрсету.

Білімділік: Балалардың музыкалық әсерлерін байыту, оларға қуанышты көңіл-күй сыйлау; дыбыстар, шу, музыка, шыны, ағаш таяқшалар сөздері арқылы сөздік қорларын байыту: Балаларға ойын тәсілдерін қолдана отырып, музыкалық және музыкалық емес дыбыстарды ажыратуға үйрету, осы ұғымдарды меңгеруге ықпал ету.

Дамытушылық: Балалардың есту қабілетін, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерімен қоса, ырғақты, қарқынды және дыбысты қабылдауды дамыту.

Тәрбиелік: Дербестікке, белсенділікке, бір-бірімен достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

 

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Балалар залға марш екпінімен кіреді.

Музыкалық-ырғақтық жаттығу:

Амандасу

-Сә-ле-мет-сіз-бе, балалар?

-Сә-ле-мет-сіз-бе, Здравствуйте, Hello

- Балалар, кәне кішкене отырып демалып, біздің айналамыз көптеген дыбыстармен қоршалған айналамыздағы дыбыстарға құлақ асайық.

Музыкада – музыкалық және музыкалық емес дыбыстар болып болінеді. Музыкалық емес дегеніміз- белгілі бір тонсыз немесе белгілі бір биіктіксіз дыбыстар жатады. Мысалы: желдің, судың, жаңбырдың. жапырақтардың сыбдыры, қағаздың, машинаның, целофанның т.б. дыбыстар жатады. Ал, музыкалық дыбыстар дегеніміз- биіктігін анықтай алатын дыбыстар Мысалы: аспаптарда ойнау, ән айту.

-Ал енд музыкалық және музыкалық емес дыбыстарды естіп, тауып көрейік

 «Музыкалық дыбысты тап!» Балалар мұқият тындаймыз. (форитепиано. домбыранвың дыбысы естіледі.)  қандай дыбыс? 

- Балалардың жауаб: Музыкалық дыбыс

Жапырақтың сыбдыры, желдің дыбысы, жаңбырдың дыбысы естіледі. 

-Балалардың жауабы: Музыкалық емес дыбыстар

­Өте жақсы қане балалар сендермен жаңбыр әнін орындап берейік.

Дауыс жатығулары: Юаю-юа-ю, Жоғары барамыз – төлеменге түсеміз

Тыныс алу жаттығулары: (Дөңгелекке жел беру) (Машинаның дыбысы)

 

Ән: «Жаңбыр»

Балалар біз ән айтқанда не істедік?

Балалар: қол шапалақтадық

Музыка жетекшісі: Шапалақ қандай дыбысқа жатады ?

Балалар: Музыкалық емес дыбыс.

Музыка жетекшісі: Индира қолында не ұстап тұр?

Балалар: Ксилофон

-Қандай дыбыс?

-Балалар: Музыкалық дыбыс

 

Ойын: «Сиқырлы Текше»

 

-Балалар ойын сендерге ұнадыма ?

-Балалар: Иә

Біз сендермен интрументтердің дыбыстарын тыңдадық.

Балалар сендермен оркекстр ойнап берейік

Оркестр

Рефлексия

Бүгінгі сабақта не істедік?

Қандай дыбыстарды үйрендік?

Музыкалық дыбыс дегеніміз не ?

Музыкалық емес дыбыс дегеніміз не?

Балалардың жауабы

Сендерге сабақ ұнадыма?

Сабақ аяқталды сау болыңдар