КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Сурет салу. Тақырыбы: « Үй»

Күні,айы:28.10.21

Тәрбиеші:Негметжанова Г.К

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: « Үй»

Мақсаты:

1.Білімділік

Бірнеше тік сызықтарды салу арқылы түрлі- түсті қарындашпен үйдің суретін салуды үйрету.

2. Дамытушылық

Қарындашты дұрыс ұстауға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік

Таза ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суреті.

Қажетті құрал- жабдықтар: сурет, қағаз, қарындаш,түрлі түсті қарындаштар

Сөздік жұмыс: үй-дом

Іс –әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық – қозғаушылық

Балалар бір -біріне деген жылы тілектерін айтады. Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыршақ келіпті. Күн суытып келеді, ал қуыршақтардың тұратын жері жоқ екен. Бұл қуыршақтар сендерге қайда тұрғысы келетінін айтады.

Балалар шеңберге тұрады, бір- біріне тілектерін айтады.

Ұйымдас-тыру, іздену

 

Біздің үй ( Ғ.Өкеев)

Қалаушы да табылды,

Үй салынды, жабылды,

Қосып құмға лайды.

Сылақшылар сылайды.

 

Тезерек, есік, едені,

Қиюласты әдемі.

Құрылысшы боламыз,

Зәулім үйлер саламыз.

Балалар, үйді кімдер тұрғызады? ( Педагог балалармен әңгіме жүргізеді).

Әртүрлі үйлердің суреттерін көрсетеді. Олардың терезелері, Есіктері, шатырларының көлемдеріне көңіл аудартады, салыстырады, қаланың, ауылдың үйлерінің суреттерін көрсетеді. Үйді салу жолдарын түсіндіріп, суретті аяқтатады.

Бір қабатты үй.

1. Бір қатарға екі терезе салу үшін жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызылып, шаршы жасалады.

2.Есігі тік төртбұрышқа ұқсайды.

3.Шатыры үшбұрыш болы келеді, парақтың жоғарғы жағына нүкте қойып, әртүрлі жаққа екі сызық жүргізіледі.

Бой сергіту:

Мен құрылысшы боламын,                       Зәулім үйлер саламын.

Өз қаламды көркейтіп,

Ел алғысын аламын.

Көп қабатты үй.

Бірнеше қатарға (3- 5 қабатты үйлерде) терезелер салынады. Қабаттардың арасында қылқаламды оңға, солға жылжыта отырып салу керек. Үйдің түсі күлгін, ашық жасыл, көк болғаны дұрыс екенін түсіндіреді. Терезе, шатыр, есіктердің шеттерін бояу керектігі айтылады.

Дәптерлерін ұқыпты ұстаулары қадағаланады.

Балалар толық жауап береді.

- Менің әжемнің үйі ауылда. Оның үйі бір қабатты.

Мен көп қабатты үйде тұрамын.

Мен төртінші қабатта тұрамын. Мен қалада тұрамын т.б. Геометриялық фигураларды қайталап естіріне түсереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Қылқаламды өте қатты баспай түзү сызықтар сызады. Бояған кезде сүйкей жағу әдісін пайдаланады.

Рефлексивті – түзету енгізу

 

Балалардың жұмысын талдау. Қуыршақтар балаларға алғыстарын айтады.

Мақтау, мадақтау.

 

Балалар не салғандарын қалай салғандарын айтып береді.

Күтілетін нәтиже:Біледі: бояй білу дағдыларын, тәсілдерін.

Игереді: түзу сызықтарды дұрыс сызуды.                                                                                                  Меңгереді: бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суреті салуды.

 

 

 

Жаңартылған күні: 10.11.2021 10:58
Құрылған күні: 10.11.2021 10:58

Текст