«Алтын күз»
№11ортаңғы топ
Тәрбиеші: Калдырбаева К.Е
Нығметжанова Г.К
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.
Балаларды ән салуға, би билеуге үйрету, бейімділіктерін арттыру .
Мерекелік көңіл-күй сыйлау
Жауаптылар: №11топ тәрбиешілері: Қалдырбаева К.Е
Нығметжанова Г.К
Музыка жетекшісі: Алпысова А.Ж
Би жетекшісі: Солодовник А.А
Күз ханшайымы: Рыспаева Г.С
Әндер:
2. «Күз ,күз.» автор: Айгүл Досмаганбет
Билер:
Қимылды ойындар:
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті жапырақтар, руль, жемістер мен көкөністердің бетпердесі, дәрігердің киімі,
Музыка әуенімен балалар залға кіріп ,дөңгеленіп тұрып би билейді.
Би: «Жапырақтар»
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Бүгін бізге қонаққа Күз ханшайымы келе жатыр қарсы алайық.
(музыка әуенімен күз ханшайымы кіреді)
Күз ханшайымы:
Сәлем менің достарым!
Өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар,
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Ән: «Күз,күз»
Тәрбиеші:
Осы кезде бір бала келіп былай дейді:
Тәрбиеші: Алинур саған не болды?
Алинур : Менің басым ауырып тұр. Ішім ауырып тұр.
Тәрбиеші: Енді,не қыламыз? Қалай көмектесеміз?
Тәрбиеші:
Сабыр сақта,саспайық
Дәрігерді шақырайық!
Бәрі бірге: Дәрігер,дәрігер!
( «Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі.дәрігер келеді)
Дәрігер:
Мені неге шақырдыңдар,
Ауырып қалдыңдар ма?
Тәрбиеші: Біздің балалар ауырып қалды көмектесіңіз.
Дәрігер: Қазір қарап көрейік. А-а-а деп ауыздарыңды ашыңдар... (тексереді)
Тістері орнында
Маңдайың ыстық екен
Білдім,білдім
Сендерге дәрумендер жетіспейді.
Көп көкөніспен,жемістер жеу керек!
Тәрбиеші:
Қазір күз мезгілі түсті ғой
Жемістер де,көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық,
Күз өнімдерін осында алдырайық!
Дұрыс айтасың (қалта телефонымен қоңырау шалады)
Тәрбиеші:
-Алло,алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек,
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(машина дыбысы естіліп,руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді алып кіреді)
Жемістер пісті,
Қоймаға түсіпті.
Алма:
Мен - алмамын,алмамын
Таңдандырар бал дәмім.
Жүзім:
Мен жүзіммін,жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Шие:
Мен шиемін,шиемін
Күннің көзін сүйемін.
Қияр:
Мен қиярмын,қиярмын
Салаттардың сәнімін.
Асқабақ:
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім.
Картоп:
Мен картоппын,картоппын
Бір қарасаң – доппын?!
Тәрбиеші:
Көкөністер мен жемістердің бәрі де
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
Муз.ойын: «Ашулы бұлттар»
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Тәрбиеші:
Тентек жел шашып кетіпті,
Жапырақтарды сан алуан.
Тезірек жинап алайық,
Қане,қане кім жылдам?
Ойын: « Кім жылдам?»
Күз ханшаймы: Күз мезгілінде ауа-райы құбылмалы болады. Аспанда бұлттар қап-қара қоюланып жаңбыр көп жауады. Сол бұлттарды ән салып би билейік.
Би: «Күз келді»
Тәрбиеші:
Қолымызда қолшатыр,
Қызыл,сары,көк,жасыл.
Қорықпаймыз жаңбырдан.
Сен батыл да, мен батыл.
Тәрбиеші: Күз ханшаймына арнап әнімізді орындап берейік.
Ән: «Кап,кап, тук-тук»
Күз ханшайымы: Рахмет балалар! Өте әдемісіңдер,сендермен бірге жақсы көңіл көтердім. Сендерге мына жемістерді сыйға тартамын.Осы жемістерді жеп ешқашан ауырмаңдар.Қош сау болыңдар! (күз ханшаймы кетеді)
Тәрбиеші: Балалар күз мерекесінде би билеп , ән салдық, ойындар ойнадық.Енді біздің де кететін уақытымыз болды.
Паравозға мініп, тобымызға барайық