Тақырыбы: «Отпен ойнама»
Тәрбиеші: Шуакпаева. О.Ж.
Мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. От та алапаттардың бірі. Сондықтан одан сақтанудың жолдарын үйрету. Өрттің табиғатқа, адамдарға әкелетін зардабын түсіндіру. Өрттен қалай сақтану үшін қандай құралдарды қолдану керек екенін айту.
Әдіс- тәсілілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекі құралдар: Өртке қарсы құрал көрнекіліктер.Өрт туралы плакаттар, суреттер, буклет,кітап.
Кіріспе бөлім:Балалар қолдарына бір – бір гүл ұстап отырады. Тәрбиеші амандасып алған соң, балалар гүлдерді бір – біріне тілек айту арқылы ұсынады. Соңында «Гүл шоғы» болып тәрбиешінің қолына оралады.
Негізгі бөлім:
а)«Балалар өрттен» қалай сақтану керек екенін атап әңгімелесу.
ә)Дидактикалық ойын: «Егер де.....»
Мақсаты: балаларға өрттен қалай сақтану үшін не істеу керек екенін айту. Балалармен бірге ойынды қызыға ойнау.
Сергіту сәті: Біздер тату балаламыз,
Гүл-гүл жайнап аламыз.
Жаттығулар жасайық,
Жақсы сергіп қаламыз.
б) Өрт болған жағдай да қандай нөмірге хабарласу керек екенін 101- ге хабарласып айтамыз. Мекен жйымызды және өрт неден шықан жайлы айту керек.
в) Өрт болған жағдай да біз сендермен қандай көмек көрсету керек екенін балаларға түсінік беру.
Өрт болған жағдай да біз үйден керекті іс-қағаздарды алып тысқа шығамыз. Сосон сендермен 101-ге хабарласып өрт болған жайын да мәлімет береміз.
Өрт болған жағдай да қосымша есік, баспалдақтан шығамыз.Өрт болғанша өрт сөндіретін құралды алып су шашамыз, құм болса соны лақтырып өртті басамыз. Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмай қалады. Сонымен от – өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн сияқты. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе сауатсыздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қалып жатамыз. «Сақтанғанды құдай сақтайды» деген нақыл сөз бар. Сондықтан біз өрттің басталғанынан кейін емес, басталмағанына дейінгі жұмыстарды тындыруымыз керек – ақ. Яғни, өрттің шығу тетіктерін зерттеп, болдырмауға барлық білік – дағдыларымызды жұмсауымыз керек.
Айлин: От жақпа, күйерсің,
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң,
Бәлеге сен түсерсің.
Хасан: Оттың ісі қуырмақ,
Желдің ісі суырмақ.
Қазір жанған жалынды,
Алып – ұшып қуаламақ.
Тәрбиеші: Газ плитаның суретін қарастыру.Ас үйге бірінші сән беретін газ плитасы. Көгілдір от тұрмыс – тіршілігімізде көп орын атқарады. Десек те, оны ұқыптап ұстап, жаға білуіміз керек. Газ плитасын таза ұстау керек. Қажеті жоқ кезде газдың баллонында тұрған репродуктордың тетікшесін жабу керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалғандай болса, газ бөлімшесінен арнаулы мамандарды шақырған дұрыс. Газ плитасын тек үлкен кісілер ғана пайдаланады, ал кішкентай балаларға оған жақындауға болмайды.
Тәрбиеші: Электр. Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – электр.Электр –жарық көзі. Электр-жылу көзі. Электр көзін ажыратуды ұмытпау. Электр жүйесіне ешқандай затты қоспау. Егер де электр приборлар бықсып жанған, күлімсі иісін сезгенде, оны тез арада құрғақ ағашпен ажыратады.
Өрт жаңадан басталғанда сумен өшіреді. Кей кезде құмменде өшіреді. Ал адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса топыраққа ауынап өшіреді. Егер қасында адам болса матамен орап отты тұншықтырып өшіреді. Газ плитасы тұрған бөлмені жиі – жиі желдету керек. Егер газдің күлімсі иісі сезілсе сіріңке жағуға да, электр жүйесінде қосуға болмайды.
Мақал: От жақпа пісерсің,
Ор қазба түсерсің.
Балалардың тақырыпқа байланысты сурет салулары.
Рефлексия: Сонымен біз от пайдасы мен оның қаупін білдік. Өрт қауіпсіздігі туралы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Балаларға өрт болған жағдай да қандай көмек керек екенін айтып қортындылады.