КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 Мамыр-Достық Күні!

 

Достығымыз жарасқан»

 Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, мерекелік шарлар,

ұлттық киімдер мен жалаушалар.

Жүргізуші:

Қазақ халқы - халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарқан, таулары қалқан, болған ақ бесік ата мекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.

Тілі бөлек болғанменен тілегі бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.

Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достығымыз мәңгілік болғай- дей отыра ортамызға

Қазақ халқының өкілдерін қошеметпен шақырайық.

-Бейбітшілік жасасын, ынтымақтастық жасасын! -Ура- ура- ура!

Келесі кезекте Орыс халқының өкілдерін қошеметпен ортаға шақырайық.

-Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! -Ура-ура-ура!

Ендігі кезекте өзбек ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.

-Ынтымағы жарасқан Қазақ елі жасасын! -Ура-ура-ура!

Келесі кезекте грузин ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.

1-Мамыр ынтымақ,бірлік күні жасасын! Ура-ура-ура!

Ендігі кезекті ұлттар достығы жайлы ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақшамыздың меңгерушісі: Мөлдір Балғабайқызына сөз береміз.

 

Мамырдың бірі, достық күні:

Ән слып, билеген халықтың үні         Индира

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі

 

 

 

 

 

Болсын жер мен су да ортақ

Болсын біздің ту да ортақ                         З.Умар

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз

 

Ортақ жұтар ауамыз

Ортақ жарық күніміз               Сағыныш

Достық туған анамыз

Жердің қызы, ұлымыз

 

 

Кең -байтақ жеріміз

Татулық тұрағы                    Мади

Бауырмал еліміз

Ынтымақ ұраны

 

Жаңғыртып даланы

Шырқап ән салады             Аярис

Халықтар достығы

Бірліктің қамалы

 

Қызыққан шартарап

Береке- тірлігі                           Әлібек

Құрған сән-салтанат

Жарасқан бірлігі

 

Берік болса бірлігім

Биік болар жұлдызым             Мирас

Бақытты боп ұл-қызым

Күлімдесін нұр-жүзім

 

Қанатымыз талмасын

Биіктерге самғасын            Жунус

Туған жерге ақндар

Жақсы өлеңін арнасын

 

Дос болып түрлі халықтар

Жасайтұғын  ғасырмын                Д.Айлана

Бақыт шымын әлемге

Ұмытылмас асылмын

 

 

 

 

 

 

 

Бейбітшілік ұраны

Жарқыраған алтын күн         Алия

Ән қанатты қыраны

Еркіндігі халқымның

 

 

Достықты үлгі санаған

Бір үйде біз тұрамыз              Марьям

Қалған ата бабадан

Бірлік асыл мұрамыз

 

Жүргізуші: 

Ағайын, туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

 

 

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

1-Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

Осымен «Балдырған» ортаңғы тобының «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Хор: «Бақытты баламыз»

 

 

 

«Достық балабақшасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық сабақ!

                                Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан»             

№4 «Болашақ» тобы

 

 

 

 

 

                                                           Тәрбиеші: Нугманова Б.Ж

Жаңартылған күні: 06.05.2021 14:12
Құрылған күні: 06.05.2021 14:12

Текст