КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 Наурыз тақырыптық сабақ

 

«Ана – біздің күніміз!»

№6 «Көбелек» ортаңғы тобы

  Тәрбиеші: Шуақпаева О.Ж.         

Тақырыбы:  «Ана –біздің күніміз!»

Мақсаты:  Адамзат балаласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтінін, сондықтан да барлық ананы сыйлауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Жауаптылар: №6 топ тәрбиешілері:   Шуақпаева О.Ж.

                                                                   Сабиржанова Г.К.

Музыка жетекшісі:                                Алпысова А.Ж.

Би жетекшісі:                                         Сиберт Г.И.

Көктем ханшайымы:                            Алимханова А.Р.

Әндер:

  1. «Көктем»  әні мен сөзі: Айгүл Досмағанбетова
  2. «Қолшатыр» әні мен сөзі: Бота Бейсенова

Би:

  1. «Достық биі» 15 бала

Көңілді ойындар:

  1. «Гүл құрастыру»
  2. «Гүл жинау»

Көрнекіліктер: Гүлдер, гүлдердің күлтешелері.

  • Балалар, мен сендерге қазір бір әдемі өлең жолдарын оқимын. Мұқият тындаңдар.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?

Балалар: Ана, ана.

  • Дұрыс, балалар, ол анамыз.  

- Сендердің аналарың қандай?

-Аналардың мерекесі жылдың қай мезгілінде болады?

(Балалардың жауаптары тыңдалады)                                                     Жүргізуші: Балалар біздің мерекемізге қонақ келе жатқан секілді.

Көктем:

Мен көктеммін, көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Тіршіліктің бастауы,

Көктем айы мен болам!

Жүр:Ару көктем, қош келдіңіз! Бүгінгі мерекеміздің  қонағы болыңыз, өзіңізге арналған балаларымыздың  орындауында ән бар қабыл алыңыз.

Ән: «Көктем»

Ойын: «Гүл құрастыру»

  • Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Ақниет:Анам менің, ақ мамам,

              Балапанын мақтаған.

             Анам барда әр дайым

              Қуанамын, шаттанам.

Асанали:   Бәрімізге анасың,

               Біз үшін күн боп жанасың.

                Құтты болсын мейрамың,

                Құттықтаймын анашым.

 

 

 

  Айлин   : Әлпештеген баласын,

                  Ана бақыт, ана күн.

                  Әркім сүйіп өзінің,

                  Мақтан етер анасын.  

 

     Жасмин:  Жүзімізге қараңыз,

                       Бал күлкілі баламыз.

                        Бізге қымбат күн-шуақ,

                      Бізге қымбат Анашым.

  

 

   Мирас:   Ана біздің күніміз,

                Ана-біздің гүліміз.

                Ұланды ана,қуантып

                 Ұзақ өмір сүріңіз.    

 

     Фатима: Бал бөбегін баптаған

                   Анам үшін мақтанам

                    Аялайтын біздерді

                    Көп жасасын жақсы адам.

 

Ойын: «Гүл жинау»

 

Ән: «Қолшатыр»

 

Би:«Достық биі»

Көктем  ханшайымы: Балалар сендерге көптен көп рахмет.Сендер өте сүйкімдісіндер, сендермен бірге жақсы көңіл көтердім. Сендерге мына жемістерді сыйға тартамын.Осы жемістерді жеп ешқашан ауырмаңдар. Қош сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз көктем  ханшайымы!

(музыка әуенімен көктем  ханшайымы шығып кетеді).                                                                                                              

     Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

Жаңартылған күні: 30.03.2021 11:29
Құрылған күні: 30.03.2021 11:29

Текст