КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылдық ертегі Тақырыбы: «Күлше қыздың сауық кешіне баруы»

Жаңа жылдық ертегі

Тақырыбы: «Күлше қыздың сауық кешіне баруы»

Күлше қыз
-Зере, Ханзада-Таир, Өгей шешесі-Самара, Екі сіңілісі-Лейла, Медина, Құртақандар-Арлан, Нұргүл, Сумая,Фея-Меруерт, Патша-Алишер
Аяз ата, Ақшақар , Сұлтандар мен сұлтаншалар, Аяз ата, Ақшақар.
Балалар музыка әуенімен залға кіріп билейді.  

 

Жауаптылар:

 

Жүргізуші: Муканова Р.Т.                                                                                          Аяз ата: Сейтказиева А.Ж.

Ақша қар: Синбат Марта

Музыка жетекшісі: Алпысова А.Ж.

Әндер:

1. «Жаңа жыл» әнімен сөзі Бота Бейсенованікі

2. «Аяз ата» Айгүл Досмағанбет

3. «Шырша» Айгүл Досмағанбет

Билер:

1.«Жаңа жыл»  биі (қыздар)

2. «Вальс» (қыздар мен ұлдер)

3.«Жаңа жыл» биі

Көңілді ойын: «Бұршаұтарды жинақтау»

Мақсаты: Ұрме бұршақ пен бұршақты бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Ойын арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту. Балаларды ұсақ хаттарды шапшаң және тез жинай білуге машықтандыру.

Көрініс: «Күлше қыздың ойын сауық кешіне баруы»                           Атрибуты: тышқандардың  бетперделері

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
                     Ақмамыққа бөлеп алды маңайды
                     Төрле-төрле жаңа жыл,
                     Бізге құтты жыл болсын.
- Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.               

1.Эрбол: Жасыл желек жамылған,

                 Асыл моншақ тағынған.

                 Міне, сұлу шыршамыз,

                 Көптен күтіп сағынған.       

2.Аяжан: Тамаша тамаша                  

                  Шыршамыз тұр жараса

                  Басында әсем жұлдызы

                  Көз тоймайды қараса

3.Алтынай: Әдемілеп  біз ілген,

                      Ойыншықтар тізілген.

                      Қандай әсем шыршамыз,

                      Ән шырқайық бәріміз. 

4.Айлин:  Жасыл шырша орманнан,

                   Бізге арнайы келіпті.

                   Ойыншығын балалар,

                    Шыршаға әсем іліпті.                                                                         

Ән: «Жаңа  жыл »         

            

2. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!

                         Ертегімді тыңдаңдар.
                          Ертегімді сан қилы
                          Қызық – қызық сырлар бар.
                          Жаңа жылдың кешінде 
                          Күлше қыз тойға жиналыпты

                        Соныменен, балалар
                        Жаңа жылға арналған
                        Ертегіні тамашалаңдар, -   (музыка ырғағымен құртақандар кіреді.) 
1 құртақан: Біз сүйкімді құртақанбыз, 
                      Орманда біз тұрамыз, 
                     Біз сүйкімді құртақанбыз
                     Ертегіні бастаймыз.  
2 құртақан: Орманды біз қорғаймыз 

                      Қазынаны жинаймыз,
                      Бізді енді таныйсыңдар 
                      Біз мейірімді құртақанбыз

3 құртақан: Сыйқырлы біз елден келдік,
                      Жақсы хабар әкелдік. 
                      Патшамыз жарлық берді

                      Ханзаданы үйлендіруге
                      Баршаңызды тойға шақырды 
(Құртақандар шығып, ортаға Күлшеқыз кіреді. (ән айтады)
(Өгей шешесі кіреді.
Өгей шешесі:  Күлшеқыз қайдасың, бері кел! (аяғымен жерді ұрып) 
(Әуен естіліп есіктен қолында қағазы бар құртақан кіреді.) 
Құртақан: Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар! Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ойын сауық кешіне шақырамыз сіздерді. Барлық қыздар қауымын. Патшамыз солай бұйырды. 
(Құртақан хатты тапсырып, басын иіп кетеді)
 Өгей шешесі: Рахмет, өте қуаныштымыз.  
                          Міндетті түрде барамыз 
                          Күлше қыз киім дайында 
                          Ойын сауық кешіне 
                          үшеуміз бірге барамыз. 
(Екі қызы ортаға шығып)
Күлше қыз:
 Ооо, мен де кешке барамын алақай!
1 сіңлісі: Күлдірмеші сен бізді. Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? ! 
2 сіңлісі: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ! 
Өгей шешесі: Жүріңдер қыздарым уақыт жоқ, дайындалайық барып.

(Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)
Күлше қыз: 
Онда қандай көңілді
Шам шырықтар жағылған, 
Барлық қыздар билейді 
Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)
(Ө.Ш. қолында екі шелегі бар ортаға шығады, біреуінде горох, екіншіде фасоль)
Өгей шешесі:  
Тапсырма мен ойлап таптым,
Уақытты сен бос өткізбе, 
Біз келгенше кешімізден 
Мыналарды жинақта!
(Еденге шелектегіні төгіп тастайды.)

Күлше қыз:(басын ұстап) :
Не істеймін енді мынаны
Қалай жинап үлгерем? 
Жүргізуші: Күлше қыз сен қамықпа. Балалар қанекей тұрмайық, Күлше қызға көмектесейік.
Балалар: Жұмыстан біз қашпаймыз, 
Бәрін жинап тастаймыз! 

Ойын:  "Бұршақтарды жинақтау" (2-3 рет) .
(балалар ойнап жатқанда К.Қ орындыққа отырады, Ө.Ш ортаға шығады) 
(балалар ойнап жатқанда К.Қ орындыққа отырады, Ө.Ш ортаға шығады) 
Өгей шешесі: 
Қыздарым менің әдемі!
Сұлулықтың әлемі  
Ойын сауық кешінде 
Боласыңдар сендер бәрінен де әдемі!
(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)
 (Ортаға патша мен ханзада шығады) 
Ханзада: Ойын сауық кештерің 
Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)
Патша: Ұлым менің қарашы

Жан – жағыңа қарашы, 
Бәрі  қандай тамаша. 
Көңіл көтер жараса.

 Ханзада: Шаршатты мені барлығы

Қызықты нәрсе табыңдар! 
Патша: Алыс аймақ жерлерден 
Келді әдемі сұлулар
Қарашы оның билерін. 
Сұлулыққа көз тоймар 
(Ортаға Ө.Ш. қыздары шығып.)

Би: «Жаңа жыл»  (ортада қыздар мың бұрала билейді)

(к. қыз ортаға шығып жылайды) күлшеқыз әуені ойнап тұрады.
(Ортаға  фея шығады қолында сыйқырлы таяғы бар) 
  Күлше қыз: 
Сәлем бердім сізге мен
Келгеніңізге қуанып
Фея: жылама қызым  жылыма
Жақсылықтың бәрі алда
Орындалып арманың
Сенде кешке барарсың.

Күлше қыз: 
Ойын сауық кешіне,
Кір көйлекпен қалай барамын.

Фея: Былай қарай тұр қане, мен мына сиқырлы таяғымның көмегімен сиқырлап жіберейін, 1,2,3 (музыка ойнайды, Күлше қыз әдемі көйлекпен тұрады)

Күлше қыз: Қандай керемет!
Фея: Саған жолды көрсетер
Құртақандар көмекке келіңдер!(сиқырлы таяғымен сермейді, жарық өшіп, қолдарына фанарик ұстаған құртақандар шығып Күлше қызды алып шығып кетеді.
Фея: Тыңда қызым бері қара
Айтар сөзім бар саған
Сағат тілі он екіні соққанда
Сиқыр күші жоғалар! 
Күлше қыз: Рахмет сізге, бәрінде мен түсіндім.
(Фея мен к.қыз қоштасып шырша артына кетеді.) 

Патша: Тағы қонақ келгенбе?
Танымайтын ханшайым
Қайдан келдің қай жақтан.? 
Ханзада: 
Келгеніңе қуанып
Көтерілді көңілім.
Бейтаныс қыз қолыңды бер
Кел бейлейік танысып.

Би: «Вальс»  (Ханзада мен күлше қыз билейді)

Ханзада: Мен сіздің осы сарайда қалағаныңызды қалаймын. 
Күлше қыз: Бұл кешті мен ұмытпаймын, 
Бірақ та мен қала алмаймын. 
(сағат тілі он екіні соғады)

 

Күлше қыз: Ханзада қош болыныз! 
(Күлше қыз кетіп бара жатқанда оны Аяз ата мен Ақшақар тоқтатып алады) 

Аяз ата: 
Тоқта, ботам, асықпа 
Бүгінгі кеш ерекше, 
Бәріміз қарсы алайық  
Жаңа  жылды ерекше! 

Ақша қар: 
Айтқан тілек жаңа жылда,
Орындалар әрқашан
Тілек тілеп әрқайсымыз
Жаңа жылды тойлайық

Жүргізуші: Жаңа жыл да келіп қалды, 
Тілек тілер уақыт болды.  

Аяз ата: Армысыңдар жарандар
                Атқан таңға қараңдар
                Шуағын шашып алтын күн
                Жаңа жылмен құттықтап
                Келіп жеттім алыстан
                Қуаныштымын мен бүгін. Бұл жерде не айқай шу болып жатыр? Не болды? Кім ренжіткен Күлше қызды?

 

Өгей шешесі мен қыздары:
Аяз ата бізді кешіріңіз!
Енді біз адал, мейірімді боламыз.

Ақша қар: Балалар, кешіреміз бе? 
Балалар: Ия

Жүргізуші: Біздің ойын сауық кешімізді татулықпен жалғастырайық.
Аяз ата Ақшақар келгендеріңіз жақсы болды. Сіздерге арналған өлең тақпақтарды тыңдаңыздар.

 

5.Ерсін: Ақ қырауға малынған,                                                                                                       

               Сақалы да мұрты да.

              Аяз-ата сағынған,

              Сәлем берді жұртына.

 6.Сумая:  Жаңа жылды қарсы алып,

                    Жасаймыз той жылда біз.

                   Жарқын, жарқын, ән салып,

                   Жалғасады жырға жыр.

7.  Меруерт:Келді тағы жаңа жыл,

                         Қуантумен біздерді.

                         Құтты болсын қуаныш,

                         Құтты болсын жаңа жыл.  

8.Ұлан: Тамаша тамаша                  

                  Шыршамыз тұр жараса

                  Басында әсем жұлдызы

                  Көз тоймайды қараса

9.Нұргүл: Жаңа жылым мол болсын,

              Басқан қадам оң болсын,

              Төрле-төрле, жаңа жыл

              Бізге құтты жыл болсын.

 10.Медина: Жаңа жыл, жаңа жыл,

                       Тамаша тойымыз.

                       Алақай, алақай,

                      Өседі бойымыз.

Балалардың оындауында: « Музыкалық оркестр»

11.Арлан: Келді тағы жаңа жыл,

                    Қуантумен біздерді.

                    Құтты болсын қуаныш,

                    Құттықтаймыз сіздерді.

12.Нұрсұлу: Келе жатыр, жаңа жыл,

                        Келе жатыр, жаңа нұр.

                       Айта берсек таусылмас,

                       Жаңа жылда, жаңа жыр.

  13.Таир:Аспан жерге төгеді,

                  Ақ күмісін уыстап.

                  Жаңа жылда келеді,

                  Бізге қарай жылыстап.  

  14. Мөлдір: Аппақ тонға оранып,

                       Базарлықты мол алып.

                       Келді алыс сапардын,

                       Аяз-ата оралып.

15. Санжар: Тамаша сый алып,

                      Келді Аяз-атамыз.

                     Шаттанып, қуанып,

                    Шырқап ән айтамыз.

Жүргізуші: Аяз ата Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық!

(Аяз ата шырша шамдарын жағады)

-Балалар аяз атамен шыршаға арнап сыйқырлы сөзін айталы.

Аяз-ата: «Қуант бізді, таңырқат,»

                  Шамдарыңды жарқырат» (таяғын шыршаға тигізіп)

 - Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда.

Жүргізуші: - Рахмет , Аяз-ата шыршамыз жарқырап , балаларға қуаныш сыйлады. Ал, канеки балалар Аяз ата мен Ақшақарға арнап әнімізді айтайық.
 

Ән: «Аяз ата»

 

15. Алишер:Жаңа жылда балалар,

                    Тек қуаныш көріңдер.

                    Ауырмаңдар ешқашан,

                    Мықты болу өзіңнен.

16.Айым: Безендіріп шыршаны,

                   Жыл қуантты баршаны.

                   Той-маскарад басталды,

                  Аяз-ата оны басқарды.

17. Айша: Жаңа жылда жаңаша,

                   Тақпақ айтамыз.

                   Болсын риза балаша,

                   Әппақ атамыз.

 18.Лейла: Сақалының ұзын-ай,

               Саудыраған мұзын-ай.

               Жарқыраған оттары,

               Жаңа жылдың, қызығы-ай!

19.Абылайхан: Аспан жерге төгеді,

                 Ақ күмісін уыстап.

                 Жаңа жылда келеді,

                 Бізге қарай жылыстап.

Ақшақар: Билейміз деп бұралып
                   Қыздар тұр міне сұранып

Би: «Жаңа жыл биі»
Аяз ата: Ой жарайсыңдар балалар, балалар өркендерің өссін,өнерлеріңді тамашаладым, сендер секілді балалар күтіп отыр  олардыда қуантайын.жаңа жылды жақсылап қарсы алыңыздар сау болыңыздар.
 

Ақшақар: - Тыңдаңызшы  ата сіз нені, ұмыттыңыз?

                     Балаларға арнайы әкелген сыйлығыңызды ұмытып кетпеңіз.
 

Аяз ата:  О,қызым есіме салғаныңа рахмет
                Күлшеқыз бүгін достасты
                Араздықпен қоштасты
- Балалардың барлығына Аяз ата өзінің сыйлығын береді.

-Аязата  бақытты болыңдар балаларым жаңа жылда тек жақсылық көріңдер Ақшақар қызым екеуміз тағыда сендер сияқты баратын жерлеріміз сау болыңдар балалар.

Балалар: Сау болыңыздар.
Жүргізуші: Қандай жақсы біздің аяз атамыз
                     Ол кеткенде терең ойға батамыз.
                    Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда
                    Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

 

Ән: «Шырша»

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер  осымен жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл - әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.  Жаңа Жылдарыңызбен!

(балалар залдан билеп шығып кетеді)

Тәрбиеші: Муканова Р.Т

 

 

 

Жаңартылған күні: 11.01.2022 14:03
Құрылған күні: 11.01.2022 14:57

Текст