КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздігі – Қорғаным менің!

Тәрбиеші -  Нугманова Б.Ж

Тақырыбы: Тәуелсіздігі – Қорғаным менің!

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихтары туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайлы түсіндіру.

Дамытушылық: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес  қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Жауапкершілік сезімдерін ояту. Балаларға патриоттық тәрбие беру, балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасын да ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету,достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:

1.Қазақстан Республикасының рәміздері: Туу,Елтаңба, Әнұран, Президенттің портреті, слайд ,желтоқсан құрбандарының суреттері

Тәрбиеші балалармен Әнұранды орындайды. Содан соң шаттық шеңберге тұрғызады

Мен бақытты баламын

Отанымды сүйемін

Отаным менің Қазақстан

Ардақтар оны өтемін

-Рахмет балалар , енді орнымызға жайғасайық

-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

-Өткен жолы қандай мереке болды?

-Ал сендер білесіңдер ме жақында бізде қандай мереке болады?

Тәуелсіздік күні мейрамы болады

-Балалар, Тәуелсіздік ел дегеніміз-ол егеменді ел, жеке бір мемлекет. Ал біздің Мемлекетіміз, Отанымыз қалай аталады?

-Ия дұрыс айтасыңдар Қазақстан деп аталады. Қазақстан елі егеменді ел болып жүргеніне 27 жыл толып отыр. Бұл уақыт ішінде қазақ елі көптеген қиыншылықтарды бастан кешті.

Қазір осы аға-апаларымызды слайдтан көріп танысайық. Мінекей осындай қиын кезеңнен кейін біз тәуелсіздікке қол жетіп, бейбітшілікте өмір сүріп келеміз. Өздерің білетіндей біздің ел басшымыз Президентіміз бар, желбіреген көк туымыз бар, әнұранымыз бар, мемлекеттік ана тіліміз бар. Көптен күткен армандаған ата-бабаларымыздың армандары орындалды. Біз қазөіргі таңда тыныш елде, ашық аспан астында өсіп келеміз. Сендер  өз еліміздің президентін білесіңдер ме?

-Дұрыс айтасыңдар

 

 

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрамыз

Керегені құрамыз

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Достық үйін құрамыз

Жақсы орнымызға жайғасайық

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық

Тәуелсіздік ұлы күнім

Тұрсын жайнап төбемде                        Әлия

Сен, жасай бер мәңгі бақи

Қуанышқа бөлен де

 

Егеменді елдің біздер

Ұланымыз жас қанат                    Ахмет

Айларға сәлеміміз

Құттықтауды бастаймыз

 

Отан- Атаң аяулы

Отан – Әкең ақылшың               Д.Айлана

Отан- Асыл Арнамыз

Аялаған өз елін

 

Отаным Қазақстаным

Жұмбағым, Қазақстаным          Дария

Сен менің жебеп-демеушім

Тәуелсіз Қазақстаным

 

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған                     Айзере

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

16-Желтоқсан күні- Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылады. Сондықтан да Желтоқсан бүкіл халықтық мереке.

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Сендер отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі,тәртіпті азаматтары болыңдар. Өз елі мен жерін көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақсыңдар. Еліміздің тірегі сендер болмақсыңдар

Бүгінде Тәуелсіз елімізге 27 Жыл толып отыр .

Қонаққа ақ көгершін кіріп келеді. Мерекемен құттықтап балаларға көгершіннің суретін әкеліп, соны салуға көмектесулерін сұрайды.

Балалар бүгін мерекеге орай біз сендермен «Көгершін» бейбітшілік құсын суретін бояумен бояймыз.

-Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметі қандай мерекеге арналды?

-16-Желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналды

-Тәуелсіздігімізге неше жыл толды?

-27 жыл толды

-Біздің елбасымыз кім?

-Қасым Жомарт Кемелұлы

Мінекей балалар біз бүгін Тәуелсіз ел туралы білімдерімізді толықтырдық. Сендер өте жақсы қатыстыңдар. Балалар отанымызды сүйіп, бейбітшілік өмірімізді бағалай білейік. Осы мерекеге орай сендерге кішкентай сыйлығым бар. Қонақтармен қоштасамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 12.12.2019 13:39
Құрылған күні: 12.12.2019 14:07

Текст