«Мектепалды даярлық» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тақырыбы: «Сиқырлы әріптер!»
Топ атауы: №13 «Балапан» тобы
Білім беру саласы: «Қатынас» «Таным» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қорытынды оқу іс-әрекеті.
Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой-қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау. Әдісі: Дидактикалық ойындар «Кім тапқыр», «Кім білгіш», «Тәртіпті сандар», , сергіту сәті, ,көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекілігі: Кубик, сандар,әріптер ,карточкалар.
Түрі: Өткен сабақтарды пысықтау
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Кел,балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!
Кел,балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Балалар бүгінгі біздің ашық оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ.
Күндегі оқу іс-әрекетімізден ерекшелігі сіздер бүгін сайысқа түсесіздер. Ол үшін екі топқа бөлініп отырамыз.
Енді топтарымыз аты және ұранымен таныстырып өтсін.
І-топ:
Топтың аты – «Сұңқар»
Ұраны:
Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ:
Топтың аты- Қыран
Ұраны:
Қыран қалықтап самғайды
Қыранның қанаты талмайды .
Мотивациялық Қозғаушы
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
Екі тілділік: Хат-письмо,хатқалта-конверт,әріп-буква,сан-цыфр,жұлдыз-звезда.
Олай болса бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін берілген тапсымаларға дұрыс жауап берген топқа жұлдызша беріліп отырады. Оқу қызметінің соныңда қай топта жұлдыз саны басым сол топ жеңіске жетеді.
Хат келеді:
І-хатқалта
«Кім тапқыр» Сұрақ-жауап бөлімі.
1)Жыл мезгілдерін білеміз бе?
Қандай?
2)Бір жылда неше ай бар?
3)Қазір жылдың қай мезгілі?
4)Көктем мезгілінің айларын білеміз бе?
5)Бір аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
6)Қазақ альфавитінде қанша әріп бар?
7)Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Қандай-қандай?
8)Дыбыстарды не істейміз?
9)Әріптерді ше?
10)Әріптерден не құраймыз?
11)Буындардан не құраймыз?
12)Сөзден не құраймыз?
ІІ-хатқалта
«Кім білгіш ойыны?» Тақтадан әріптер көрсетіледі, балалар текшені көтеру арқылы дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. -Дауысты дыбыстарға қызыл текше. -Дауыссыз дыбыстарға көк текше көтеру арқылы ажыратады.Көрсетілген әріптермен сөз құрастыру. « Сиқырлы әріптер» ойыны.
Кубикті лақтырып, қандай әріп түссе сол әріптен басталатын сөз ойлап, сөйлем құрастырып буынға бөлуіңіз керек.
ІІІ-хатқалта. «Сандарды рет-ретімен қойып шығу» І-ші топқа:1ден10ға дейін сандарды қойып шығу:II-ші топқа 10-нан 1 ге дейін кері қойып шығу.
Берілген тапсырмаларды орындау.
Сергіту сәті.
Бойыңды сергек тік ұста
Емін – еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын
Ойын(Таным,шығармашылық)
Екі топтан бір баладан шығып ойнайды.
Ойынның шарты:Үстелдің үстінде тұрған сандарға конструктордың көмегімен қандай сан болса сонша конструкторды жылдам қойып шығу керек .Қай топтығ баласы жылдам әрі дұрыс ойын шартын орындаса сол топ жеңімпаз болады.
Қорытынды:
-Берілген тапсырмаларды орындайды.
-Ойын шарттарын ұғынып, түсінеді.
-Жыл бойы алған білімдерін көрсете алады.
Бағалау: Екі топтың жұлдызшаларын санап жеңімпазды анықтау.
-Балалар, сендерге көп рахмет, бүгінгі сабағымыз аяқталды барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар.
Тәрбиешілер: Адилова А.Б. Ильмурадова.Р.Т