КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауаның қасиеті

Сабақтың тақырыбы: Ауаның қасиеті

  Сабақтың мақсаты:Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру.

   Тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызды қоршап  тұрғанына  көздерін      жеткізу.Қоршаған ортаны таза ұстауға  тәрбиелеу.

 

Сабақтың барысы:

Балалар музыка ырғағымен кіреді,шеңберге тұрады.

 

Шаттық шеңбері:

                                 Арайлап таң атты,

                                 Алтын сәуле таратты,

                                 Жарқырайды күніміз.

                                 Жарқырайды даламыз.

                                 Қайырлы таң балалар!

                                 Қайырлы таң қонақтар!

 

Тәрбиеші:Балалар бүгін тобымызға  таңертең  пошташы сәлемдеме алып келіпті.Сәлемдемені   бізге Самал жел жіберіпті.Не бар екенін көрейік.Хат жазып жіберіпті,және мына шарды беріп жіберіпті.Шардың ішінде не жасырынғанын  табыңдар деп жазыпты.Оның ішінде не болуы мүмкін екен?

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар бұл шардың ішінде не бар екен?

-Балалар өз пікірлерін айтады.

Тәрбиеші:Шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды.

-Меніңше шардың ішінде бір нәрсе  бар сияқты.Өйткені оның жібін шешкенде, дыбыс естілгендей болды.

-Балалар  шарды босатқандағы ысылдаған дыбысты тыңдайды.

-Балалар шарды босатқанда  одан ауа шықты.

Дұрыс айтасыңдар ауа  жасырынған екен.

Бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз  ауаның қасиеті жайында  болады.

-Ауа тірі табиғатқа жатама?,әлде өлі табиғатқа жатама?

-Біз немен демаламыз?

-Біз мұрнымызбен демаламыз?

-Біз ауамен тынысаламыз.

-Яғни  мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.Тынысты шығарғанда ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады.

-Ауа таза болу үшін не істеу керек?

-Шіріп,жерге түскен жапырақтарды өртемей,жинап алу керек.

-Топтың ішіндегі гүлдердің шандарын сүртіп отыру керек.

-Машиналардың түтін шығаратын түтініне сүзгіш орнату керек.

-Топтың ішін терезені ашып желдетіп алу керек.

-Топтың ішінде жүгіріп ойнауға болмайды.

-Таза ауаға шығып демалу, адам денсаулығына  өте маңызы зор.

 

Тыныс алу жаттығуы

1.-Қолды бос жіберіп тік тұрамыз,қолымызды жоғары көтеріп,қанат қағамыз.

Демді ішке тартып « ку-ка-ре –ку»,деп дем шығарамыз.

2.Шеңбер бойымен  жүреміз,терең дем аламыз,жүрісті ақырындатып «а-а-а-ах-х-х деп дыбыстап демді шығарамыз.

3.Мұрнымызбен дем алып ауаны ауызынан шығару.

 

Ғажайып сәт:Есік қағылып ішке, Дымбілмескіреді.Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бәрі мені  ренжетеді,мен судың астында балықтармен бірге өмір сүргім келеді,ал маған бәрі судың астында өмір  сүре алмайсын дейді.

Тәрбиеші:Сен балық емессін, адамсын,ал адам ауамен дем алады.

Балалар біздер судың астында өмір сүре алмаймыз,бізге ауа қажет.

Дымбілмес:Ал мен ол ауаны қайдан аламын?

-Дымбілмес саған ауаны беру керек емес.Ауа әр қашанда біздің  қасымызда,бірақ ол көрінбейді.Сен уымдама,біздің балалармен отырып сабаққа қатысып бірге тәжірбие жасайық.

Тәжірбие жасау.

1-Тәжірбие:Балалар алақанымызды ауызымыздың қасына апарып,алақанымызға демалайық.Демалғаннан алақан жылыйды,енді ауамен демалып тұрғанымызды көрдікпе?Қолымызбен,ауызымызбен,мұрынымызды жауып дем алмай тұрайық.Қиынба?

2-Тәжірбие:Ауаны қалтаға үрлеу.

3-Тәжірбие:Су құйылған ыдысқа  түтікше салып  ауа жібереміз,су көпіршіктері пайда болады.

4-Тәжірбие:Паралонның кішкене бөлігін  суға салып көрейік не байқадық?

Паралон суға батпағанын байқадық.Себебі ол тығыз емес,оның бойында ауа бар,ал тасты салсақ  тас батып кетеді.

5-Тәжірбие:Шынының  ішінде дөңгелек салынған ал ауа жіберсек дөңгелектер қозғалады.

 

Дид.ойын.«Иісінен айыр»

1.Пияз

2.Сарымсақ

Дымбілмес балалаға рахметін айтып қоштасып кетеді.

 

Сабақты қортындылау

Жаңартылған күні: 13.05.2022 15:55
Құрылған күні: 13.05.2022 15:55

Текст