Тәрбиешіі: Айткожина А.А.
Жүргізуші: Айткожина А.А
Музыка жетекшісі: Алпысова А,Ж
Аяз ата: Шортаева А.Д
Акшакар: Капарова Г.М
Маша: Нурбай А.С
Аю: Жумажанова Г.К
Қояндар: Аблазов Алихан, Ақәділ, Расул, Мухаммад, Максим
Қасқырлар: Алишер, Мустафа, Санжар, Нурали, Жанайдар
Түлкілер: Керейхан, Асанали, Ж Алихан, Әкежан, Тайр
Шыршалар: Адия, Анель, Жасмина, Мөлдір, Амина, Раяна, Айша, Адина, Айлана, Аруана
Әндер: «Кішкентай ш
«Маша мен аю жаңа жылда»
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл жайлы түсініктерін арттыру
Балаларға ән салуғу, би билеуге, бейімділіктерін арттыру
Мерекелік көңіл-күй орнату. Мерекені есте қалатындай көңілді өткізу.
ыршамыз»
«Ақшақар»
«Аяз Ата»
Билер: «Шыршалар »
«Аңдар»
«Керемет»
Қимылды ойындар: «Қатыру»
Балалар екі калонаға тұрып (көңілді музыка әуенімен) кіреді.
Жүргізуші:Құрметті балалар, қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Балапан»тобының «Маша мен аю жаңа жылда» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Баршаңызға денсаулық, өмірлеріңізге шаттық тілеймін
Құтты болсын Жаңа жыл , барша қауым,
Құтқа орансың кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын.
«Маша мен аю» ертегісінің желісімен ертеңгілікті бастаймыз.
Музыка әуенімен «Маша мен аю» шығады.
Аю:
-Ой, мен шыршаны безендіргенше шаршап кеттім.
Маша:
-Ой,ой мында ешкім жок кой. Ого! (Секіріп)Шырша қандай әдемі!
Аю: -Сен кімсің?
Маша:- Мен? Балалар мен кіммін?-аю білмейді менің кім екенімді
Балалар:-Бұл Маша
Маша:-Сен мұнда не істеп жүрсің?
Аю: Мен мұнда Аяз атаны күтіп жүрмін. Қазір өзіде келіп қалады. Маша:-Ал ол кім?
Жүргізуші:Балалар Маша Аяз атаның кім екенін білмейді екен, оған аяз ата туралы тақпақ айтып береміз бе?
Балалар:- Ия
Ақәділ:
Сағындым аяз атаны
Орала ма ол енді
Айтар едім өлеңді
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен
Ж. Алихан:
Құтты болсын достарым,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Би билейік ойнайық
Аяз ата қуансын.
Мустафа:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Айша:
Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Расул:
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылмен қызықты
Аю: Міне жаңа жылда келіп қалды. Аяз ата болса әлі жок. Қайда жоғалып кетті? Аяз ата жоқ болса, мен ұйықтауға барамын, қыста аюлар ұйықтайды. Мен ұйқыға кірісемін
Маша:Аю қолыңды берші маған ұйықтамашы (жылайды). Оянбай жатыр көмектесіндерші аюды оятуға
Жүргізуші: Жарайды Маша саған көмектесеміз. Қане балалар ортаға шығып аңдар биін билеп берейік мүмкін аю оянар.
Би: «Аңдар»
Аю: Бұл не айқай? Не шу? Тыныш ұйқы бермеді ғой, көңілді би билеп жатырсыңдар! Бірақ Аяз ата әлі де жоқ. Бәріміз бірге Аяз ата шақырайық Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата ауу-ауу, ауу-аууу.
Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата:Ау, амансыңба? Ұлдарым!
Аппақ ару ,қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Мен сендерді қатты сағындым. Мені көп күтіп қалдыңдар ма?
Ақшақар:Салеметсиз бе бүлдіршіндер! Көңіл –күйлерін қалай?
Барлығы: Салеметсиз бе Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата:Ал мына шырша неге жанбай тұр?! Бұл шыршаға бірдене жетіспейді.
Ән: «Кішкентай шыршамыз»
Маша: Ура! Ура! Ура! Шыршаны жандыру үшін менің кішкентай құрбыларым би билеп береді
Би: «Шыршалар»(қыздар)
Аяз ата: Маша оған сиқырлы сөз айту керек. Қане бәріміз айтайықшы: бір,екі,үш шырша шамдары жаңа түс!(шыршА жарқырайды)
Жүргізуші: Ендеше балалар Аяз атаға арнап ән айтайық
Ән: «Аяз Ата»
Жүргізуші: Аяз ата жолдан шаршаған боларсыз, төрлетіңіз демалыңыз біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Анель
Жасыл желек жамылған
Асыл моншак тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Мухаммад
Би билейік ойнайық
Аяз ата қуансын