Тәрбиеші: Нұрбай А. С.
Тақырыбы : «Ырысы мол – Алтын күз!»
І-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді бастаймыз.
ІІ-жүргізуші:
Өнер десе жайнаймыз,
Сандуғаштай сайраймыз.
Алтын күзге арнаған,
Әнімізді шырқаймыз.
Балалардың орындауында «Күзгі әуен» әні.
І-жүргізуші:Балалар қараңдаршы бізге бір қонаққа келе жатқан сияқты. (Ортаға әуенмен алтын күз келеді).
ІІ-жүргізуші:Сәлеметсіз бе сары алтындай сары күз!
Күз:Сәлеметсіндер ме балалар,қонақтар!Мен күз ханшайымы боламын!
І-жүргізуші: Мерекемізге қош келдіңіз! Төрге шығып қонақ болыңыз!
Күз ханшайымы:Рахмет балалар.Қандай ұқыпты, ақылды балаларсыңдар. Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Біз күз айын не себепті молшылық айы деп атаймыз?
Балалар: Себебі күз айында жемістер мен көкөністер піседі.
Күз ханшайымы:Өте дұрыс айтасыңдар.
ІІ-жүргізуші: Ендеше күз айында піскен біздің көкөністер мен жемістердің сіздерге дайындаған тақпақтары бар екен тыңдап көріңіздер.
Айзере:
Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін.
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін.
Сусыныңды қандырар,
Салқын саумал шырынмын.
Али: Нан атасы бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенде мен қырда,
Қауызыма сыймаймын.
Інжу: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Әлия:
Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім.
Арайлым: Тал шыбығым бұрылып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен -қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Аслан : Асханадан шықпаймын,
Атым-пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Нұрдәулет : Атым –қияр, теріпал,
Жиі-жиі суарып.
Умар: Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.
.Айлана : Күнге ғашық күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Арқам кеуіп тұрған соң,
Ала жаздай су іштім.
Б.Айша: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойынды.
Қоянғада азықпыз,
Сәбіздерміз жазықпыз.
Д.Айлана: Бақша төріндегі асқабақпын,
Асханадағы дәмді тамақпын.
Сап-сары болып торсиып,
Күтем сені терсін деп.
Дария: Картоп біздің атамыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Күз:Қандай тамаша! Балалардың тақпағы маған ұнады.
І-жүргізуші: Күз сен қандай әдемісің!Көйлегін де жарасымды.
Бүгін Сіздің құрметіңізге балалар би билеп берсе қалай қарайсыз?
Күз ханшайымы: Әрине, қарсы емеспін билерін тамашалап көрейік.
Би: « Көкөністер».
ІІ-жүргізуші: Біздің балалар тақпақ айтып, би билеумен шектелмейді ән де шырқайды. Балалардың орындауында "Күзгі вальс" әні .
(Балалар "Күзгі вальс" әнін орындайды).
Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге құр қол келгенім жоқ, өзімнің қызық ойынымды ала келдім. Қаласаңдар, бәріміз сол ойынды ойнайық.
«Көкөністер мен жемістер жинау» ойынын ойнайды.
І-жүргізуші: Сізге көп рахмет күз ханшаймы, өте қызықты ойын болды. Балаларымыздың орындауында ән.
«Жаңбыр» әнін орындайды.
І-жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларда сізден қалысар емес өздерінің дайындаған тақпақтары бар қабыл алыңыз.
Қ. Айша: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Айқыз: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Альнур: Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
Луиза: Алтын, сары,қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартаатырап.
Мирас: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Марьям: Күн суытып,
Жапырақтар түседі.
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Сенбай Алихан: Жеміс мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Медина: Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
Садвакасов Алихан: Сау сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырап,
Көкке құстар тізілді.
Құрманжан: Күз жомарт қой қашанда,
Мол жемісін беретін.
Піскен қарбыз, тәтті алма,
Балаларға керек қой.
Ахмет: Тамсандырып таңдайды,
Жеміс-жидек піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Жер бетіне түседі.
Аярис: Күзім,күзім, күзім,
Пісті алма, жүзім.
Тұрғанда бәрін күз беріп,
Кел алайық біз теріп.
Расул: Қазанда халқымыз,
Тойшыл ол салтымыз.
Береке байлығын,
Беріп тұр алтын күз.
Күз ханшайымы:Қандай өнерлі балаларсыңдар! Балалардың тақпақтары маған ұнады. Рахмет сендерге.
ІІ-жүргізуші:Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалар: Күзмезгілінде суық, жаңбыр болады
ІІ-жүргізуші: Өте дұрыс айттыңдар. Сол күз мезгілінде болатын жаңбыр жайлы ойын ойнайық
Балалар: Иә,иә.
ІІ-жүргізуші: Ендеше барлығымыз «Күн жаңбыр» ойынын ойнайық.
Ойын: «Күн жаңбыр»
І-жүргізуші: Балалардың орындауында «Көңілді би».
«Көңілді би»
Күз ханшайымы: Балалар сендерге көптен көп рахмет. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Өзіммен бірге жемістер ала келдім. Осы жемістерді жеп ешқашан ауырмаңдар. Мен енді басқа да балалардың алтын күз ертеңгіліктеріне қатысып өнерлерін тамашалау үшін жолға шығуым керек. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз күз ханшайымы!
(музыка әуенімен күз ханшайымы шығып кетеді).
ІІ-жүргізуші:Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Қош сау болыңыздар!