тәрбиеші - А.Р. Алимханова
Тақырыбы: «Тұңғыш президент күні»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президент екені туралы әңгімелеп, түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын,елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнектіліктер: слайд, көмір.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.
Арайлап таң атты,
Күн сәулесін таратты.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң балалар!
Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып ән ұранды орындайық.
Балалар,қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Тұңғыш президент күні. Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ол біздің тұңғыш президентіміз!
Тәрбиеші: Ал енді мыны суретке қарайықшы таныйсындар ма?
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының президенті. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда халық өз дауысымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады.
Н.Ә.Назарбаев Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.1960 жылы Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірді. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатында ВТУЗ-ды бітірді.
Еңбек жолын 1960 ж. Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеуден бастау алған. Өзінің табаңдылығы мен еңбекқорлығының арқасында, халықтың күшімен президент болды. Балалар, сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей,
Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу.
Тәрбиеші: Ал енді мыны суретке қарайықшы таныйсындар ма?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында өз еркімен президенттіктен бас тартып, өзінің орнына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елбасы етіп сайлап кетті. Қазіргі елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап). 2019 жылдың 9 маусымында көптеген заңсыздықпен өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді.
Тәрбиеші: Біздің президентіміздің жұмыс орны қайда? Кім біледі?
Балалар: Президентіміздің жұмыс орны Нұр-сұлтан қаласында, Ақорда ғимаратында жұмыс істейді.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар! Нұр-сұлтанда тағы да не бар? Қандай ғимараттар бар?
Балалар:Нұр-сұлтанда Бәйтерек ғимараты бар!
Тәрбиеші:Дұрыс, ол біздің елдің символы.Балалар елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы - президент – President.
Балалар сендер елбасы туралы өлең жолдарын білесіңдер ме?
Мақсатына жету үшін алдағы,
Әубастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.
Сол азамат Нұрсұлтаның емеспе,
Орындаған бабалардың арманын. (Нұрай)
Күн өткен сайын құлпырып,
Жайнадың гүлдей Астана,
Елорда – менің Астанам,
Елорда-менің бас қалам. (Әли)
Ел болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұсұлтанның атымен басталады. (Диана)
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.(Аян)
Елбасымыз саған мәңгі ризамыз,
Үлкен-кіші, ағайындар- бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз. (Сәкен)
Тәрбиеші: Өте керемет өлең жолдарын айтады екенсіңдер жарайсыңдар!
Балалар бойымызды бір сергіп алайық.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір отанды сүйеміз.
Тәрбиеші: Ал, балалар, сендер біздің еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: Иә, білеміз. Еліміздің рәміздеріне: ән ұран,ту және елтаңба.
Тәрбиеші:Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?
Балалар: Қазақтың ұлттық ою өрнегі, күннің көзі, қыран құс бейнеленген.
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:Көк түсті.
Тәрбиеші: Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді ілдіреді, ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген мағынаны білдіреді.Ал, туымыздың жанында не бар екен?
Балалар: Ою-өрнек.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.Енді балалар Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар: Шаңырақ!
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар: жеті қанатты екі пырақ бар.
Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.
Ал ән ұрынымыздың сөзін Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жазған, ал әні Шәмші Қалдаяқов шығарған.
Балалар Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы: Отан - оттан да ыстық.
Отансыз адам – ормансыз бұл бұл.
Біздің ұлтымыз қалай аталады?
Балалар: ұлтымыз қазақ.
Тәрбиеші: Ана тіліміз қай тіл?
Балалар: Қазақ тілі.
Тәрбиеші: Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг - flag
Елтаңба – герб – emblem, ән ұран – гимн – anthem.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық? Ол кім? Балалар біздің еліміз қалай аталады? Маған біздің елдің рәміздерін атап беріндерші? Жарайсындар, балалар! (сұрақ жауаппен сабақты қорытындылау)
Тәрбиеші: Бүгінгі біздің тұңғыш президент күніне арналған тақырыпттық сабағымыз аяқталды бүгін сендер сабаққа жақсы қатысқан үшін мен сендерге сыйлық таратқым келіп отыр. Тұңғыш президентіміз туралы өлең жолдарын, мақал-мәтелдер, ән ұран айтып, бүгінгі сабағымызды жан-жақты аша білдіңдер. Келесі кездескенше күн жақсы.