Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Дамытушылық: мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру.
Тәрбиелік:Балалар ән айтып би билеу барысында өзін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Жауаптылар:№13 топ тәрбиешілері: Адилова А.Б
Илмурадова Р.Т
Музыка жетекшісі : АлпысоваА.Ж
Би жетекшісі АлпысоваА.Ж
Күз ханшайымы Идьмурадова Р.Т
Әндер:
«Күз тамаша» Әні мен сөзі : Бота Бейсенова
«Алтын күз» Әні мен сөзі : Бота Бейсенова
«Қандай тамаша күз» Әні мен сөзі : Айгул Досмагамбетова
Би: «Жемістер биі»
«Көңілді би»
Көңілді ойындар : «Жемістер мен көкөністерді жинау»
Көрнекіліктер :Жемістер мен көкөністер
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және балақайлар! Бүгінгі біздің №13 «Балапан» мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз!
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Армысыздар кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жооооқ.
Жүргізуші:
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз,
Сайраңдаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
1.Анель
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
2.Умар
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
3.Әбду-Азим
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
4.Айзия
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
5.Алия
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.
6.Әкежан
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
7.Мөлдір
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
8.Сағыныш
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
9.Дарина
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Жүргізуші:
Алтын күз мерекесіне арналған әнімізді қабыл алыңыздар
Қызыл сары жапырақтар
Алтындай жарқырайды
Ағыл тегіл жаңбырдай
Жерге төгіледі тамаша 2 рет
Қайырмасы:
Қандай тамаша ай
Алақай ау алақай
Өлкеме күз келді
Әнімен көңіл көтерді
2. Күзгі дәмді жемістер
Жұпар жидек балдай
Тіл үйірер шырындай
Үстелде атыр алақай
Қайырмасы:
Жүргізуші: Тақпақтарымызды жалғастырамыз.
10.Алихан
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
11.Жамбыл
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
12.Савелий
Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
13.Аяна
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
14.Ақзыйнат
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
15.Аделина
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
16.Төрехан
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
17.Айлана
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
18.Мустафа
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.
Жүргізуші:
Алтын күз мерекесіне арналған әнімізді қабыл алыңыздар
Алақай алақай алақай
Күз келді бізге енді қараңдар
Бақша бәрі башырын, алмалар, алмалар, қауындар
Қайырмасы:
Алтын күз, алтын күз
Күтеміз сені біз
Төріміз сіздікі, келіңіз келіңіз 2 рет
Көп күттік сарғайып кеттіңбе
Асығып бізге әрең жеттіңбе
Сағынып әне күн барлап тұр
Аспаннан алтын нұр төгілді
Қайырмасы :
Жүргізуші:
Алтын күз мекрекесіне арнап балалардың дайындаған биін қабыл алыңыздар
Би: «Көкөністер мен жемістер биі»
Балалар билеп болып орындарына отырғалы жатқанда балалардың біреуі құлап қалады ,балалар қорққанынан дәрігер шақырыңдар деп жан жақтан мазасыздана бастайды.Балалар дәрігерге қоңырау шалады ,дәрігер келіп құлап қалған баланы тексереді,сөйтсе ағзасында дәрумендер азайып кеткенін анықтайды.
Дәрігер ауырған балаға дәрумендер жеуге кеңес береді.
Қалған балалар ауырып қалған достарына көмектескілері келетінін айтады.
Алтын күз оларға дәрумендер жинауға тапсырма береді.
Ойын: «жемістер мен көкөністер»
Күз тамаша
Күз келіпті тамаша
Айын шалқар далама
Сарғаяды жапырақ
Сан жетпейді санаса
Қайырмасы:
Күз, күз, күз
Сарғаяды даламыз
Біз, біз, біз
Жеміс жинап аламыз
Күз, күз, күз
Біз оқуға барамыз
2.
Жаңбыр да көп жауады
Бұлттар төніп ауады
Жемістер мен жидекке
Толып тұр ғой бала әні
Қайырмасы:
Жүргізуші:
Балалардың биін қабыл алыңыздар
Би: «Көңілді би»
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!