Тәрбиеші: Калдырбаева К. Е.
Сюжеттік - рөлдік ойын «Отбасы»
Мақсаты: Балаларға «Отбасы» туралы түсінік беру олардың үлкенді сыйлау кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту, әдептілікке, сыпайылыққа, мейірімділікке, үлкенге көмек көрсетуге, баулуға тәрбиелеу. Ойынды қызықты, ұйымшыл ойнауға үйрету.
Көрнекі құралдар: Үй жиһаздары, ыдыстар, киім-кешектер, торт
Сән салоны (шаштараз , маникюр ) Жедел жәрдем, Дүкенші, Дәріхана, Такси. Видео-слайд.
Көркем шығарма оқу. «Әдептілік-әдемілік» кітабынан жұмбақтар
Балалармен әңгімелесу. «Менің отбасым»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті. «Коммуникация» білім беру саласы, «Таным» білім беру саласы, «Әлеумет» білім беру саласы
Ата—аналармен жұмыс. «Менің отбасым» сурет көрмесі, ойынға қажетті құралдар дайындау.
Ойын барысы:
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін тауып, кімдер туралы айтылған табыңдар.
Ертегі оқып беретін,
Еркелетіп қыз - ұлды
бетінен шап - шап сүйетін (әже)
Біз үшін ең қымбатты
Ең ардақты адам кім? (ана)
Өзі салмақты, батыл,
отбасын қорғаушы,
асыраушы кім? (әке)
Тәрбиеші: Міне, балалар біз отбасы мүшелері туралы айттық.
Ойын: «Отбасындағы тойға дайындық»
Тәрбиеші: Балалар . Енді біз үлкендерге ұқсап ойын ойнамас бұрын мен сендерге тойда дастарханға қойылатын торт дайындап әкелдім.Бұл торт жай емес ,сендер өздеріңе ұнаған торттың үстіндегі гүлдерге қарап таңдап алуларың керек. Сол гүлдерге қарай біз рөлдерге бөлінеміз.
Айя саған қандай кейіпкер түсті? - Қыз
Умар .............................................? - Әке
София.............................................? - Ана
Линара...........................................? - Әже
Шаштараз .....................................? - Адия
Маникюр ........................................? - Айлин
Дүкенші...........................................? - Анель
Дәріханашы.....................................? - Айғаным
Жедел жәрдем.................................? - Назерке Абилмансур
Таксист.............................................? - Ержігіт
Ал ,балалар біз рөлдерге бөліндік ,енді өз орындарымызға жайғасып ойынды ойнайық.
Балалар өздері киініп әр кім өз жұмысына кіріседі. Әкесі киініп теледидар қарайды. Ал әжесі жіп иіріп отыр. Анасы тамақ дайындап жатыр. Кішкентай бөпелері бесікте ұйықтап жатады.
Айя әжесімен әңгімелесіп::
- Әже не істеп жатырсың? деп сұрайды.
- Қойдың жүнін қырқып аламыз, жүнді жуып тазалап, былай түтеміз
- Түткен жүнді иіріп сендерге қолғап, шұлық тоқып беремін.
Анасы дастархан жасайды .Бәрі жиналып үстел басына тамақ ішеді. Үстел басында әңгімелерін жалғастырады. Тамақ дәмді екен.
Анасы: - Бүгін Ернар досымыздың үйінде үлкен той болады. Ұлы үйленіп жатыр ғой. Ертерек дайындалайық. Мен шашатаразға жазылып қойғам, соған барамын ары қарай дүкеннен тойға шашу ала келейін. Сен қызым ертерек тырнағыңды әдемілеп кел. Умар Сәуле қызымыз оянса тамағын бер ұмытпа. Әже сіз мына дастарханды жинай салыңызшы. Барыңдар кешігіп қалмаңдар,ұят болмасын.
(анасы мен қызы шаштараз бен маникюрға кетеді, әкесі кішкентай бөпесі Сәулені тербетіп отырады,әжесі дастарханды жинайды)
Анасы шаштаразға кетеді.
Шаштараз салоны. (анасы мен шаштаразшы)
Қызы маникюрға келеді.
Маникюр салоны. (Айя қызы мен маникюршы)
(тырнақ жасайды)
Анасы шашатараздан соң қызы екеуі дүкенге соғады.
Дүкен (анасы дүкенге келіп тойға шашу алады)
Анасы барлығын сатып алып үйіне барса ,алдынан жолдасы кішкентай қызын алып шығып былай дейді:
Жедел жәрдем келеді:
(Әкесі дәріханаға кетеді)
Дәріхана
(Әкесі дәріні алып келеді,анасы қызына ішкізед де, ұйықтатады)
Анасы: Дайындалыңдар тезірек тойдан қалып қоямыз, киініңдер. (әкесі,қызы анасы әдеміленіп киінеді) Такси шақыртайық
(барлығы тойға кетеді, әжесі болса кішкентай Сәулені бағып үйде қалады)
Қорытынды: Бүгін біздің отбасымыз тойға барып келді. Сол тойдан сіздерге сарқыт алып келіпті. Тойдың сарқытынан дәм татыңыздар. (балалар сарқыттарын таратып береді)