2 – жастағы сәби не істей алады?
Балам дұрыс дамып келе ма? - деген сұрақ әр ананың көкейінде жүреді. Екі жастағы бала нені үйрену керек, әр баланың өзінің жеке ерекшеліктері бар. Қазір сіздің балаңыз не істеп жүрсе де, оның жалпы дамуына әсер етпейді. Егер бір бала оңай жасаса, келесі бала оны жасамауы да мүмкін. Бірақта 2 –жастағы балалардың аз болса да дағдылары бар:
Біріншіден физикалық және психологиялық дамуы бір-бірімен тығыз байланысқан.
2 жастағы дені сау бала келесі қимыл-қозғалыстарды өзі жасау керек:
1.Кедергілерді аттап өту;
2.Секіре білу, адымды жүгіріске ауыстыру, шағын баспалдақпен жүру;
3.Доппен қолмен, аяқпен ойнау;
4.Тепе- теңдікті сақтау, биік емес жерлермен жүру;
5.Кітапшалардың әр беттерін ашып көру;
6.Музыка арқылы билеу;
7.Көлденең, тігінен сызықтарды қарындашпен немесе бормен сызу.
Екі жастағы бала қорқыныш сезімін білмейді, денсаулығына қауіпті болатын әрекеттерді істейді, сондықтан ата-аналар жарақат алып қалмау үшін, әрбір әрекетін қадағалап отыру керек.
Екіншіден, ұсақ моторикасын дамуына көңіл бөлу керек, өйткені баланың сөйлеуін дамуы осыған байланысты. Үлкен заттарды: моншақты жинау, тесу, тасбұршақпен ойнау, ұсақ тастармен, қорапқа біртіндеп салу арқылы, ермексаз тағы басқа ойындар арқылы ұсақ моторикасы дамиды Екі жастағы балаға заттармен ойнағанда ересек адам қадағалайды, өйткені жұтып қоюға немесе тыныс жолдарына тұрып қалмауын қадағалау керек.
Үшіншіден, екі жасар баланың сөйлеуінің даму ерекшелігі, сөйлеу дағдысы әлі күнге дейін пікір таласта келе жатыр. Кейбір балалар екі жаста ересектермен бірге тақпақтарды қайталайды, кейбіреу тек «ана», «әке» деп қана айтады, бірақ бұл ауытқуға жатпайды. Сөйлеуді дамытуға байланысты факторлар әртүрлі. Ұлдарға қарағанда қыздар ерте сөйлейді. Балабақшаға келген балалар да ерте сөйлей бастайды. Екі жастағы баланың сөздік қоры 200 сөзді құрайды екен.
Сөйлеу дағдылары бойынша:
1.Дыбыстық талдау дұрыс айтылуына байланысты;
2.Үлкендер айтқанын қайталағанда мазмұнын түсінбеу;
3. «Бұл не?»- сұрағына белсенді жауап беру;
4.Өзі туралы үшінші жақта айту;
5.Сөйлемді құрастырғанда үш сөзден жоғары болуы;
6. 3-5 сөйлемнен мәтін құру;
7.Үлкен-кіші, жоғары-төмен, ұзақ-тез ажырата білу;
8.Өзіне таныс заттарды суреттен немесе әрекеттен білуі;
9.Өзінің атын, туысқандарының атын айтуы;
10.Өзінің жасын айтады;
Ең басты ата-аналар балаға анық айту керек, сөздің мағынасын түсіндіріп қайталату керек,
Төртінші, көңіл - күйдің (эмоциональдық) дамуы. Екі жастағы бала түсінеді, ол жеке тұлға оның ойымен санасу керек. Оның эмоциональдық дағдылары келесіден тұрады:
1.Жақындарына шулы эмоцияны көрсетеді;
2.Қуаныш пен наразылығын білдіреді;
3.Өзінің келіспегенін іс-әрекетінде жылау арқылы көрсетеді;
4.Анасымын бірге болғанда, басқа балалармен қызықты қарым-қатынаста болады;
5.Достар іздей бастайды;
6. Ойында немесе бір затқа көңілін ұстай алмайды
Баланы көп уақыт болатын мерекелерге және алыс жолға апаруға болмайды.
Бесіншіден, әлеумет-техникалық дағдылар, бала өз бетімен бірдеңе жасағанда табысты бола бермейді. Сондықтан егер бала мазасызданғанда көмектесе отырып, дұрыс жасалуын түсіндіріп, келесі жолы өзі жасағанда дұрыс шығуын қадағалау керек.
Екі жастағы бала не істей алатыны, ата-аналардың өздеріне байланысты:
1.Өзі тамақ ішіп, тамақты төкпей, түсірмей жеуі;
2.Қолын сабынмен өзі жууы;
3.Ата-аналар көмегімен тісін жууы;
4.Қолғап, бас киімін, шұлығын өзі кие алуы;
5. Аяқ киім мен шалбарын өзі киіну мүмкіндігі;
6. Түбекке сұранады, бірақ шыдамдылығы жетпейді.
Соңғысы, танымдық дағдылары мен ойлары, баланың сөйлеуіне тура байланысты.
Сондықтан ата-аналар баламен көп сөйлесу қажет, барлық әрекетіне көңіл бөлу керек, түсіндіру, көрсету, сұрақтарына жауап беру.
Екі жастағы баланың танымдық дағдылары мыналар:
1.Заттарды ажырата алады: үлкен-кіші, жылы-суық;
2. Өз бетінше 6 -дөңгелекті пирамиданы көлеміне қарай жинайды;
3.8- түсті ажырата алады;
4.Түсі, өлшемі, формасына қарай топтастырады;
5.Негізгі геометриялық пішіндерді біледі; шеңбер, үшбұрыш, шаршы;
6.Жаттығу элементтерін немесе бидің қозғалыстарын қайталайды;
7.Бір затты екінші затқа оңай салады, мысалы, матрешка
8.4-элементтен тұратын пазлды құрастырады.
Екі жастың өзінде бала үлкендерге еліктейді. Сол кезде тыйым салуға болмайды. Үй жинағанда қолына шүберек беріп, шаң сүртуге, еден жууға, ойыншықтарын жинастыруға, анасына пұшпара түюге, ыдыс жууға көмектестіру керек. Баланың қамқорлығына мүмкіндік беріп, мақтап, құшақтап, бетінен сүйіп мадақтап отырған дұрыс.
Егерде сізде баланың сөйлеуінде күмән келтірсеңіз невролог-дәрігерінен кеңес алыңыз, ауытқуы бар ма анықтап, қалай емделу керектігін тағайындайды.