КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық оқу қызметі Тақырыбы:«Ғажайыптар зертханасы»

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тобы:№12 «Балбөбек» ортаңғы  тобы

Тәрбиеші: Алимханова А.Р.

Тақырыбы:«Ғажайып зертхана»

Мақсаты:Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Жұмбақтар жасыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Зертханаға саяхат жасағанда  өздерін еркін ұстауларын қадағалау.  Зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын қалыптастыру.Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету. Өз беттерімен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сабын түрлері, ыдыстағы көпіршік су, бос пластмассалық ыдыстар, сүлгілер, түтіктер, губка, кейіпкер  үйрек.

Әдіс-тәсілдері: Практикалық (тәжірибе- ойын, ойын-эксперимент).Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.

Қос тілді компонент:

 Зертхана- лаборатория, сабын- мыло, көпіршіктер- пузыри, үйрек- утка,

Сөздік жұмыс: тәжірибе, зерттеушілер.

 

Шаттық шеңбер:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүректің жылуын,

Апайларға сыйлайық.

-Ал, балалар енді келген қонақтармен амандасайық.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!

-Балалар,  сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге бір жұмбақ жасырайын сендер жауабын тауып көріңдер.

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бұл қай мезгіл болады?  (Қыс)

-Балалар,білесіңдер ме, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

-Дұрыс айтасыңдар қыс мезілі. Қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады?

-Қар жауады, боран соғады, аяз терезеге ою өрнектерін салады.

-Тамаша. Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгілінде үш ай бар. (Желтоқсан, қаңтар, ақпан).

-Қазір қыстың қандай айы?

-Қазір қыстың қаңтар айы.

-Өте дұрыс айтасыңдар.

-Балалар, қараңдаршы мына үстелге зерттеушілер өздерінің құралдарын ұмытып кетіпті.

-Бізге арнап хат қалдырыпты

Балаларға хатты оқып беру.

(зерттеушілер арнайы тапсырма жұмыспен кеткендіктері жайлы түсіндіру.)

- Балалар Зертхана дегеніміз - тәжірибе жасайтын орын. Зертханада зерттеушілер  тәжірибе жасайды.

-Сендер тәжірибе жасауды ұнатасыңдар ма?

-Иә.

Онда сендермен тәжірибе жасамас бұрын қауіпсіздік шараларын еске түсірейік.

Қауіпсіздік ережесі.

-Үлкеннің рұқсатынсыз  орыныңнан тұрып жүруге;

-құрал- жабдықтарды ұстауға;

-ауыз, мұрын, құлаққа танымайтын затты апаруға болмайды;

Ғажайып сәт:

Топ бөлмесіне бақылдап үйрек келеді.

Балалармен амандасып, өзінің түсініксіз жағдайға қалғанын айтып, көмек сұрайды.

Үйрек:

-Мен суға салқындап алайын деп түсіп едім, кенет суым көпірши бастады. Шошығанымнан судан шығып кеттім.

-Бірақ та ең қызығы мамықтарым аппақ болып, тазаланып қалыпты.

-Неліктен екенін білмедім. Осы жағдайды маған түсіндіріңдерші?

-Балалар үйректің қызық жағдайға қалай түскенін зерттеп көрейік пе?

-Иә.

-Ол үшін біз сендермен тәжірибе сабағын өткіземіз.

(Балаларға тәжірибе сабағын өткізу үшін

арнайы киімдер кигізу)

Сөздік жұмыс: тәжірибе, зерттеушілер.

1 тәжірибе.

-Жаңағы үйректің суын алып, неден көпіршік пайда болғанын анықтап көрейік.

-Барлығымыз көпіршікті қолымызға алып зерттеп, оны сипаттайық. (ыдыстағы көпіршік суды зерттеу)

-Мынау не?

-Су.

-Түсі, қандай?

-Ақ түсті көпіршіктер.

-Көпіршік ауыр ма, әлде жеңіл ме?

-Көпіршіктер жеңіл.

-Мына көпіршіктердің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Мәссаған, мына судың түбіне сабын түсіп кетіпті.Осы сабынның суға түсуінен көпіршіктер пайда болған екен ғой!

Қос тілді  компонент:

Зертхана-лабаратория, сабын- мыло, көпіршіктер- пузыри, үйрек- утка,

-Балалар сабының екі түрі болады .

Бірі- қатты сабын, екіншісі- сұйық сабын.

-Мына ыдыстағы судың көпіршіктері қатты сабыннан пайда болған екен. Ал, балабақшада күнделікті қолымызды жуып жүрген сұйық сабын.

Сергіту сәті:

Қаз қанатын жайды,

Аққу мойынын созды,

Үйрек келіп қонды.

-Сергіп қалдыңдар ма балалар? Ал енді, өзіміздің зерттеуімізді жалғастырайық. Бізді қызықты жаңалықтар тосып тұр.

2 тәжірибе.

-Балалар қазір барлығымыз алдымызда тұрған суға көңіл аударайық. Түсі ақ, мөлдір таза. Біз сол суға түрлі түсті бояуды қосу арқылы судың түсін өзгертеміз.

-Қараңдаршы суымыздың түсі өзгерді. Яғни суға түрлі-түсті бояу қоссақ түсі өзгереді екенін байқадық.

«Ең үлкен көпіршік» ойыны.

Шарты:Ойынға арналған ыдыстағы көпіршіктерді таяқша арқылы үрлеу. Түр- түсін, көлемін салыстыру.

Ең үлкен көпіршікті таңдау.

Үйрек:

-Ал балалар, менің үйге оралатын уақытым келді.

- Менің сұрағыма жауап қайтарып, дәлелдеп бердіңдер.

-Сендерге үлкен рахмет!

-Сау болыңдар!

Үйрекпен қоштасады.

-Сендерге бүгін жасаған тәжірибелерің, жалпы оқу іс-әрекеті ұнады ма?

-Иә, әрине ұнады.

Сурет бойынша қорытындылау, бекіту.

-Зерттеуші дегеніміз кімдер екен?

-Тәжірибені зерттейтін адамдар.

-Нені зерттедік?

-Сабыннан пайда болған көпіршіктерді зеттедік.

-Көпіршіктер неден пайда болады екен?

-Көпіршіктер сабыннан пайда болады.

-Ал, бүгін сендер үлкен сынақтардан өттіңдер.

-Енді сендерді зертеушілер қатарына қосуға болады.

 

Балаларға арнап «Жас зертеушілер» номинациясымен табыстау.

Енді келген қонақтармен қоштасайық сау болыңыздар! До свидания! Goodbye!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№14 «Достық» балабақшасының

№12 «Балбөбек» ортаңғы тобының тәрбиешісі

Алимханова Акнур Рымканкызының

26-шы қаңтар    күні өткізген

Қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметінде:«Ғажайыптар зертханасы»

Практикалық (тәжірибе- ойын, эксперимент).

іс-әрекетіне өзіндік талдауы

 

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Жұмбақтар жасыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Зертханаға саяхат жасағанда  өздерін еркін ұстауларын қадағалау.  Зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын қалыптастыру.Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету. Өз беттерімен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Ашық оқу қызметінде ең алдымен келген қонақтармен амандасып, көңіл-күйлерін көтере түсті.  Жұмбақ жасырылып жылдың қай мезгілі екені анықталды.

Оқу қызметі «Ғажайып зертхана»  деп аталғандықтан балалармен зертханаға саяхат жасап, әр түрлі зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Қонаққа үйрек келіп, балалар үйрекке өздерінің көмегін көрсетті.    Зертханада балалармен бірге тәжірибелер жасалып, «Ең үлкен көпіршік» ойыны ойнатылды. Оқу қызметін ұйымдастыру барысында ата-аналар жағынан көп көмек көрсетті. Зертханаға арналған киімдерін тігіп балаларға ұсынды.

Оқу қызметінде «Шығармашылық», «Коммуникация», «Әлеумет» білім беру салалары қамтылды.   ӨТШТ  әдіс тәсілдері қолданылды.

Балаларға оқу қызметі өте қызықты болды. Себебі барлығы белсене қатыса білді. Бүгінгі өткізілген оқу қызметінде алға қойған мақсаттарыма толықтай жеттім деп есептеймін.

 

 

 

Жаңартылған күні: 29.01.2021 12:10
Құрылған күні: 29.01.2021 12:10

Текст