Тәрбиеші: Адилова А, Б.
Абай атамыз – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуіріндегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.
Атамыздың есімі – қазақ халқының ұлттық санасынының рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы болмды .
Ғасырлар бойы қалыптасқан жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу -бұлар дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды.
Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санамызғаға, әдебиет пен өнерге жаңа бағыт берді.
Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адамның жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіздік.
Мен ақынның өмірі мен шығармашылығына үңіле отырып, менің санама талай сұрақтар туындады . Сол кездегі қиын заманның өзінде Абай атамыз білім алып, жарыққа ұмтылып, сол игілігін халқына беруге талпынған. Бізге бүгінгі таңда бар мүмкіндіктер жасалған. «Сол мүмкіндіктерді пайдаланып, неге биік мақсаттарға ұмтылмасқа?» – деген сұрақ еріксіз санаңа ұялайды. Абай атамыз ақылды жүрекке бағындыр деп бекерге айтпаған деп ойлаймын. «Адамзаттың барын сүй бауырым деп» - деген сөзінің өзі алған білімімізді ізгілікке бағыттау қажет екенін айтып тұр. Биыл Абай атамыздың 175 жылдық мереитойын атап өтудеміз.
Балабақшаларда ,мектептерде , жоғары оқу орындарындада Абай атамыздың әндерін сусындатып жаттап жүрген түлектеріміз көп.
Қазақ халқы: «Ізденген жетер мұратқа»-деп бекер айтпаған ғой. Абайдай биік, бетке ұстап мақтан ететін жандар көп болсын. Елімнің мәртебесі биік болсын деп тілеймін. Елім, халқым ата-бабамыздан қалған асыл мұра, біздерге , келер ұрпаққа аманат. Қазақ халқы ешқашан аманатқа қиянат жасамаған халық. Өз замандастарымызды жарқын болашаққа шақырайық.Ұлы атамыздың 175 жас мерейтойы қарсаңында өтетін іс-шараларға белсене қатысып, атамызға деген сый-құрметімді білдірейік. Өскелең ұрпаққа артылған жауапкершілік үлкен. адамгершілікпен орындап, болашаққа асыл мұрамызды құрметтей отыра қадам бассақ, жетер шыңымыз , асар тауымыз асқақ болмақ.