Ата-аналарға кеңес "Бала-біздің болашағымыз"
Әрине, балаға ерекше күтім, жан-жақты дамыту, әсіресе мектеп жасына дейінгі кезінде өте қажет. Бұл кезең сәбидің өзін-өзі күтуіне дәрменсіз, ата-ана қамқорлығына зәру, дүние танымы күшті дамитын, тәрбиенің негізі қаланатын кез. Сондықтан дәл осы кезеңде ата-ананың бейқаидыққа салынуына жол жоқ.
Жасыратыны жоқ халқымызға тән бейқадамдық «бүгін болмаса ертең жөнделер» деген жайбарақаттық бала тәрбиесіне де біраз кесірін тигізіп-ақ келеді. Неге десеңіз біздің қандастарымыздан басқа жұрт нәресте дүниеге келмей-ақ, біразы дүниеге келген күннен бастап ақ оның ертеңін ойлар тыпырлай бастайды. Бірден нәрестенің денсаулық қамын жасайды, дәлірек айтсақ дәрігерлік көмекке жүгініп уақытылы түрлі ауруға қарсы егу, күту, дұрыс тамақтандыру, таза ауамен суда шынықтыру, тіл мен дене бітімін қалыптастыру, ой-сана сезімін дамыту мәселелеріне тынымсыз көңіл бөледі. Күн сайын сәбиді қандай ауа-райы болса да, таза ауада қыдырып, таусылмайтын сұрағына ерінбей ой-өрісін дамытатындай жауабы арқылы түсінік беріп жүргенің көреміз. Солардың арасынан қалалық жерлерде сирек болса да жас отау иелері қандастарымызды көрсек әжәптәуір ішіміз жылып қалады. Ондай бірлі-жарымды отбасы мүшелерінің баласының денсаулығы, тәрбиесі, болашағы жөнінен кем жасағына қуанасың. Қуана тұрып, әттең қандастарымыз ауылда да баланың болашағына осылай мақсатты түрде қараса қандай ғанибет болар еді деп армандайсың.
Әрине, балаға ерекше күтім, жан-жақты дамыту, әсіресе мектеп жасына дейінгі кезінде өте қажет. Бұл кезең сәбидің өзін-өзі күтуіне дәрменсіз, ата-ана қамқорлығына зәру, дүние танымы күшті дамитын, тәрбиенің негізі қаланатын кез. Сондықтан дәл осы кезеңде ата-ананың бейқаидыққа салынуына жол жоқ. Бейқамдық салдарынан бала денсаулығына кесел келтірген жағдайға өмірден неше алуан мысал келтіруге болады. Мәселен, бір отбасында екі қыз бала ғана өсіп келеді. Сырт қарағанда көрер көзге тәп-тәуір, әп-әдемі. Осы екі баланың біреуінің бүйрегі бауыры сырқат екіншісі тілі – сақау. Осылардың жоғары сыныпқа келгенше дімкәстігіне ата-анасы ешбір зер салмаған өсе келе өзіенен өзі түзеліп кетіндей сезілген. Тек туыстарының араласып, емдеу жөніндегі кеңесімен кейін ғана қимылдай бастағанына куәміз. Ересек қызының қалаға апарып емдетудің арқасында ғана сырқаты аздап жеңілдеп, оқудан қалмай жүруіне жағдай туды. Ал кіші қыз өсе келе тілінің сақаулығынан ұялып, мектепке бармай қоюды щығарды. Осы қылығы үшін ол қызды ғана кінәлауға бола ма? Оның ісі сыныптас ұл-қыздардың мазағына ныдамаған шарасыздық емес пе? Құдайға шүкір, қалада да, ауылда да логопед деген мамандық иелері бар, кезінде балалар дәрігерімен де ақылдасуға емдауге болар еді. Осыған мән бермеген ата-анасын кінәламай қайтерсің! Міне баланың денсаулығы мен болағашына көңіл аудармайтын жандардың бейқамдығы осындай тіпті бұдан да басқа талай өкініштерге соқтырары сөзсіз. Бұл айтып отырғанымыз бала тәрбиесінің бір қыры – денсаулық жәйі ғана. Баланың денсаулығы ғана емес, тәрбиесіне де мән бермейтіңдер жандар қаншама? Баланың толық қанды адам ретінде қалыптастыру жолында тәрбиенің қажетті сан түрі барын дәледеп айтып тауысу мүмкін емес. Айталық баланың тілін жетілдіру, ой өрісін дамыту, айналадағы өмір болмыстарын таныту, шынықтыру, әсемдікке баулу, имандылықадамгершілікке тәрбие тағысын тағы. Жасыратыны жоқ, қандас отбасындағылардың ілуде бірі болмаса бұған мән беріп жатқандардың шамалы сәбидің ойдағыдай өсіп жетілуі үшін арнайы тамақ әзірлеп берудің орнына ересек ен ішсе соны беретін, тіпті аузымен нан шайнап беретін сорақылық та біздің халқта орын алған.
Кей баланың бойында туа біткен дарын болады. Біреуі сурет өнеріне, енді біреуі музыкаға әуес, ән салуға бейім, немесе қолының шеберлікке икемі бары қаншама. Міне осы қасиетті ерте кезден танып, оның талантының ашылуына жол ашу да ата-ананың міндеті№ Кейбіреулер баланың бойынан осындай бейімділікті көзге көрініп тұрсада мән бермейтінің қайтерсің? Қазақта «бұлақ көрсең, көзін аш» деген мақал тегін айтылмаған. Болайын деп тұрған балаға ұстазы, ата-анасы тарапынан жол көрсе,тетін ақыл-кеңес қамқорлық қажет. Ондай жағдай жасалмаған жағдайда бала өмірден өз бағытын таппаса, бойындағы дарыны қысып, жүйкесі жұқарып, кейін теріс жолға түсуі ғажап емес.
Бақшадағы тәрбиенің бір артықшылығы баланың бойындағы қасиетін дамытып, өріс алуына, талантының ашылуына, тіпті болмаса не нәрсеге бейімі зор екенің байқауға, дамытуға септігін жасайды. Өйткені балабақшада баланың жас ерекшелігіне қарай дамыту тәрбиесі шебер ойластырылған ғылыми түрдегі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылып жатады. Тек өкінішке орай, соңғы жылдары ата-аналардың қаржы тапшылығы қолын қысқарып, баласын бақшаға беру мүмкіндігі жылдан-жылға азайып барады. Мұның өзі баланың жан-жақты дамытуға, мектепке даярлауға кеселін тигізуде. Қажетті тәрбие салаларынан тыс, далада өз бетінше ойынмен ғана қараусыз қалған балалардың дағдыры әзірме ешкімді онша ойландырып жатқан жоқ. Ал бала біздің тәуелсіз еліміздің болашағы екенін ескерсек, қараусыз бала, тастанды бала, балалар үйіндегі ауызынан ақ май ағызсаңыз да ата-ана мейіріне зәру, мұңлы көз сәбилердің тағдырына қарап, еріксіз қабақжууға тура келеді.
Осыдан кейін ата-анаға мейірімсіз, қатыгез, қылмыскер, нашақор, еңбексіз жолмен оңай олжа табуға ұмтылушылар қайдан шығады деп таңдануға бола ма? Ондайлардың төркіні қайдан шығатының ойланатын кез кемені қашан? Той десе шабылып, жанын салатын, жалған намыс үшін шашылып, далбасалық жасайтын талай отбасылар баласын балабақшаға беруге, мектепке жіберуге жағдай табак алмайтынына қалай таңданбасқа? Біздің қандастарымыздан басқа жұрт неге мұндай күйде емес? Тұрмыс тапшылығын тартып отырған кедейшіліктің де, ел қатарлы өсіп өркендеп, жан-жақты жетілуге де жол бермейотырған не нәрсе?
Иә, қарайық жан-жағымызға, өркениетті елдерге қарап етек-жеңді жинайтын кез келді. Демек, ойланатын жәйт көп. Осы шағын мақалада бала тәрбиесіне қатысты мәселелердің бәрін бірдей қамту мүмкін емес. Тек ойсалу мақсатын көздегеніміз айқ
№13 «Балапан» тобының тәрбиешісі: Ильмурадова Р.Т.