«Алтын күз!»
№6 «Көбелек» ересек тобы
Тәрбиешілер: Шуақпаева О.Ж. ,Рыспаева Г.С.
Мақсаты:
Білімділік: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.
Дамытушылық: Мерекелік көңіл-күй орнату. Күз мезгілінің ерекшелігін көрсету арқылы балалардың ой-өрісін,тілін, сөйлеу мәнерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалар ән айтып, би билеу барысында өзін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Музыка жетекшісі: Алпысова А.Ж.
Би жетекшісі: Алпысова А.Ж.
Күз ханшайымы: Рыспаева Г.С.
Аю: Ерденова Ұ.Б.
Әндер:
Би:
Көңілді ойындар:
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті жапырақтар,қолшатыр,жемістер,көкеністер,
себет.
Зал іші күз мерекесіне байланысты безендірілген.
Музыка әуенімен балалар келеді, ырғақты қимылдар жасайды.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Бүгінгі ересек «Көбелек» тобының дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Ән: «Қолшатыр»
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ сары алтын,
Қуандырып біздерді.
Мерекелі Алтын күз келді.
Музыка ырғағымен Алтын күз келеді.
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен мырза күз, ынтымақты еліне,
Берекем ырыс болып енетін.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!Мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші: Алтын күз қош келдіңіз! Балаларымыздың өнерін тамашалаңыз!
Күз: Бәрекелді, балалар өнерлеріңді ортаға салыңдар!
Балалардың алтын күзге арнаған тақпақтары.
Ақниет:Берекелі, мерекелі,
Келді Жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
Ералы: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Айлин: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Адина: Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге ,
Өлеңменен бастайық.
Ән: «Күзгі вальс»
Жасмин: Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалтырап.
Орынбек: Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
Данелья: О,алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып-ап.
Аңсар:Күз әкелді байлықты,
Жайдарымыз бәріміз.
Дастарханда дәміміз,
Қауын,қарбыз,алмалар.
Би: «Жігіттер биі»
Музыка әуенімен аю кіреді. Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен тамаша күзгі орманда қыдырып жүр едім, бір себет тауып алдым, ішінде не бар деп ойлайсыңдар балалар.Ия, алмалар бар.Күз сіз жоғалтып алыпсыз ғой, мен сізге тауып бердім. Сол үшін балалар менімен бір ойын ойнайды.
Ойын: «Сәбіз егіп, жинау»
Аю: балалар, маған сендермен ойын ойнаған ұнады,бірақ маған орманға кету керек .Балалар сендер білесіңдер ме, мен күзде ұйқыға жатып, қыс бойы қардың астында ұйықтап шығамын, көктемде оянамын.Ал ендеше балалар, сау болыңдар!
Ж-ші: Мерекемізді одан әрі жалғастырамыз.Күзге арналған жыр шумақтар.
Мерей: Тамсандырып таңдайды,
Жеміс-жидек піседі.
Жапырақтар сарғайып, Жер бетіне түседі.
Назира: Күзім,күзім,күзім,
Пісті алма,жүзім.
Тұрғанда бәрін күз беріп,
Кел алайық біз теріп.
Асанали:Күз жомарт қой қашанда,
Мол жемісін беретін.
Піскен қарбыз,тәтті алма,
Балаларға керек қой.
Амир: Күздің қазан айында,
Алма,алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Жүргізуші: Кәне , балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жүберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады.
Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.
Ойын: «Кім жылдам?»
Көрініс: «Жемістер жыры».
Айым: Мен өрікпін,өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Жаннур: Мен алмамын, алмамын,
Аузындамын бар жұрттың.
Х.Сезім: Шиемін мен шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.
Фатима: Өзім шебер жүзіммін,
Толып пісіп үзілдім.
Бақшасында бағбанның,
Моншақ болып тізілдім.
Күз: Менің жемістерім туралы жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер, жақсы.
Би: «Қолшатыр» қыздардың орындауында.
Көрініс: «Күз айлары»
Ж.Сезім: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырады алтын күз.
Сайрандадың күліп ойнап,
Келіп кетті қыркүйек.
Адам: Қазан айы молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке қол созып,
Құстар ұшып барады.
Салиха: Құстар қайтты қыс болды,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп, гүл солды,
Қараша ызғары басталды.
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын
Ағайын бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе-сары. Бұл не?(Жапырақ.)
Ән: «Күзгі жапырақтар»
Күз: Рахмет сендерге балалар, өнерлі екенсіңдер!Өнерлерің осы алмадай тәтті болсын деп алма таратады.Сау болыңдар балалар!
Балалар: Сау болыңыз күз ханшайымы!
Ж-ші: Жыл айналып, күзіміз келгенше аман сау болайық.