КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіз елім-Қазақстан»

Тақырыбы:  «Тәуелсіз елім-Қазақстан»    

Мақсаты:Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу. Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік мәні: 
Өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу, ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұл-қызы болу..

Дайындық жұмысы: Ата-анамен алдын-ала жұмыс: балаларды мерекеге сай киімдерін даярлау, алдын- ала тақпақтар беру, билерді үйрету, әндерін ырғаққа сай орындауға үйрету. Мерекеге сай залды безендіру.                                            

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік, мақал-мәтел      

Көрнекіліктер: Президент, Астанаға байланысты суреттер, буклет    

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру барысы.                                                  

Шаттық шеңбер: Әнұран орындау.                                                                                                                           

2.Негізгі бөлім:

Көрнекілікпен жұмыс.
Тәрбиеші: Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз. 
Балалар бір сәтке назарларыңызды экранға аударсақ. (Слаид бойынша түсіндіру) (10-15 мин)

 Сұрақ-жауап:

-Балалар, біздің тәуелсіз мемлекетіміз қалай аталады?

-Қ.Р. Призиденті кім?

-Қ.Р астанасы қай қала?

-Мемлекеттік рәміздерімізге нелер жатады?

Тәрбиеші: Ал балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: Олар ту, әнұран, елтаңба.

Тәрбиеші: Тудың түсі көгілдір, ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.

Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ал қазір тәуелсіздік мерекесіне арналған тақпақтарымен ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Мерекеге шығады,       

Данель                                                            Марьям    Он алтыншы желтоқсан

Бүкіл халық, біліп қой                                                         Тәуелсіздік алған күн

Отандастар ұғады                                                             Мерекеге ел тосқан

Тәуелсіздік- ұлық той.                                                       Шырқатып ән салған күн!

 К. Айару

Туыспыз біз бәріміз       

Бір Отанды сүйеміз

Бақытты елде тұрған соң

Бақытты өмір сүреміз.

 

Біз Отанның гүліміз,

Туған жердің нұрымы   Мансур

Тәуелсіз біздің еліміз

Қазақстан жеріміз.

 

Күн шуақты Қазақстан   Ислам

Саған ғана үн қосқан

Жүрегімнің дүрсілі

Төгіледі жыр дастан.

Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:Шаңырақ!

Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар: Ат бар!

Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.

Елбасының суретін көрсету.

Қалай ойлайсыңдар, Елбасының міндетіне не кіреді?

Президент болуға кім лайық?

Елбасы қайда тұрады?

ҚР Елордасы қалай аталады?

Тәрбиеші: Балалар бойымызды сергіп алайық.

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

Тәрбиеші: Балалар сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар: Астанада

Тәрбиеші: Дұрыс. Астанада Ақордада.

Балалар Астанада тағы не бар?

Балалар:Астанада Бәйтерек бар.

                (Астанага байланысты  ноутбуктан суреттер көрсету )

Тәрбиеші: Жақсы балалар, енді  Отанымызға байланысты мақал-мәтелдерді тыңдайық, сосын жаттаймыз

Отанды сүю отбасынан басталады.

Отан – оттан да ыстық

Отан үшін отқа түс күймейсің

Мақал-мәтелдер не жайында айтылған?

Отан, Қазақстан Республикамыз туралы.

 3.Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар: Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші:Ол кім?

Балалар:Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:Қазақстан!

Тәрбиеші:Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені

білдіреді? Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын.

Тәрбиеші:Калибекова  Р.О.

Жаңартылған күні: 28.12.2021 16:23
Құрылған күні: 28.12.2021 16:23

Текст