«Шырша шамдарын жағамыз»

Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:Жапсыру

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту; мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету;шыршаны безендіре білуді үйрету;тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жаңа Жыл мерекесі жайлы әңгімелесу.

Топтағы шыршаны безендіру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: шырша,шам.

Билингвалды компонент: шырша- елка,жаңа жыл- новый год, қыс-зима

Іс-әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері.

Қол алысып,кәне,біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

-Балалар,қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

Сөздік жұмыс: шырша,шам.

-Жаңа Жылда не істейміз?

-Шыршаның түсі қандай болады?

-Жаңа Жылда сыйлық алғыларың келе ме?

-Олай болса,шыршамызды безендірейік.Шыршаны немен безендірсек болады?Әрине,түрлі түсті дөңгелектермен.

Фонға шырша берілген,сол шыршаны түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз. Шыршаны безендіруді төменгі жағынан бастаймыз.

Төменгі жағына 3түсті: қызыл,сары,көк дөңгелекті жапсырамыз.Оның жоғарғы жағына: қызыл,сары; оның жоғарғы жағына: қызыл,көк түсті шарларды жапсырамыз.Шыршамыз әдемі болған сияқты,бірақ бір нәрсе жетіспейді.

-Балалар,шыршамызды безендірдік,алайда не жетіспей тұр?

-Дұрыс айтасыңдар,жұлдызша.Түсі қандай?

Ол неше бұрышты?

Жұлдызшаны шыршаның ең жоғарғы жағына жапсырамыз.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап,талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Балалармен жеке жұмыс өткізеді.

-Қыс мезгілі.

-Жаңа Жыл мерекесін білеміз.

Қайталайды: шырша,

шам.Шыршаны безендіреміз.

Бір-бірімізге сыйлық сыйлаймыз.Шырша-

ның түсі жасыл болады.

-Иә,сыйлық алғымыз келеді.

-Түрлі түсті дөңгелектермен.

Балалар тәрбиешінің іс-әрекетін бақылап,

айтқанын мұқият тыңдайды.

 

-Жұлдызша.

-Қызыл.

-Бесбұрышты.

Балалар қуанады.

Балалар сергіту сәтін

тәрбиешімен бірге қайталап,қимыл қозғалыстар жасайды.

Жаңажылдық шыршаны безендіреді.Балалар тақтадағы жұмыстарын тәрбиешімен бірге талдайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар,бүгін біз нені безендіруді үйрендік?

-Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма?

-Шыршаны.

-Иә,ұнады.

.Күтілетін нәтижелер:

Біледі: шыршаны эстетикалық талғаммен безендіруді;

Игереді: Жаңа Жыл мерекесінің символы шырша екенін.

Меңгереді: желімді дұрыс қолдана отырып,орындалу ретін сақтап,бұйымды ұқыпты жапсыруды.

Тәрбиеші: Ильмурадова  Р.Т.