«Алтын күз» мерекесі

Мақсаты: Балаларға   күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.

                    Балаларды ән салуға, би билеуге үйрету, бейімділіктерін арттыру .   

                     Мерекелік көңіл-күй сыйлау

Жауаптылар: №11топ тәрбиешілері: Қалдырбаева К.Е

                                                                 Нығметжанова Г.К

Музыка жетекшісі:                               Алпысова А.Ж

Би жетекшісі:                                        Солодовник А.А

Күз ханшайымы:                                   Рыспаева Г.С

Әндер:

  1. «Кап,кап, тук-тук»   . автор:  Айгүл Досмаганбет

      2. «Күз ,күз.»                   автор:   Айгүл Досмаганбет

Билер:

  1. «Жапырақтар»
  2. «Күз келді»

Қимылды ойындар:

  1. «Кім жылдам»
  2. Муз.ойын:  «Ашулы бұлттар»

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті жапырақтар, руль, жемістер мен көкөністердің бетпердесі, дәрігердің киімі,
 

Музыка әуенімен балалар залға кіріп ,дөңгеленіп тұрып би билейді.

Би: «Жапырақтар»

Тәрбиеші:

Берекесін сыйлауға,

 Өлкемізге күз келді.
 Жемістерін жинауға,
 Шақырады біздерді.

Бүгін бізге қонаққа  Күз ханшайымы келе жатыр қарсы алайық.

(музыка әуенімен күз ханшайымы кіреді)

Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым!

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар,

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Ән:  «Күз,күз»

Тәрбиеші:

Осы кезде бір бала келіп былай дейді:

Тәрбиеші: Алинур саған не болды?

Алинур : Менің басым ауырып тұр. Ішім ауырып тұр.

Тәрбиеші: Енді,не қыламыз? Қалай көмектесеміз?

Тәрбиеші:

Сабыр сақта,саспайық

Дәрігерді шақырайық!

Бәрі бірге: Дәрігер,дәрігер!

( «Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі.дәрігер келеді)

Дәрігер:

Мені неге шақырдыңдар,

Ауырып қалдыңдар ма?

Тәрбиеші: Біздің балалар ауырып қалды көмектесіңіз.

Дәрігер: Қазір қарап көрейік. А-а-а деп ауыздарыңды ашыңдар... (тексереді)

Тістері орнында

Маңдайың ыстық екен

Білдім,білдім

Сендерге дәрумендер жетіспейді.

Көп көкөніспен,жемістер жеу керек!

Тәрбиеші:

Қазір күз мезгілі түсті ғой

Жемістер де,көкөністер де пісті ғой!

Қоймаға қоңырау шалайық,

Күз өнімдерін осында алдырайық!

Дұрыс айтасың (қалта телефонымен қоңырау шалады)

Тәрбиеші:

-Алло,алло! Қойма ма?

Бізге жемістер мен көкөністер керек,

Машинаға тиеп жіберіңіз

Мүмкін болса тезірек!

(машина дыбысы естіліп,руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді алып кіреді)

 

Жемістер пісті,

Қоймаға түсіпті.  

Алма:

Мен - алмамын,алмамын

Таңдандырар бал дәмім.

Жүзім:

Мен жүзіммін,жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

Шие:

Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін.

Қияр:

Мен қиярмын,қиярмын

Салаттардың сәнімін.

Асқабақ:

Асқабақпын дәмді

Кептірілген дәнім.

Картоп:

Мен картоппын,картоппын

Бір қарасаң – доппын?!

Тәрбиеші:

Көкөністер мен жемістердің бәрі де

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Муз.ойын: «Ашулы бұлттар»

  1. Алтын,сары,қызыл,көк.

          Алуан-алуан жапырақ.

          Күзгі бақта күлімдеп,

           Көз тартады жапырақ.

  1. Жайдарлы күз,жомарт күз,

           Аяулы күз,алтын күз.

          Дәнге толы кең далам

          Дариядай шалқып жүр.

 

Тәрбиеші:

Тентек жел шашып кетіпті,

Жапырақтарды сан алуан.

Тезірек жинап алайық,

Қане,қане кім жылдам?

Ойын: « Кім жылдам?»

Күз ханшаймы: Күз мезгілінде ауа-райы құбылмалы болады. Аспанда бұлттар қап-қара қоюланып жаңбыр көп жауады. Сол бұлттарды ән салып би билейік.

Би: «Күз келді»

 

Тәрбиеші:

Қолымызда қолшатыр,

Қызыл,сары,көк,жасыл.

Қорықпаймыз жаңбырдан.

Сен батыл да, мен батыл.

Тәрбиеші: Күз ханшаймына арнап  әнімізді орындап берейік.

Ән: «Кап,кап, тук-тук»

Күз ханшайымы:  Рахмет балалар! Өте әдемісіңдер,сендермен бірге жақсы көңіл көтердім. Сендерге мына жемістерді сыйға тартамын.Осы жемістерді жеп ешқашан ауырмаңдар.Қош сау болыңдар! (күз ханшаймы кетеді)

Тәрбиеші: Балалар күз мерекесінде би билеп , ән салдық, ойындар ойнадық.Енді біздің де кететін уақытымыз болды.

Паравозға мініп, тобымызға барайық