Тақырыбы: « Елбасы –ел тірегі»
Мақсаты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ән тақпақ айту.
Көрнекіліктер:Елбасының суреттері, елтаңба, ту.
Барысы:
Балалар музыка ырғағымен кіреді.
Шаттық шеңбер:
Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын, шаттығын
Қайырлы күн, Қайырлы таң!
Қуанышты күн бүгін!
Әнұран орындалады.
-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Біздің ұлтымыз кім?
-Қандай рәміздеріміз бар?
-Бас қаламыз қалай аталады?
-Отан жайлы мақал-мәтел кім айтып береді?
Ева
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
Айару
Отан от басынан басталады
Адам
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл
-Балалар қарандаршы мына суретте кім бейнеленген?
-Алғашқы ел басымыздың аты жөні кім?
Тәрбиеші: 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Әр жылда біздер Президент күнін атап өтеміз.Біздің еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Қазіргі уақытта 2019жылы 20 наурыз айында Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлы болып сайланды.
-Балалар біздің елбаымызға арнаған тақпақтарымызды айтып береді
Анель
Елбасы басымыз жолдайды.
Халық оны қолдайды
Ешқашан да орынсыз
Шешімдері болмайды.
Нұрсая
Елбасы елді қорғайды.
Халық қамын ойлайды
Осндай жақсы адамның
Жақсылығын тарайды
Мадияр
Елбасшысы сайланып
Ант берді ұлы халқына
Құтты болсын елбасы,
Қуанып жатыр халқында
Тәрбиеші:Ал, балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: ту, әнұран және елтаңба.
Тәрбиеші: Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Тәрбиеші: Балалар сендер елтаңба,ту туралы тақпақ білесіңдер ме?
Аймира
Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек-бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Амир
Желбірейді шалықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Асанәлі
Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Алихан
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Сергіту сәті:
Біз бақытты баламыз
Шырқап әнге саламыз
Туыспыз біз бәріміз
Бір отанды сүйеміз.
Балаларды туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін білдіре отырып,Бәйтеректі гүлдендіре білуге,шығармашылықтарын одан әрі дамытуға үйрету.
Балаларға бәйтеректі жапсыра білуге,топтық жұмыс ұйымдастыру.
Қорытынды:Балалардан бүгінгі тақырыптық оқу қызметі жайлы сұрақ арқылы толық жауап алу. Бәйтеректі жасап жапсыру.
Жарайсыңдар балалар! Көрме ұйымдастыру
Тәрбиеші: Ерденова Ұ.Б