Төрле , төрле Жаңа жыл!
Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған.
Жанға жайлы әсем музыкамен балалар қолдарына жылтырлақтар ұстап кіреді.
Жүргізуші:
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой міне төріме.
Қараңдаршы балалар! Айналаға.Сондай әдемі,өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер. Бүгін жаңа жыл, жаңа жылда небір ғажайыптар болады.
Жаңа жылға арналған
Ертегіні ашайық.
Музыка ырғағымен (Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім.Қандай әдемісіңдер?Жаңа жылдарың құтты болсын! Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар?
Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар?
Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі,жаңа жылға арналған тақпақтары бар.
Тақпақтар:
Ән саламыз би билеп
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің жаңа жыл
Қандай қызық көңілді Аймира
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық
Алып келеді алыстан Анель
Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақкүпіге оранып Аружан
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан
Балаларға базарлық
Алып келді алыстан Адель
Кел балақай шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Жаңа жылдың жарқын айын
Ән мен бимен қарсы алайық А.Амир
Қош келдің аяз ата
Болып бізге сыйлы қонақ
Қарсы аламыз құрмет етіп
Жаңа жылдың нұрын орап Айлин
Сықыр,сықыр басқанда
Жылтылдайды ақша қар
Ақшақарға аунайды
Сағынғанда балалар Нұрсая
Ән:«Кішкентай шыршамыз»
Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!
Сиқыршының ойыны: «Барабанды кім тез соғады?»
Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек.Балалар орындықтарға отырады.
(Әуен шырқалады) Қоян секіріп келеді.
Жүргізуші:
-Қонаққа бізге кім келді?
-Балалар: Қоян.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Ақ қыс келіп боранды
Аяз айтты зор әнді.
Айналайын бәрі де,
Ақ көрпеге оранды.
Мұз өрнектің бәрі де,
Оюларды аңғарам.
Қарағайдың жап-жасыл
Күйіне мен таңқалам.. (Алихан)
Жүргізуші: Қоян, сен кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың бе?
Қоян: Жоқ, көрген жоқпын.
Жүргізуші: Енді, не істейміз?
мүмкін Аққала көмектесер?
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Мен көңілді Аққаламын.
Ойын - күлкі әкелдім,
Бақыт, қуаныш сыйлаймын.
Мықты денсаулықпенен. Мадияр
Жүргізуші: Қош келдің, Аққала! Біздің басымызға қиындық түсіп, көмек керек. Кебістің бір сыңары жоқ.
Аққала: Мен сендерге көмектесемін, бірақ бір би тамашалап алайық.
«Аққалалар биі»(ұлдар)
Ойын:Шыршаны безендіру.
Жүргізуші:
Ой, балалар қараңдар,
Сиқырлы үйді қараңдар.
Жарығы жанып тұр,
Терезесін қағайын.
Кім тұратынын сұрайын.
Сиқыршы: Кім екен? Мұнда Ақшақар тұрады. (Үйінен Ақшақар шығады).
Сиқыршы: Балаларға қонаққа келе жатып, кебіс тауып алдым, кебісіңді ала ғой.
Ақшақар: Көп рахмет сіздерге балақайлар.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт - жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Жүргізуші:Ақшақар қош келдіңіз,сізге арналған балалардың Ақшақар әнін тамашалаңыз.
Ән: «Ақшақар»
Жүргізуші: Ақшақар, балаларымыздың дайындап келген биі бар, бірге билеңіз.
«Ақшақарлар биі»
Ақшақар:Аяз ата кешігіп жатыр,неге келмей жатыр екен?
Жүргізуші:Иа, расында да Аяз атамыз келмей жатыр.Адасып кеткен жоқ па екен?
Балалар аяз атаны дауыстап шақырады.
Сықырлап келе жатқан бір дыбыс, есіледі.
(Әуенмен Аяз ата шығады).
Аяз ата:Мен көңілді Аяз атамын.
Құтты болсын, балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді де беріп ем.
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ойларың мен бойларың да.
Ал, мен кіммін айтыңдаршы,
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Жүргізуші: Аяз ата!төрлетіңіз біздің балаларымыз « Аяз ата» әнін орындап береді.
Ән:«Аяз ата»
Балалардың сізге арналған тақпақтары да бар.
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызылала шапаны
Сағындым аяз атаны К.Амир
Жаңа жыл,жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп
Келді міне, жаңа жыл! Айкөркем
Біздің балалар Аяз ата ағылшынша да тақпақ айта алады.
Санта Клаус, Санта Клаус
Кам ту май хаус
За нью иа из ниа
Кам квикли хиа Дина
Итс винтэ,итс винтэ
Лэт ас скейт энд ски
Итс винтэ,итс винтэ
Итс грейт фан фо ми Асанәлі
Шаттық нұр шаттық нұр
Дидарында шаттық нұр
Аяз Ата ортада
Арқасында қапшық жүр. Наргиза
Скоро,скоро ,Новый год
Скоро Дед Мороз придет
За плечами елочка
Пушистые иголочка
Он подарок нам разносит
И стихи читает нас просит Ева
Дети водят хоровод
Хлопают в лодони
Здравствуй,здравствуй
Новый год!Ты токой хороший Адам
Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер,жаңа кеп
Мерекені бастаған Кан.Айару
Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр Аұшақар
Көптен күтіп сағынып Кул.Айару.
Жүргізуші:Аяз ата, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы.
Қане барлығымыз бірге шыршаның шамдарын жағайық.
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат 2рет қайталау
(Шырша шамы жағылады)
Аяз ата: менде сендерге жәй келген жоқпын.
Менімен ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Мұз қылып,қатыру».
Шарты:Балалар қане барлығымыз ортаға шеңбер болып тұрамыз.
Мен сиқырлы таяғыммен бір,екі,үш сиқырлы таяғым мұз қылып қатыр дегенде сендер әр түрлі мүсін болып қатып қаласыңдар.
Жүргізуші: Қане, балалар барлығымыз бірігіп ән айтайық.
Ән: «Аяз ата»
Қорытынды:
Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді.
Аяз ата: Дұрыс айтасың,мен орманнан келе жатып,сендерге жәй келмей ұлпа қар домалатып үлкен қар алып келдім.Ол қар жәй қар емес, сиқырлы қар.Ақшақар қызым,кәне маған көмектесіп жіберші?неткен үлкен қар десеңші? қане ортасынан жарып көрейін..... Оооо, неткен сыйлық десеңші,балалар қараңдаршы. (сыйлықтарын таратады).
(Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).
Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!Бүгінгі Төрле,төрле жаңа жыл атты ертеңгілігіміз осымен тәмәмдалды назар салып көргендеріңізге көптен көп рахмет!Келе жатқан барыс жылы құт береке әкелсін!
Тәрбиеші: Ерденова Ұ.Б.