КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-анамен балабақшаның көмегімен баланы адамгершілікке тәрбиелеу.

Ерденова Ұ.Б. - тәрбиеші

 

Ата-анамен балабақшаның көмегімен баланы адамгершілікке тәрбиелеу.

Халықта  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік,мейірімділік,қайырымдылық,яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рол атқарады. Рухани адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.Бір жағынан ол үлкендердің,ата-аналардың,тәрбиешілердің балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан балалардың белсенділігін қамтитын қылықтарынан,сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра,адамгершілік ықпалдың әртүрлі әдістерін пайдалана отырып,тәрбиеші істелген жұмыстардың нәтижелерін, балалардың жетістіктеріне зер салып талдау керек.Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу,бірге ойнау,бір нәрсемен шұғылдану,ортақ мақсат қою және жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады.Мұның бәрі баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды,оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.Әр баланың жеке басы- оның моралдық дамуы үшін қамқорлық жасау бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы,оған тәрбиешілердің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

   Мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жаулармен түйінделеді; балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас,тұрмыстық қарапайым ережелерін орындау,кеңпейілдік,қайырымдылық,жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және тағы басқа.Ұжымға тәрбиелеу,балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,әртүрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту,сыйлау.Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады.

   Тәрбиешінің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған,рухани ойлау ,дәрежесі биік,мәдениетті,парасатты,еңбекқор,іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың міндеті.Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.Адамгершілік қайнар бұлағы-халқында,отбасында,олардың өнерінде,әдет-ғұрпында.Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен,өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,ол бала солай бола алады»,-дейді.Демек,балаға жан-жақты терең білім беріп,оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек,ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Сондықтан «Ұрпақ тәрбиесі –келешек қоғам тәрбиесі» екенін ұмытпайық.

 

«Достық» балабақшасы

Ерденова Ұ.Б

Жаңартылған күні: 08.01.2020 13:52
Құрылған күні: 08.01.2020 13:52

Текст