ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕМЕН ЖӘНЕ ОҚЫТУМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРГЕ
АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАР
ИНСТРУКЦИЯ ДЛЯ КОНСУЛЬТАЦИОННЫХ ПУНКТОВ ПО
ОРГАНИЗАЦИИ РАБОТЫ С РОДИТЕЛЯМИ ДЕТЕЙ, КОТОРЫЕ НЕ ОХВАЧЕНЫ ДОШКОЛЬНЫМ ВОСПИТАНИЕМ И ОБУЧЕНИЕМ
Нұр – Сұлтан
2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Балаларды ерте дамыту институты» базасында әзірленген
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата- аналарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша консультациялық пункттерге арналған нұсқаулықтар – Нұр-Сұлтан, 2022. - 22 б.
Пікір жазғандар:
Г.К. Ибрагимова РhD; Ф.К.Омарбекова меңгеруші; Ф.К.Бурганова әдіскер.
Әдістемелік құралда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін консультациялық пункттерді ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар берілген.Ұсынылған материалдар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне консультациялық пунктердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Нұсқаулықта консультациялық пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Нұсқаулықтар базасында консультациялық пунктер ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған.
Нұсқаулық ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылыми- әдістемелік кеңесінде қаралып, ұсынылған (2022 жылғы 27 маусымдағы №6 хаттама).
Балаларды ерте дамыту институты, 2022 жыл
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Отбасы институтының адам өміріндегі рөлі бұрыннан зерттеу тақырыбы болған. Отбасындағы тәрбие баланы туғаннан бастап тұлға болып қалыптастыруда зор рөл атқарады.Отбасында баланың жеке тұлғасы қалыптасады.
Қоғам, әлеуметтік институттар отбасы тәрбиесіне ықпал етеді. Отбасында баланың алдында алғаш рет таңғажайып әлемнің есігі ашылады. Отбасындағы тәрбие баланың әлеуметтік ортаны жағымды эмоциялармен немесе таңырқаумен, қатыгездікпен қабылдауына әсер етеді. Тәрбиенің негізі отбасында қаланады. Балаға толыққанды тәрбие беру оның жеке тұлға болып қалыптасуының, дамуы мен үйлесімді өсуінің алғышарты болып табылады.
Қазіргі уақытта ата-аналардың білім беру бағдарламалары, баланың жас және психологиялық ерекшелігі, баланың қажеттілігі туралы нақты түсініктері жоқ және ата-аналар тәрбиелеу әдістерін сараптай алмайтындықтан отбасының тәрбиелік әлеуетін тиімді қолдана алмайды. Бұның салдары тәрбиелеу нәтижесінің төмендеуіне әкеледі. Ата-аналардың бала тәрбиесіне мән бермеуі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтік бейімделуіне кері әсер етіп, жүйкелік ауытқулардың пайда болуына жол береді. Ата-аналардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы біліктілігінің аздығы бала тәрбиесіне әсер етеді.
Бүгінгі күннің ата-аналары қаншалықты білімді болсада педагогика, психология, физиология және өзге білім салаларынан толық хабардар емес. Кез-келген білімі бар ата-аналарды бала тәрбиесі туралы мәселелер ойландырады. Сондықтан отбасы білім беру қызметі саласында көмекті қажет етеді.
Баланы тек ата-анасы ғана емес, айналасындағы адамдарда тәрбиелеу қажет. Балаларды әлеуметтік ортадан бөліп алып тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан да балалардың белсенді әрекетіне арналған орындар болуы тиіс. Белсенді әрекетке арналған орындардың болуы баланың жан-жақты дамуына әсер етеді.
Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әртүрлі ақпарат көздері ұсынатын психологиялық - педагогикалық басылымдар, баспасөз, ғаламтор материалдары, теле-радио бағдарламалары, ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттер, көрнекіліктер жеткілікті. Бірақ бұл ақпарат көздерінде отбасының, баланың ерекшелігін ескеріп, ата-ананың (заңды өкілдердің) нақты сұрағына тікелей жауап беру мүмкіндігі жоқ.
Бұл мәселеде мектепке дейінгі ұйымның мамандары құзыретті. Олар ата- анамен тікелей қарым-қатынас жасап, «кері байланыс» орната алады, баланың дамуын бақылайды.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім берудің келесідей нысандары: мектепке дейінгі ұйым жанындағы балалардың қысқа мерзімді болу топтары, баланы үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек беру орталықтары және т.б табысты дамуда. Пайда болған жаңа нысандар баланың дамуына белсенді ықпал етіп, отбасыларға мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандардың білікті көмегін алуға көмек беруге арналған. Сонымен қатар жаңа нысандар балалары балабақшаға баратын отбасыларға да, балалары балабақшаға бармайтын отбасыларға да бағытталған.
Осындай жаңа нысандардың бірі мектепке дейінгі ұйымның жанында консультациялық пункттер ұйымдастыру болып табылады. Консультациялық
пункттер ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналар үшін, отбасын және тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында құрылады. Консультациялық пункттер балабақшалар үшін жаңалық емес. Консультациялық пункттер балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі тәрбиешілердің ата-аналарға (заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәжірибесінде тәрбиешілер ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация бере алады. Сонымен қатар балабақшаның басқа мамандары (әдіскер, психолог, логопед, дефектолог және т.б.) ата-аналарға (заңды өкілдерге) қандай да бір мәселе бойынша кеңес береді.
Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психологтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беруге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған.
Ата-аналар (заңды өкілдер) мен отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін ұйымдастырылған консультациялық пункттердің жұмысы мектепке дейінгі ұйымдар, әдістемелік орталықтар базасында жүзеге асырылады.
Нұсқаулықтардың мақсаты мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналарына көмек көрсету..
Бұл нұсқаулықтар базасында консультациялық пункттер ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған.
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША
НҰСҚАУЛЫҚТАР
Жалпы ереже
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымдардың базасында ұйымдастырылады және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі.
Консультациялық пункттер мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда отбасына көмек көрсетудің бір түрі болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункттердің қызметі мектепке дейінгі ұйымы мен баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өзара міндеттемелері туралы келісім -шартқа (1 қосымша) сәйкес өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Консультациялық пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Негізгі міндеттері :
-тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.
Консультациялық пункттің қызметін ұйымдастыру
Консультациялық пункттің қызметі шеңберінде:
бұзушылықтардың себептері мен тетіктерін анықтау, баланы одан әрі дамыту және тәрбиелеу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары: ата-аналардың (заңды өкілдердің) сұранысы бойынша қажетті жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш бойынша сырттай консультация беруді ұйымдастыру, ата-аналар (заңды өкілдер) үшін дәрістер, теориялық және практикалық семинарларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымның сайтына орналастыру арқылы консультациялар мен әдістемелік ұсынымдар беру, балабақша мамандарының мектеп жасына дейінгі балаларға диагностикалық зерттеу жүргізуі болып табылады.
Отбасыларға консультация беру жұмысы мамандардың: басшының, әдіскердің, тәрбиешінің, медициналық қызметкердің, психологтың, логопедтің және басқа мамандардың қызметін кіріктіру негізінде құрылады.
Консультациялық пункттерге жұмысқа тартылған мамандардың саны мектепке дейінгі ұйымның түрімен, оның кадрлық құрамымен айқындалады.
Консультациялық пункттің қызметін тіркеу үшін келесідей құжаттаманы жүргізу қажет:
Консультациялық пункттің жұмыс кестесін мектепке дейінгі ұйымның басшысы бекітеді.
Консультациялық пунктті басқару және оған басшылық ету
Консультациялық пунктке тікелей басшылықты мектепке дейінгі ұйымның басшысы жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы консультациялық пункттің әрбір қызметкерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін айқындайды.
Консультациялық пункттің педагогикалық процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Консультациялық пункттегі педагогикалық процестің қатысушылары балалар, ата-аналар (заңды өкілдері), мектепке дейінгі ұйымның педагогтері болып табылады.
Консультациялық пункттің педагогтері:
Консультациялық пункт педагогтері:
Ата-аналар (заңды өкілдер):
№ мектепке дейінгі ұйымы мен баланың ата- аналарының (заңды өкілдерінің) өзара міндеттемелері туралы
№ шарт
« » 20 ж.
мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі атынан № мектепке дейінгі ұйым бір тараптан және анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлға), бұдан әрі «Ата-ана» деп аталады, келесі тараптан төмендегі мазмұнда осы Шартты жасады:
№ МДҰ меңгерушісі ТАӘ
М.О.(қолы)
« » 20 ж. |
Ата-ананың (заңды өкілдің) ТАӘ _
Мекенжайы
/ (қолы) « » 20 ж. |
Мамандардың (мектепке дейінгі ұйымның атауы) консультациялық пунктіне ата-аналардың (заңды өкілдің) өтініштерін есепке алу журналы
№ р/с |
Консультация өткізу күні, уақыты |
Консультация тақырыбы |
Консультация өткізу нысаны |
Консультанттың Т.А.Ә., лауазымы |
Консультация барысында берілген ұсынымдар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Информационно-методический центр», 2010 г .
МАЗМҰНЫ
1 |
Түсіндірме жазба |
3 |
2 |
Консультациялық пункттерді ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар |
5 |
3 |
Қосымша |
8 |
4 |
Әдебиеттер тізімі |
11 |