Ата‑аналар жиналысы №1 «Балаларды тәрбиелеуде балабақшамен ата-аналардың бірлескен жұмыстары»
14.10.2022 жыл
Тізім бойынша бала саны – 25
Келгені –
Себепті –
Себепсіз –
Жиналыстың тақырыбы: «Мектепалды даярлық тобы не білуі тиіс?»
Күн тәртібінде:
1. Жылулық шеңбері.
2. «Баланы мектепке даярлауда ата‑ана не білуі керек?» . «Мектепалды даярлық тобы не білуі тиіс?»
3. Әртүрлі мәселелер ( оқу қызметтері жөнінде, алынған кітаптар жайында айту, мерекелерге дайындық төлем, т.б.)
4.Ойын: «Балаңызға қандай жылы сөздер айтасыз?»
Ата-аналарды күн тәртібімен таныстыру.
Құрметті ата-аналар, бүгін сіздерді жинаған себебім, өздеріңіз білетіндей балаларымыз мектепке даярлануда. Сондықтан бар ынтамызды, бар білімімізді балаларға үйретуге көңіл қоюдамыз.
- Бүгін сіздерге кеңес ұсыныстар бергім келіп отыр. Өздеріңіз білетіндей білім беру жылдан жылға өзгеріп, күрделене түсуде. Мектеп бағдарламасы өте ауыр, сондықтан қазір балалар мектепке барар жолда балалардың танымдық деңгейлері тексеріледі. Балалар өздерінің аты-жөнін, мекен жайларын,ҚР-ның рәміздерін, өз Отаны жайлы мағлұматтарды, облыс атауларын, ата-анасының аты-жөні, жұмыс орны т.б білулері тиіс.
Баланы мектепке даярлауда ата‑ана не білуі керек?
1. Саусақ маторикасының жетілуіне көп көңіл бөліну қажет.
2. Әріптерді танып, екі-үш әріптің басын қосып оқи алу қажет.
3. Сандарды, көп‑аз, үлкен‑кіші, ұзын‑қысқа т.с. логикалық сұрақтарға жауап бере білуі қажет.
Баланы 6 жас, 6 айдан асқанда ғана мектепке берген дұрыс. Өйткені одан кішірек болса баланың бейімделуі қиынға әкеліп соғуы мүмкін.
Балаларыңыздың тіліне көбірек көңіл бөліп, қазақша бағдарламаларды көрсін.
Бос уақыттарыңызда 20-30 минут көңіл бөліп, баламен жұмыс жүргізу керек.
Балаларыңыз бір жасқа есейді, өтілетін сабақтар күрделенді, оларға сіздердің көп көңіл бөлулеріңіз қажет.
Себебі бір жақтан берілген білімді екінші жақ үйде қайталап, орындап отырса баланың есте сақтау қабілеті арта түседі. Сондықтан сіз біз болып балалардың білім алуына бірігіп ат салысайық.
Баланың айтқанына көне бермеңіздер. Оларды мектепке дайындап, бейімдеуіміз қажет. Біздерге көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.
Ата‑аналар комитетін сайлау мәселесіне тоқталып өтсек.
Ата‑аналар комитетіне сайланған мүшелер:1.Х.Сезімнің анасы
2.Адинаның анасы
3.Жасминнің анасы
4.Ақниеттің анасы
Әртүрлі мәселелер ( оқу қызметтері жөнінде алынған кітаптар жайында айту, балабақшаға уақытылы келіп отыру, мерекелерге дайындық, төлем, т.б
Жиналыстың шешімі:
1.
2.
Жиналыстың хатшысы: ________