Мұзды өлке

Тақырыбы: «Мұзды өлке»

Кейіпкерлер: Олоф, Эльза,Сиқырша,Аяз ата,Ақшақар.

Әсем безендірілген Жаңа-жылдық мерекеге «Еркежан» мектеп алды даярлық  тобының балалары тәрбиешімен музыка залына кіреді

Жүргізуші:Неге мұнда көңілсіз? Жаңа жыл мерекесі  сезілмейді. Шырша шамдары жағылмаған. Ал музыка не үшін жоқ,-дейді.

Музыка жетекшісі: Бізде қиын жағдай!

Олоф:Ұрланды,ұрланды барлық қарды ұрлап кетті.

Жүргізуші: Тыныштал, дем алып ал,не болғанын біртіндеп айтшы.

Олоф: Эльза барлық қарды ұрлап кетті,жаңа-жыл болмайды.Міне қалғаны осы ғана.

Жүргізуші: Балалар жаңа жыл мерекесін қарсыз қалай тойлаймыз?Қыс мезгілінде қар болмаса шыршалар тоңып қалады,қар оның тоны.Біздің жаңа-жылымыз көңілсіз өтеді.

Олоф:Енді не істейміз?

Жүргізуші:Не істеу керек екенін мен білемін,барлығымыз бірге барып Эльзаны біздің мерекемізге шақырайық,біздің қандай әдемі екенімізді,мерекелік киімімізді, достығымызды,татулығымызды көріп.Эльза мейірімі оянып,жүрегі жібіп бізге жаңа-жылға аппақ мамық қарымызды қайтарып береді.Қандай  жаңа-жыл қарсыз өтеді,балалар    сіздер келісесіздер ғой. (шыршаны айналып ән айтады)

Жаңа жыл әні

 Дауыс:Эльзаның зәулім сарайына «Зерек»балабақшасының «Еркежан» тобының балалары   келе   жатыр .

1.Би: Ұлпақарлар биі.

Жүргізуші: Ештеңе көрінбейді,мына қарлардан аққала жасап жолды тазартайық.

 Ойын: «Аққала құрастыру»

Жүргізуші:Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар ,жарайсыңдар.

Дауыс:Осы уақытта Эльза өзінің зәулім  сарайынан шығады.

Эльза:  Аққалалар ояныңдар.Мені күзетуге тұрыңдар,маған ешкімді жібермеңдер.

 Жүргізуші:Қараңдар  балалар, бұл аққала батырлар,жүріңдер сұрайық,бізді жіберсін деп. Аққала батырлар,бізді Эльзаның зәулім сарайына өткізіп жіберіңдерші.

Аққала батырлар: Жоқ,жібермейміз.

2.Би: «Аққала батырлар » биі орындалады.

Олоф: Өтініп сұраймыз,бізді өткізіңдерші,ал біз сендерге жаңа-жылдық сыйлық береміз.

Жүргізуші: Әрине береміз.

Аққала батырлар: Жарайды.

Жүргізуші:Қосылыңдар бізге өте көңілді болады. (Аққалалар қосылады)

(Эльза шығады)

Эльза:Мен сендерді өз сарайыма кіргізбеймін,қорғанатын тағы бір айлам бар. Ей Қар ханшайымы кел мында.

Қар ханшайымы: Маған сендерді өткізбесін деген бұйрық келді. (ха-ха-ха)

Жүргізуші:Бізде сені қуып жіберетін күш жетеді.

Қар ханшайымы: Жоқ жетпейді  деп күледі.

Жүргізуші: Қане балалар, орнымыздан тұрып аяғымызбен жерді ұрып,қолымызбен шапалақтайық.

Қар ханшайымы:Ха-ха-ха(балаларға мысқылдайды)

Олоф: (Себетке қар салып шығарады).Қане, мына қарларды саған лақтырамыз.

(мыстан кемпір қашады, ал балалар қарды лақтырады.)

Олоф :Біз оны жеңдік,бер бесті,балақай!.Біз күштіміз!.

Қар ханшайымы:Мен сендерге әлі көрсетемін.(Шыршаны айналып шырша шамын сөндіріп кетеді)

Жүргізуші: Не болды?

Олоф: Қар ханшайымы шыршамызды сөндіріп кетті.

Жүргізуші:  Эльза сені жаңа-жылдық мерекемізді бізбен бірге тойлауға шақырамыз.Сен өте әдемі және мейірімдісің.

Эльза: Осыған дейін мені ешкім мерекеге шақырған емес.Рахмет сендерге. Жүргізуші: Эльза біздің балалар   саған би, тақпақ,өлең   жолдарын дайындап келді.

Айтуған-Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Алан  -Жаңа жылды алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін.

Ясмина: Тілеймін мен бәр әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата, әже, Ата, әже

Құтты болсын жаңа жыл.

Айгерім  -Тілеймін мен бәр әлемге

Жаңа бақыт, жаңа жыр

Папа, мама, папа, мама

Құтты болсын жаңа жыл.

Әль-Закария  -Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Айсұлтан  -Тауда туып, тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Айса  -Безендірдік ауланы,

Өсіп тұрған шыршаны.

Әсемдеуге әр бала,

Бар өнерін жұмсады.

Эльза: Мен бәрін түсіндім, Мен сендердің  қарларыңды қайтарамын.

Жүргізуші:Рахмет саған Эльза,өкінішке орай мен ең маңызды,ең басты шаруаны ұмытып кетіппін.Біз Аяз атаға хат жіберуге үлгермедік.(хатты көрсетеді)
(Олоф шананы алып кіреді)

Эльза:Уайымдамаңдар, мына сиқырлы шана тез арада сендердің хаттарынды Аяз атаға жеткізеді.

(Хатты береді, Олоф кетеді)

Оркестор: «Көңілді оркестор»

 (Тарсыл. Шанамен(шананың ішінде қапшықта мыстан отырады) Аяз атамен Олоф кіріп келеді.)

Аяз ата:Э-ге-гей!

Балаларым, балғыным!

Өмір  гүлім-шалғыным!

Тілегенім  жыл  бойы

Сендердің  ден саулығын!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Міне, мен де жеттім!

Балалар:Аяз атамен сәлемдеседі.

Жүргізуші:Аяз Ата! Сені көп күттік.Балалармен бірге ән айтайық

Ән:«Аяз ата»

Аяз ата:Мен барлығын білемін,Олоф  жол бойы маған барлығын айтты.

Олоф: Аяз  ата  мына  қашықта  не  бар.
Аяз ата:Ой,мен сыйлықтар туралы мүлдем ұмытып кетіппін ғой.(Балаларға сыйлықтарын беруге,шанадағы қапшыққа қолын салады)

- Ой не бұл?(шошынады)

Қар ханшайымы: Ха-ха Сендердің тәтті сыйлықтарыңның бәрін мен жеп қойдым. Мені мерекелеріңе шақырған жоқсындар.

Олоф: Олай болса қуып жіберейік біздің мерекеден.

Аяз ата: Жоқ,, жоқ бұл біздің Ақшақар ,
Жүргізуші. Бірақ оны сиқырлап  тастаған екен  ғой. Олай болса Ақшақарды қалпына келтірейік
Эльза: 

Уф, суф! Абракадабра!

Ақшақар , кел бұрынғы қалпыңа.

Ақшақар:Рахмет саған, Эльза!Рахмет сендерге, балалар!

Олоф:Міне Аяз ата балаларға арналған сыйлықтарыңыз!

Эльза:Ал енді Олоф досым біздің де кететін уақытымыз келді.

Ормандағы достарымызға мереке сыйлайтын уақытта келді.

 Рахмет сендерге достарым! 

Сау болыңдар!......

(Олоф пен Эльза зәулім мұз сарайына кіреді )

Ақшақар:Ал енді Аяз ата,мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.

Жүргізуші:Біздің балалардың сіздерге арнаған әндерін,тақпақтарын, билерін тамашалаңыздар.

Би: «Флешмоб» биі орындалады.

Тақпақтар

Әмір -Төрімізде шырша тұр,

Бақыттымыз сәндіміз

Жаңа жылды сондықтан

Құттықтаймыз бәрімз.

Дамели  -Шыршамыз тұр жасанып

Ойыншығы тізіліп

Көз алмай бір тамсанып

Қараймыз біз қызығып.

Санжар -Аппақ бүгін қыр далам

Ақ дастархан жапқандай,

Халық біткең қарбалаң

Қонақ күтіп жатқандай.

Лаяна:аақалының ұзын-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Мухаммед  -Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың

Көтере алмай қөп қарды.

Айзере  -Жаңа  жыл мол болсын!

Басқан қадам оң болсын!

Төрле, төрле жаңа жыл!

Бізге құтты жыл болсын!

Сезім  -Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз Ата келгенде,

Билейміз,ән саламыз.

Алинур-Далада қар борайды,

Ақ  мамыққы орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр болып жатады

Ән: «Шырша әні»

Ақшақар:Аяз ата қараңызшы,балалар ән де,тақпақ та, би де билеп берді.Олай болса балаларға арналған сыйлығымызды таратайық.Мен сізге балаларға сыйлықтарын таратуға көмектесейін.

Аяз ата:

  • Балалар   сендердің әндерің,билерің маған өте қатты ұнады,мен сендердің шырша шамдарыңды мына сыйқырлы таяқшаммен жағып берейін.(шырша жанады )

Аяз ата:Балалар біздің басқа бала бақшаға кететін уақытымыз болды,сау болыңдар балалар.

  • Жаңа жыл құтты болсын!
  • Денсаулық мықты болсын!
  • Өмірлеріңіз ұзақ, бақытты болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті, ата-аналар, әріптестер «Еркежан» мектеп алды даярлық тобының  атынан  сіздерді келе жатқан  Жаңа-жыл мерекесімен құттықтаймыз.

Кейіпкерлер:

Жүргізуші: Кравченко.А.П

Олоф: Курманга лиева.Ф.К

 Эльза:Адина

:Нұржамал

Аяз ата: Аяз ата

Ақшақар:Айжан

Аққала батырлар :Мансур,Рауан.Алинур,Әл -Закария

Тәрбиеші:Алпысова А.Ж