Тақрып: «Қош келдің әз наурыз!»
Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. «Гүлдер» аулының, «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекесін тамашалаңыздар.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк шығып, төрт түлік мал түлеп, көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесі.
Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Қош келдің төрлет Наурызым!»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Сендермен «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал» ойынын ойнағым келіп тұр. Қане, олай болса ортаға шығайық.
Ойын: «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал!»
Жүргізуші: Ұлы оң болсын,
Жүргізуші: Енді біздің кішкентай ұлдардың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Анель: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Жаңа жылым бармысың .
Райымбек: Осыншама жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Нурислам: Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонынын жер шешті
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Марлен: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Аделя: Арпа бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден,
Бұл тойдағы бас маман.
Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Балалармен ойнаймын.
Ренжітер сәбилерді ,
Тентектерден қорғаймын.
Құтты болсын Наурызым!
Қарным тойған күлкіге,
Базарлығым тағы бар,
А-а-а-а-а-а-а-а-а-а .
Жүргізуші: Қош келдің, Алдар Көсе балаларымыздың өнерін бірге тамашала.
Алдар Көсе: Ия дұрыс айтасыз, балалардың өнерін тамашалап, күштерін сынауға келдім. Балалар мен сендермен күш сынасқым келіп тұр. Қане күштеріңді байқайық. (ортаға балалармен күш сынасуға шығып, қол күрестіреді)
Ойын: «Кім күшті?» қолмен күш сынасу.
Алдар Көсе: Байқаймын баллалар, шетінен мықты екен, мені жеңіп қойдыңдар.
Жүргізуші: Олай болса балаларымыздың «Жігіттер» биін тамашалаңыздар.
Би: «Жігіттер» ұлдар биі
Жүргізуші: Қазақ халқы өнерге бай халық, «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» — деп халық бекер айтпаса керек. Алдарыңызға біздің кішкентай айтыскер ақындармыз «Жұмбақ айтысын» ортаға ала келді, қарсы алыңыздар.
Тәрбиеші: Ильмурадова.Р.Т