КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Баланың күнделікті өмірде сөйлеуіне көңіл бөлу.»

Тәрбиеші: Сабиржанова Г.К.

«Баланың  күнделікті өмірде сөйлеуіне көңіл бөлу.»

Сөйлеу тілі қарым-қатынастың қажетті бөлшегі болып табылады және оның барысында қалыптасады және де баланың ойлау және қиялдау қабілеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты.

          Ойындағы қарым-қатынас  – бұл қажетті негіз, оның шеберінде баланың сөйлеу белсенділігі қалыптасып, жетіледі. 

          Сөйлеу белсенділігінің әр алуан түрлерін (диалог, монолог, жазбаша) дамытуға бағытталған сөздік ойындар  әрбір балаға оңай және еркін түрде өз ойын  көрсете алуға мүмкіндік туғызады.

          Тәрбиешінің балалармен күнделікті оқу тәрбие жұмысында  негізгі мақсаты – күнделікті қарым-қатынаста ана тілін дамыту.Көбіне балалар балабақшаға өз ана тілінде емес, орыс тілінде еркін сөйлейтін болып келеді. Сондықтан балаларды ана тіліне режимдік үдерістер барысында, ойындарда, күнделікті өмірде ойын арқылы үйреткен дұрыс деп ойлаймын.  Нақты айтқанда сөздік ойындарға сүйене отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.

     Алдымен балалардың есту қабілеттерін дыбыстар мен туған тілінің сөздеріне дағдыландыру қажет.  Қазақ тіліндегі өтініштерді  (бер кел, отыр, бер және т.б.) түсіне білуге үйрету. Дыбыстарды бөлек айтуға үйретіп, сол дыбыстар бар сөздерді айтқызу; одан соң сол дыбыс жиі кездесетін сөздерден тұратын әндерді, өлеңдерді айтқызу керек..

    Мектепке дейінгі шақтағы бала тілін дамытуда ТТШТ технологиясын қолдану барысында  балалардың түсінігі кеңейеді, сөздік қорлары молаяды.

Балалармен жеңіл өлең жолдарын  суретке айналдыру арқылы жаттауға үйреткен дұрыс болады. Көрнекілігі жоғары суреттерді қолданып өлең жолдарын, сергіту сәттерін, жеңіл жұмбақтарды үйретуге болады. Егер сурет  ілініп тұрса,  тез жаттап алған балалардың көмегімен басқа балалар да қайталау арқылы  жаттап алуға бейімделеді. Сызба арқылы жаттау, әңгімелеу балалардың іс-әрекетке деген қызығушылығын арттырады

              Ата –аналарға кеңес бере отырып, үйлерінде  балаларымен бірге сурет салуды (ертегі бойынша, күлкілі өлеңге сызба құрастыру; ойыншық жасау), ал кейін өз суретіне, ертегісіне, күлкілі өлеңіне ат ойластыруды ұсынуқажет,бірлесіп жұмыс жасау түрлерін ұйымдастыру  балаларды белсенді сөйлеу тіліне ынталандырады.    

Нәтижесінде әр балада сөйлеу айтылымдарын құрастыруға талпынысы пайда болады.    Күнделікті тұрмыс тіршілігімен айналысып ата -аналар балаларына көп көңіл бөле бермейді, ал оқуға барған кезде бала қиналып оқуға қызығушылығы болмаған кезде ғана дер кезінде уақыт бөлмегеніне өкінетін жайттар бар. Сондықтан бала тілінің дұрыс жетілуіне көп көңіл бөлген дұрыс. Қандай іс- әрекет барысында болмасын  баламен әңгімелесіп, сұрақтарына жауап беріп, олардан да толық жауап ала білген абзал.

Жаңартылған күні: 15.01.2020 13:15
Құрылған күні: 15.01.2020 13:22

Текст