КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жобалау – зерттеу қызметтерін ұйымдастыруда педагогтарға көмек беру

04.01.2017

«Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек»

Мағжан Жұмабаев

Соңғы кезде «жобалауға оқыту», «тәрбиешімен балалардың жобалық жұмыстары» деген ұғым көп айтылып, отандық тәжірибеде көп тараған.

1999 жылдан бастап зерттеушілік, ізденушілік жобалау әрекеті бір тұтас жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме бала тәрбиесінде ерекше қажеттілікке ие. Жоба латын тілінен аударғанда «алдын ала» деген ұғымды білдіреді. Тәрбиеші үшін басты нәтиже – баланы жәй орындаушы ғана емес, оның шығармашылық көз қарасын анықтау.

Тәрбиеші жоба әрекетінің жетекшісі ретінде мына ережелерді есте сақтау керек:

Баланы өз бетінше әрекет етуге үйрету. Нақты нұсқаулардан гөрі баланы ұсынысына көңіл аудару.

Талқылау кезінде баға беруге асықпау. Білім алу барысында балаларға көмектесу.

Баланың идеясын түсіне білу. Практика көрсеткендей белгілі бір нәрсеге бақылау жасаумен айналысқан бала, көрген білгенін басқа біреулермен бөліскісі келіп тұратын әдеті. Сондықтан тәрбиеші балалармен бірге орындаған жұмысын жобаларын қызықтыра көрсете білуі керек.

Тәрбиеші балалардың жобаның тұсау кесер барысында бала сөзінің анық, дәйектемелері нақты және сөйлеу мәнері тартымды болуын қадағалайды.

Тәрбиеші балаларға сөйлеу алдында қандай сөздерді дұрыс қодану қажеттігі жөнінде бағдар беруі тиіс.

Жобаны презентациялау кезіндегі міндеттер:

Кезе Міндетер Тәсілдер Кіріспе Аудиторияны игеру, қызықтыру-қызықты оқиғаны әңгімелеу;

-иллюстрациядан бастау керек; -таңқаларлық деректер қолдану;

-тақырыпты тыңдаушылардың қызығушылығымен байланыстыру; - күлкілі оқиғадан бастауға болмайды;

- «Мен қобалжып тұрмын»,

- «Мен сенімді емеспін» деген сөздерді айтуға болмайды;

- көп сөйлеуге болмайды

Негізгі бөлім Мақсатқа байланысты негізгі мәселені тыңдаушыларға жеткізу қажет - тыңдаушыға қаратпа сөзді қолдану;

-негізгі дәйектерді қолдану;

-нақты мысалдар келтіру; -негізделмеген тұжырымды беруге болмайды;

-дәйектемелерді шатастыруға болмайды;

*ұсақ-түйек мысалдарға тоқталудың қажеті жоқ.

Бекіту Тақырыпқа қызығушылық пен өзіндік нәтижелерді бекіт -эмоционалды жағдайларға көңіл аудару;

-сұрақ қоюды өтіну; -тыңдаушыларға ризашылығын білдіру. -сөйлеуін негізсіз тоқтаппау;

-артық сөздерді қолданбау.

Жобаның түрлері:

Жоба әңгіме

Құрылымдық жоба

Зерттеу жобасы

Саяхаттық жоба

Жоба әңгіме: - баланың түрлі тақырыпқа байланысты әңгімесі. Бұл әңгімелер бала қиялынан, көрген фильмдерінен ауызша әңгіме түрінде жеткізеді.

Құрылымдық жоба – бұл ойын жобалары. Балалардың өз беттерімен ойынды жобалауы.

Зерттеу жоба – тәрбиеші мен баланың жоба барысында нәтижеге ие болуы.

Саяхаттық жоба- бала саяхат барысында қандай мәселе болсын, нақты жауап алады. Басқа балалармен саяхаттан алған әсерлерімен, білімдерімен бөліседі.

Балабақшадағы жобалаудың технологиясы

Жобаның аталуы

Жобаның идеясы

Жобаның мақсаты

Жобаның міндеттері

Жобаның ұзақтығы

Жобаға қатысушылар

Жобаның өзектілігі

Жобаның кезеңдері

Ұйымдастыру

Ғылыми әдістемелік қамту

Тәжірибелік

Жобаны іске асырудың жолдары

кезең (іс-шаралар)

2.2 кезең (іс-шаралар)

3.3 кезең (іс-шаралар)

Күтілетін нәтиже

Жобаның қорытындысы (нақты қандай жұмыс жасалды, материалдар, конспектілер, фотокөрмелер, тұсар кесерлер)

Қолданылған әдебиеттер: (автор, әдебиеттің атаулары, жылы)

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст