«Өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін үйренуде
ӨТТШТ /ТРИЗ/ технологиясы арқылы ойлау
әрекетін қалыптастыру»
Қандай да болсын халықтың
Әдет-ғұрпын үйренгің келсе,
Алдымен оның тілін үйрен.
Пифагор
Қазтаңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу.
Заманауи қоғамымыздың қайта құруын алтын күректей болып ескен лебі – мемлекеттік тілімізге көп көңіл аударуы.
Өмірдің ағысынан туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.
Сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, біздің алдымызға қойған мақсат-балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік
тілді меңгерту.
Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.
Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» дейді.
Өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен. Балалар бір-бірімен ойнау арқылы
қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын
мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты білім берудің барлық жүйесін жаңғырту үдерісі
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды, осы үдеріске жаңа, барынша тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдемені іздеуді қарқындатады.
Қазақстанның заманауи білім беру саясатының білім беру парадигмаларының ауысуымен, жаңа педагогикалық технологияларға өтуімен сипатталуы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дара-шығармашылық нысандар мен әдістерге бағдарлануы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәрбиешілері мен педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің маңызын арттырады.
Тәрбиеленушінің шығармашылық және интеллектуалды қабілеттіліктерін дамытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасау, мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қабілеттері мен дағдыларын
дамытады.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері-де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар
ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері болып мынадай топтарға бөлінеді:
Дидактикалық ойындар
Сюжетті-рөлдік ойындар
Қимыл-қозғалыс ойындары
Ұлттық ойындар
Саусақ ойындары
Үстел үсті ойындары………
Өзге ұлт балалары қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолданамыз. Жаңа технологияны, әдіс — тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді.
Ойын — оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса,
балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған тиімді.