Мектепке
дейінгі балалардың тілін қазақ фольклоры негізінде дамыту
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар. Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер.
Сіздерді бір-біріңізге деген жылы лебіздеріңізді білдіру үшін шаттық шеңберге шақырамын.
(Шаттық шеңбері: Ата-аналар жүректі бір-біріне сыйлау арқылы жылы лебіздерін білдіреді).
Қазақ фольклоры– халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Қазақ фольклоры балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығармалардың қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол балалардың бойына халқымыздың әдеп- ғұрып, салт- дәстүр өнегелі қасиет үлгілерін сіңіре отырып, ұлттық сана сезімін оятып, қазақ халқының ауыз әдебиеті -халық мұрасына деген ықылас, құрмет сезімдерін тәрбиелеуге ықпал етеді. Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және
балалардың өздері орындайтын шығармалар болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Алғашқысының қатарына бесік жыры, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш, т.б. шығармалар жатса, екінші тобына санамақ, сұрамақ, тақпақ, т.б. балалар өлеңдері жатады.
-Қазақ фольклоры арқылы бала тек ана тілін ғана танып, біліп қоймайды, сонымен қатар оның сұлулығын меңгере отырып, өз халқының мәдениетіне араласып, алғашқы әсерін алады.Кез келген халықтың ауыз
әдебиеті бар. Ауыз әдебиеті ғылымда “фольклор” деп аталады. Фольклор-ағылшын сөзі.
Қазақ тіліне аударғанда “халық шығармасы”, “халықтың ауызша шығарған көркем сөздері” деген мағынаны білдіреді. Сәби, жеткіншек жасындағы балалар ертегілердің барлығын игере бермейді. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады Осы жоба арқылы балаларды адалдыққа, адамгершілікке, халықтық
мұраларды, салт-дәстүрлерді - құрметтеуге, ата-бабаларымыздың өсиетін, бізге қалдырған баға жетпес ұлттық құндылықтарын балалардың бойына сіңіруге тырысамыз.
Бүгінгі тренингтің бірінші кезеңі. Ата-аналар қоржыннан асық алып, сол асық нөміріндегі сұрақтарға жауап береді.
№1 асық. Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңыз?
№2 асық.Соңғы оқыған кітабыңыз.
№3 асық. Абайдың бір өлеңін жатқа айтып беріңіз?
№ 4асық .Балаңызға қазақша қандай ертегі оқып бердіңіз, мазмұнын айтып беріңіз.
№5 асық. Қазақтың салт-дәстүрлерін атаңыз.
Бұл сынақтан сүрінбей өттіңіздер, жарайсыздар!
2-кезең.Енді келесі кезеңіміз сюжетті-рөлді ойындар деп аталады. Сіздер үйде балалармен бос уақыттарыңызда қандай ойындар ойнайсыздар? (ата-аналардың жауаптары) Ендеше ойынды сахналауға ортаға шақырамын. Қазір
сіздер «Шаштараз» және «Дәрігер» ойынын ойнап көрсетесіздер.Сіздердің ойларыңызша осы ойындарды қалай ойнауға болады?
Тамаша, бұл тапсырманы жақсы орындадыңыздар, үйде балалармен ойын ойнайтындарыңызды көріп отырмыз.
3-кезең. Келесі кезеңіміз «Сөз мәйегі –мақал-мәтел» деп аталады. Қазақ халқы сөзге шешен, ойға жүйрік халық. Ендеше білетін мақал-мәтелдеріңізді ортаға салыңызыар.
(ата-аналардың жауабы)
Жарайсыздар, сегіз қырлы, бір сырлы екенсіздер.
4-кезең. Біз күнделікті оқу қызметімізде мнемокесте қолданамыз. Қазір мен сіздерді осы мнемокестемен таныстырамын. Мнемокесте арқылы ертегілерді, өлеңдерді құрастыруға болады. Қазір мен сіздерге бір мысалды келтіремін. Ал, екіншісіне өздеріңіз өлең құрастырып көріңіздер.
-Жақсы, балаларыңыздың тілін мнемокесте арқылы дамытуға болатынына көздеріңіз жетті.Балалардың тілін біз тек қана өлеңдер арқылы емес, сонымен ертегілерді сахналау арқылы дамытамыз. Ендеше ертегіні сахналап көрейік.
5 кезең. Үй тапсырмасы
«Алдар көсе мен бай» ертегісін сахналау.Ата-аналар шығып ертегіні сахналайды.
Жарайсыздар, өнерлі екенсіздер, өнерлеріңіз өрге жүзсін! Сіздердің ойларыңызды «Еркін микрофон » арқылы
білгім келеді.
Рефлексия- «Еркін микрофон»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, сіздер бүгінгі тренингтен қандай ой-түйдіңіздер,алған әсерлеріңізді,көңіл-күйлеріңізді мына «еркін микрофонмен» бөлісе аласыздар.
(Ата-аналардың ой-пікірлері)
Ертегі: «Алдар көсе мен бай баласы»
Бір күні Алдар жаяу келе жатса, алдынан бір салт атты кездесе кетеді.Алдар әнін айтып келеді.
Алда десең алдаймын
Сайтанды да арбаймын.
Сараңдарға қаттымын
Кедейлерге балдаймын.
А-а-а,е-е-е...
Мен Алдармын, Алдармын,
Шегі жоқ даңқымның.
Өмірімді арнармын
Бақыты үшін халқымның.
Амандық айтып, жөн сұрасқаннан кейін:
- Атың кім? – дейді жаңағы кісі Алдарға.
- Атым – Алдар.
- Әй, сен әлгі алдамшы
Алдармысың?
- Иә.
-Кәне, мені алдашы.
- Ойбай! – деп санын бір-ақ
соғады сонда Алдар. – Алдауыш ала таяғым үйде қалып қойыпты. Атыңды бере тұршы, алып келейін.
Бай баласы түсіп, атын береді.
Алдар былай шыға беріп:
- Алдаған деген осы болады, қош бол! – деп, шаба жөнеледі. Бай баласы алданғанын
сонда ғана біліп, санын бір-ақ соғады.