КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ой мен тіл арқылы балаларды әдептілікке тәрбиелеуде ТРИЗ технологиясын қолдану

23.08.2017

«Ой мен тіл арқылы балаларды әдептілікке тәрбиелеуде

ТРИЗ технологиясын қолдану


       Талантты адамды тәрбиелеу үшін, мектепке дейінгі балалық шақта оларды қоршаған ортаға қарап, бірқалыпсыз ойлау қабілетін, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу керек.

Балаларды әдептілік,  мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу мақсатында  ТРИЗ

технологиясын  пайдалана отырып,  алдыма қойған мақсат-мүдделерімді  жүзеге асырудамын.

     «ТРИЗ– өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы»

  Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген. Оны  ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған.

ТРИЗ - дің мақсаты - тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
   Тризшілердің ұраны – «Барлығын айтуға болады!».

ТРИЗ -балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.

  Мен бүгін сіздерге  балалармен жұмыс барысында ТРИЗ технологиясына ғана тән  әдіс-тәсілдер туралы  айтамын.

  1 әдіс – қарама-қайшылық.

     Әдістің негізгі мақсаты балаларға қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың қарама-қайшылығын  көріп, топтастыра білуге үйретеді.

  Қарама – қайшылық – белгілі бір жүйені  бір жағдайда жақсы да,  жаман да

жақтарынан  көрсетеді.

  «Жақсы – жаман» ойынын ойнайық.  Өзімізге таныс, қарапайым  «жаңбыр» сөзін алайық.

  Жақсы :  Бәрі өседі.  Өлең шығаруға деген шабыт жаңбырлы күні  келеді. Бәрін тазалап, жуады. Көктем келеді. Шалшық суда жүгіру. Резеңке етік киіп серуендеу. Ақ жауын. Кемпірқосақ. Жылғалардан су ағады. Әйнек бетін

әдемі тамшы сулары басады.

  Жаман : Ылғалдылық  мол. Ауырып қалуға болады. Серуендеуге болмайды. Жоспарларды бұзады. Саз болады. 

Аймақты су басу қаупі болады.

Осындай ойындар балалардың қоршаған орта да қарама-қайшылықтардың болатынын

түсіндіреді.

  Тәжірибе  нәтижесінде,  осындай жақсы көрсеткіштер  береді.

  2  ТРИЗ технологиясында  «Миға шабуыл» әдісі ең қолайлы әдіс болып табылады.

  Бұл әдіс - балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға

баға беруге, шешілмеген мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешуге өз пайдасын

тигізеді.

Мысалы: Сағатын болмаған жағдайда, уақытты қалай білуге болады?

  1.Белгілі бір жағдайға байланысты жауап беріледі.

Қоңырау соғу, радионы қосып дәл уақытты жариялағанын күту, көшеге шығып өткен жолаушыдан уақытты сұрау, әтештің шақыруынан, көшедегі жүргіншілердің санына қарап анықтауға болады.

2.Қуыршақ жоғалып қалмау үшін, не істеу керек?

Үйден қуыршақты шығармау керек, көйлегіне байлап қою керек, бірге бір жерде ойнау керек, бір орынға қою керек, ешкімге ойнауға бермеу, қуыршаққа автоматты шырылдауық орнату қажет, сонда ол әр жарты сағат

сайын  дыбыс беретін болады.

Миға шабуыл ойыны өмірде орындалмайтын жағдайлардың болмайтынын білдіреді.

  3 әдіс (фокалды құрылым әдісі)

Әдіс келесі жағдайларда көрсетіледі

Біздің алдымызда құрылым сиқыршы тәрізді негізіде бейнеленген. Берілген құрылымды пайдалану 

үшін, бір –бірімен байланысы жоқ басқа құрылымға айналдыру қажет. Ойда жоқ қосылыстар қызықты нәтиже береді.  Фокалды құрылым әдісі тауарлардан жаңа ойлы ұсыныстар, әртүрлі сыйлықтардан, ойыншықтардан, жемістерден, қиялдаған жануарларды ойластыруға, оған ат  қоюға, оның ата-аналары кім екенін анықтап және немен қоректенетінін  табады.

  4 әдіс КАМ (кішкентай адамдарды модульдеу) әртүрлі агрегатты жағдайлармен таныстық барысында

кішкентай адамдардың тәсілі қолданылады. Әдістің түп мақсаты, балалардың  қоршаған ортадағы заттар мен  құбылыстарды  кішкентай адамдар  етіп  қиялдауы.  

Кішкентай адамдар ойыны  фазалық  зат алмасу аралығын   елестетуге  . Логикалық ойлау тәсілін, есте сақтау қабілетін дамытады, қорытынды беруге көмектеседі.

1.Кішкентай адамдар – өте тату, жоғалып кетпеу үшін, олар үнемі қолдарынан ұстасып жүреді, қолдарынан  мықтап ұстайды, оларды ажырату  мүмкін емес. Бұндай адамдар – мықты, қатты және тек осындай адамдар ғана тауда, таста, ағашта тұрады.

2.Басқа адамдар да  бір-бірінен алысқа ұзамайды, тек олар осынша тату емес, олар бір-біріне  жақын

тұрып,  шынтақтарымен жанасады. Бұндай кішкентай адамдар заттың сұйық түрінен тұрады. Сондықтан біз  жеңілдікпен кеседегі шайға қасығымызды салып, қантты былғаймыз. 

3.Ал, үшінші кішкентай адамдар олар қалай болса солай қозғалады, қолдарынан ұстаспайды! Осындай адамдардың ортасынан еркін өте беруге болатынына, Сіздер менімен ғой! Мұндай заттар  ауада,

газда, тұманда өмір сүреді. Оларды газ тәріздес заттар деп атайды.

Кішкентай адамдарды модульдеуді пайдалана отырып, экспериментті сабақтарды, айналамен

танысу, бейнелеу өнерін дамыту барысында қолдануға өте қолайлы.

  5. «Жүйелі оператор» әдісі

Білім берудің   ең маңызды есебі ол   алған білімдерін  тиянақтау болып табылады. ТРИЗ технологиясында

«Жүйелі оператор» деген әдіс бар.

Жүйелі оператормен жұмыс істеу барысында,   балалар  берілген бір затқа  талдау жасайды, оны өздерінше

суреттейді,белгіленген уақыт мерзімінде  даму барысын, құрылуын, белгілерін  анықтайды.

Бұл әдісті қолдану барысында алгоритм сұлбасын кеңінен қолданамыз.

  Ғажайып  баспалдақ

 Бұл алгоритм – сұлбасы.  Осы сұлбаға қарап мектепке дейінгі 

мекемелердегі бүлдіршіндер,  қандай да болмасын құбылысты өздерінше жандандырып, әңгіме құрастыра алады. Үнемі өзгеретін және көбіне бізге тәуелді болатын қоршаған ортаны балалар жанды дүние етіп қарастырады.  Баспалдақтың әр сатысында жаршы ретінде ТРИЗдың әдіс-тәсілдері  көрсетілген.  Жаршыны міндетті

түрде  балалардың өздеріне таңдату керек, сонда ғана олар қанағаттанарлық көңіл күйде сұлбамен жұмысты одан әрі

жалғастырады. Сабақта ТРИЗ әдіс-тәсілдерін қолдану аясына байланысты,

баспалдақтар санын өзгертуге болады.

        Мысалы :  объект,   жүйе,  (бауырсақ)

Балалармен әңгімелесе отырып, тәрбиеші карточканы баспалдақ сатысына жылжытып отырады.

  1 саты. Алынған жүйеге байланысты сұрақ.

-Бұл не? (Бауырсақ)

2 саты. Жүйеге байланысты.

-Бауырсақты қайдан көруге болады? (ертегіден, телебағдарламадан, дүкеннен және т.б.)

3 саты. Шеңбер секторы.

- Бауырсақ қандай бөліктерден тұрады?(ұн, су, жұмыртқа, тұз, қант және т.б.)

4 саты. Геометриялық фигуралар және пішіндері

- Бауырсақты екі қолымызбен ұстағанда, қандай пішінде болады? (шеңбер пішіндес).

5 саты. Түстік  белгілері. (түсін анықтау)

- Қандай түсті қарындаштармен бауырсақты бояуға болады? (қызыл, сары, қызғылт-сары)

6 саты. Мөлшеріне қарай анықтау

- Бауырсақтың қандай болуы мүмкін? (үлкен-кішкентай)

7 саты. Жүйенің физикалық жағдайы : (қатты, сұйық, газ тәрізді)

- Бауырсақ қандай кішкентай бөліктерден құралған? (қатты)

8 саты. Тепе-теңдік белгісі ( алынған жүйе неге немесе кімге ұқсайды?)

- Бауырсақты немен салыстыруға болады?

(доппен, кәмпитпен және т.б.)

9 саты. Қол. (жүйе жұмысын жандандырады)

- Бауырсақтан қандай пайда (кесір) келеді?  Ойын «Жақсы-жаман».

10 саты. Уақыт талабына сай қозғалу (өткен шақта жүйе

не болған? болашақта не болмақ?   

- Бауырсақ не болған? Не бола алады? Бауырсақ бізді әрдайым қуантуы  үшін не істеуіміз керек?

11 саты. Крест (Бар әлемде жүйе жоғалды. Онсыз өмір сүре

аламыз ба? Немен алмастыруға болады?)

-Бауырсақ жоғалса не болады? (бауырсақ туралы ертегі жойылады)

12 саты. Мен сөзі және тепе-теңдік белгісі (жүйенің орнына өзіңді қойып, өзіннің сезімінді  білдіру)

-Жолмен домалап бара жатқан бауырсақ нені сезінеді? Не жайында ойлайды? Қиялдайды.

     Жұмыс үрдісі барысында мен  құралдарды  қолданамын:

Пішіндес көзәйнек, ғажайып калейдоскоп, сиқырлы сандық, суреттер.

ТРИЗ әдістерін пайдалану барысында, көптеген жақсы нәтижеге жетуге болады. Балаларды білімге деген құштарлығы артады, қиял-ғажайып ойлары, тіл байлықтары дамиды. Өз еріктерімен тығырықтан шығу жолдарын қарастырады. Білсем, үйренсем деген ынталары артып,  біліміділіктері дамиды.

Қорытынды : «Кез-келген адам өз білімін кемеліне келтіре алмаса, басқа адамның білімін кемеліне келтіруге өз үлесін  де қоса алмайды» , деген Чарльз Диккенстің   сөзімен аяқтаймын. Өмірімізді өз қолымызбен, өз қиялымызбен жасай білейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 675


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст