КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

08.11.2017

                                «Алтын күз, әсем  айналам, Еліне береке сыйлаған»

Мақсаты: балаларға күз мезгілі туралы түсінік

беру, білімдерін жетілдіріп, жемістер мен көкөністердің пайдасын түсіндіру.

Өлең жолдарын оқып, жұмбақ шешіп, шағын қойылымдарда  ойнай білуге үйрету. Достық қарым

қатынастыққа, бірлікке тәрбилеу. (Зал күз мезгіліне арнайы безендірілген. Залға әуенырғағымен балалар (дәрумендер) билеп кіреді)

Ән: «Күздің күні қандайды»

Жүргізуші -1: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша мезгіл, күз мезгіліне арналған - «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»  атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

                     

Тілегім аман болсын ел іргесі,                   

Алтын күз қайта келді берекесі.                    

Молшылықтың жаршысы бола білді,               

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Жүргізуші -2:Ал, балалар,балалар,

    Енді бері қараңдар

    Бізге қонақ келмекші.

    Сендерді бір көрмекші

    Әуелі жұмбақ жасырам,

    Қулығымды асырам.

    Таба алсаңдар шешімін,

    Қонағымды  ортаға шақырамын.

        «Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
 Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»   - Бұл не ,балақайлар? (Күз)

 - Дұрыс айтасыңдар, балақайлар! Әрине, күз мезгілі. Ендеше қонағымызды шақырайық.

(Әуен ырғағымен

қолында себеті бар Күз ханшайымы кіріп келеді)  

Күз ханшайымы:   

Сәлем менің достарым,                             

Өмірге көп қосқаным                                

Күз сыйлығын алыңда  

Сыйлығына қаныңдар.                                 

Молшылыққа кенеліп,                               

Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: - Күз Ханшайымы біздің мерекеге Қош

келдіңіз! Балалардың өнерін бізбен бірге тамашалаңыз.

-        Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық. (балалар жарты шеңбер болып тұрады)

 

Құралай:

Алып келді мереке, астық жеміс береке,

Батырлыққа жараса, көбейді той тамаша,    

Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға, шақырады біздерді.    

Тәрбиеші: 

-Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық.

  Балалардың орындауында « Алақай, күз келді!» әнін қабыл алыңыздар!

  Ән: «Алақай, күз келді »

 

Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кептүсетін,
Мақтанбақшы сіздерге, Көкөністер менжемістер, Дәрумендер  сан түрлі.

Күз ханшайымы: -Адамның дені

сау болып, ширақ та сергек жүруі үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам

организміне әр түрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет.

 Тәрбиеші: Иә, өте қажет. Ендеше Күз ханшайымы

біздің балалардың орындауында «Көкөністер

мен жемістер дауы» көрінісін тамашалайық.

 

(Балалар ортаға өз орындарына келіп тұра қалады)

Көрініс: «Көкөністер мен жемістер дауы»

Тәрбиеші:

Өнім биыл тамаша, көз тоймайды қараса

Сәбіз, Картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,

Қырыққабатқа қарашы,

Көкөністер бір кезде, жиыла қалып таласты.

Көкөністер:

Жиыла қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз,

Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?

Бұршақ: (Әдиет)

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріңе.

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе.

Қызылша:(Е.Інжу)

Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды.

Винегрет те үстелде.

Қырыққабат: (Санжар)

Мақтанғаннан не пайда,

Менсіз дәмсіз щи қайда.

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана!

Шалқан:(Ұлжан)

Кім білмейді шалқанды,

Талайлар маған таң қалды.

Бәріңе сый боламын,

Тауып көр менен дарханды.

Сәбіз:(Аяулым)

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де.

Қызанақ: (С.Айлана)

Мен өте дәмдімін, адамдардың ас қорыту мүшелеріне пайдалымын. Менің құрамымда

«А» дәрумені бар.

Әсем нәзік, көріктімін,

Көктей жеуге болмайды.

Салатқа мені қосқанда,

Қияр қасымнан қалмайды.

Қып-қызыл болып пісемін,

Жәшікке лақтырып салмайды.

Жарылып қалам өйткені.

Қызанақ: (Аружан)

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Барма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген?

Қияр: (Алдияр) Сен неге қып-қызыл болып

мақтанып тұрсың? Менің де адам денсаулығына пайдам көп. Менің құрамымда «В»

дәрумені бар.

Сопақша көк өнім бар,

Пайдалы мөлдір сөлім бар.

Піскен кезде жинайсың,

Менің атым қиярмын.

Қазір ұзын сабағым,

Жан-жағына тарайды.

Қол ұстасқан баладай,

Бақшаны алып барады.

Қияр: (Әділ)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Пияз: (Димаш)

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Шие: (Розалия)

Мен моншақты шиемін,

Құмарсындар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін,    

Тамағыңа сүйегім.

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық.

Картоп: (Сұлтан)

Мен ұялшақ картоппын.

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар!

Пияз: (Арман) Егер

картоп өзін-өзі пайдалымын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа

қарап тұрамын ба!

Менсіз астың дәмі жоқ,

Күлдіре алмаймын,  жылайсың.

Ащы болсам да мені,

Базарданжиісұрайсың.

Түшкірсең, пысқырсаң

Мен шипа боламын.

Алма:

(К.Айлана) - Иә, біз де тірі

жандармыз.Біз де өзімізді күткенді, бағып қаққанды жақсы көреміз.Менің

жер шарында көп түрлерім бар, менің құрамымда «А», «В», «С», «Д» дәрумендерім

бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар.

Нарттай қызыл алмамын.

Мәз болады алғандар,

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Қарбыз: (Медина) Мен жаздың ыстығында өте

қажетпін, денсаулыққа пайдалымын.

Жинап досты, бауырды,

Ортаға алдық қауынды.

Жарып едік қауынды,

Қарық қылды ауылды.

Қауын деген қой сойдық,

Ой бәріміз бір тойдық.

Қанып қалды шөліміз.

Сәбіз:

(Адильхан) Мен де де бар дәрумен,

салатқа да қосады, тағамға да қосады. Менің құрамымда «В» дәрумені бар.

Сары дәмді, ұзынмын,

Жер астына тығылдым.

Тартсаң шыға келемін,

Өсіп тұрған бұрымнан.

Күзде қазыпаласың,

Тамаққа да саласың.

Егерменікөпжесең,

Биік, ұзынболасың.

 Өрік: (Дария) Мен жарықты, жылуды жақсы

көремін, менің құрамымда иод көп.

Мен өрікпін, өрікпін,

Бақшамызға көрікпін.

Қара деген атым,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнынжүретін,

Кейдеменіңқақымбар.

Апорт:(Дильназ)

Мені жесең дәрімін, бүйрек, асқазан, жүрекке,өзіме тән исім бар.

Апорт дегеналмамын,

Жержаратынатағын.

Мұндай алма кімде бар,

Алматы оның отаны.

Құлпынай: (Т.Інжу)

Жапырақты тасалап

Өсетін жері бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін-ай    

Менің атым құлпынай.

Алмұрт: (Құралай)

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды,    

Қараса егер салғырт кім.

Көкөністер

мен жемістер барлығы:

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: 

Барлығыңда дәмдісіңдер,

Шырқап айтар әнімсіңдер.

Көз тоймайтын кереметке,

Дастарханның сәнісіңдер.

Күз ханшайымы:

Көкөністер мен жемістер,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер!   - Бәрекелді, керемет!

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біздің балалардың   сізге арнаған тағы билері  де бар

Күз ханшайымы: - Жақсы, ендеше тамашалайық.

Би: «Дәрумендер» (балалар орындарына отырады)

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай өнерлі.

Күз Ханшайымы: - балалар, сендер жемістер мен көкөністерді ажырата білесіңдер ме? Олай болса, сендерді тексеріп көрейін?

 Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырат»

Ойын мақсаты: балаларды жемістер мен көкөністерді ажырата білуге және шапшаңдылыққа үйрету.

Ойын шарты: бау-бақшада өсіп тұрған көкөністер мен жемістерді екі себетке ажыратып жинау керек. (екі баладан шығару).

Ойын «Жерде, ағашта»

Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан, алмұрт, жүзім, өрік,  т.с.с).

Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа т.с.с)

 Күз ханшайымы: Рақмет, балалар. Өте жылдам әрі көкөністер мен жемістерді дұрыс ажырата біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе,

Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті, жылдам. -құрметті күз ханшайымы сізге арнаған балалардың тағы да бір жақсы биі бар, кане, тамашалайық!

 Би

« Күзгі вальс»

-Ал, балақайлар тағы да бір әндетіп жіберсек қайтеді?

Ән: «Күз тамаша»  

 Күз ханшайымы: Керемет! Жарайсыңдар, балалар!Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі жылы күзде кездескенше аман болыңдар!

                            (балалар Күз ханшайымы мен қоштасады)

Тәрбиеші: Күз ханшайымының сыйы – жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, ендеше тобымызға баруға жиналайық. Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз!

 

 

 

Просмотров: 632


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст