КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас суретші» - В.А.Силивон әдістемесінің негізінде

08.11.2017

Бұл көмекші құрал 3-6 жастағы балаларды оқытуға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қосымша білім беру жүйесі үшін    маңызды. Бағдарламаның негізін бейнелеу өнері еңбегі – В.А.Силивонның сурет салу әдістемесі құрайды. Бағдарлама қоршаған ортаны танудың өзіндік нұсқасын, көркем өнерді меңгеру, баланың қолын жазуға жаттықтыруды көздейді.

Сурет салу – баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға ерекше әсер ететін күрделі синтетикалық еңбек түрі. Бейнелеу өнері - баланың өзі ойынан шығарып салатын көркемөнер сабақтарының бірі.

 

Бағдарламаның мақсаты

Сурет салуды қолдану арқылы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.  

Бағдарламаның міндеттері:  

1. Балаларды конструктивті әдіс арқылы сурет салуға, ойларын,

оны іске асырудың тәсілдері мен формаларын өз бетінше анықтауды үйрету.

2. Көркем-бейнелеу қызметінде шығармашылық жағдайлар жасау

арқылы балалар шығармашылығын және шығармашылық қиялын дамыту, қағаз бетіне назарын

шоғырландыруды үйрету.

3. Көркем бейнелерді түсініп, жасай білу арқылы балалардың

қоршаған ортаға деген эстетикалық қарым-қатынасын тәрбиелеу.

4. Әр баланың шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне топта

психологиялық-педагогикалық қолайлы жағдай жасау.

5. Танымдық-комуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал жасау.

Дүниедегі барлық ерекше нәрселер балалардың назарын аудартып, таң қалдырады.

Олар мұғалімге, бір біріне сұрақтар қоя бастайды, сөйтіп сөздік қорлары да

молая түседі.

Мектепке дейінгі балаларға сурет салуды үйрету ұсыныстар  

Педагогтың ең басты мақсаты – балаларды жан-жағындағы заттарды, құбылыстарды, жалпы әдемілікті көруге үйрету. Бұл – эстетикалық тәрбие беру болып саналады және кез келген балалар шығармашылығының негізі болып қалыптасады. Балалар өз суреттерінде заттар мен құбылыстарды жай

салып қана қоймай, оларға деген көзқарасын бейнелейді. Көзқарастары түстер,

көлем, безендіру арқылы суреттеледі.

Сондықтан, педагог  суреттің тақырыбын таңдайды. Сабақ заттық суретке (балалар бір затты бейнелейді), мазмұндық суретке (белгілі бір сюжет желісі бойынша), сәндік суретке (балалар ою-өрнекті салу жолдарын үйренеді) немесе еркін тақырыпқа арналуы мүмкін. Балаларға сурет салып үйрету әдістері әр

топта жас ерекшеліктеріне сай өзгеріп отырады.

Сурет салуға үйрету 3 жастан басталады. Олар суретте бейнеленген түрлі заттарға қызығушылық танытады. Шимайланған жазбалар ассоциацияға ауысады, кейіннен заттарға айналады. Бұл жаста оларды басты нәрселерге үйреткен жөн: қарындашты, қылқаламды қалай дұрыс ұстау керек, бояулармен қолдану және қағаз парағының пішіні қандай екенін үйрету.

Сурет салудың қарапайым әдістері де негізге жатады. Үш жастағыбалаларға геометриялық фигуралар, олардың айырмашылығы жөнінде түсінік беріледі.

4 жастағы балалар заттың суретін салуда

бір немесе екі белгіні алып жүре алады. Нәтижесінде суреттері анық, толығырақ, шындыққа жанасқан, болып шығады, онда таза түстер ғана емес, түс реңктері де пайда болады.

Бұл жастағы балалар бастапқы сатыдан өтеді, яғни, қолдарына қарындаш, қылқалам ұстай біледі, бояуларды сенімді түрде қолдана алады.

5 жастағы балалар композиция негіздерін үйрене бастайды. Суреттің ауданын ұстанады. Суреттері толық, нақтыланған. Заттардың ерекше белгілерін салуды балалар сәл өскенде үйренеді. Мектеп жасындағы балаларды сурет салуға үйретуге осыған дейін алған дағдыларын одан әрі дамытып, іске асыру және басқа жаңа дағдыларды қалыптастыру жатады. Бұл жаста бүлдіршіндер перспективаны, көлем, жарық пен көлеңкені салуды үйренеді.

 

Просмотров: 723


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст