КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала дамуына отбасының ықпалы

22.11.2017

Отбасы — әрбір адам баласы үшін өніп — өскен алтын бесігі, ал оқу орны — екінші алтын ұясы, отбасы мен мектепте әрбір жастың қуанышты, қызығы мәңгілікұмытылмас бал дәурені өтіп, тәрбие мен білімнің негіздері қаланады.Тәрбиеніңбастапқы әліппесін бала отбасында алады. Онда адамгершілік, ізгілік тәрбиесінің негізі құралады, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет алынады.

Отбасындағы тәрбие қашанда қоғамның негізгі талаптарының бірі болып келген, сондықтан

қоғамды өркениеттілікке жеткізу ең алдымен әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.Қазіргі таңда әр отбасындағы басты мәселелердің бірі — баланың түрлі әрекетін: баланың тәртібін қадағалау, оған қойылатын талаптар мен мінедеттерді анықтау және іске асыру, баланы үй еңбегіне қатыстыру, оқу-әрекеті мен бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.

Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі — ұтымды күн

тәртібін  жасау, яғни күн тәртібінің болуы, оның орындалуын қадағалау болып табылады.Күн тәртібі — өмір тәртібі,

еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.Әр ата-ана күн тәртібінің баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке, мүқияттылыққа үйрететіндігін, денсаулығын нығайтатындығын, еңбек қабілетін жақсартатындығын түсіне отырып, оны баланың орындауын қадағалайды. Өйткені дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі белгілі

дағдыға үйретеді, ал дағды әдетке айналады. Әдет келешекте бала қажетін

қанағаттандырады.

Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, педагогтардың кеңесін, отбасы мен білім ошақтарының күн тәртібінің бірлігін еске алуы тиіс.

Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері — еңбек, демалыс, Қандай да бір келеңсіздіктерді болдырмау үшін әр отбасы тәрбиенің мазмұнын айқындап, оны жүзеге асыруы қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің жаңа стандартында: «…отбасы тәрбиесінің мазмұны «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» және «Әлеуметтік орта» негізгі

құзыреттіліктері арқылы жүзеге асырылады» делінген. Оларға жеке-жеке тоқталар

болсақ:

«Денсаулық» білім беру саласы:

·         баланың физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыру; оның өсуіне дамуын және денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдайларды қамтамасыз етуге;

·        

салауатты өмір алты салтының үлгісін (күн режимі, тамақтану, қимыл-қозғалыс белсенділігі) көрсетуге;

·        

мәдени-гигтеналық және өзіне-өзі қызмет көрсету

дағдыларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға;

·        

физикалық қасиеттерін, спортық жаттығулар мен ойындарға

қызығушылығын дамытуға тиіс;

«Қатынас» білім беру

саласы:

·        

балалардың қарым-қатынаста қажеттіліктерін қанағаттандыру

үшін түрлі мүмкіндіктер жасау;

·        

балаға грамматикалық дұрыс сөйлеу үлгілерін беру;

·        

балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөздік қорын

кеңейту;

·        

ана тілі, мемлекеттік және басқа да тілдерде

қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

«Таным» білім беру саласы:

·        

баланың танымдық қызығушылығы мен білуге құштарлығын

біріккен ойын, тәжірибелік, зерттеу және ізденіс іс-әрекеті арқылы

қанағаттандыру;

·        

экономика-адамның тіршілік іс-әрекетін қамтамасыз етудің

бастауы мен шарты екенін түсінуге көмектесу;

·        

табиғатта еңбек етуге оң көқарасын қалыптастыруға әсер

ету;

·        

тұрмыстық техниканы қолдануды үйрету;

«Шығармашылық» білім беру саласы:

·        

баланың өзінің шыфғармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік

беру;

·        

баланы нәтижелі, бейнелеу іс-әрекеттеріне жағдай жасау;

·        

баласының қызығушылығын, бейімділігін зерттеу және оларды

дамытуға ынталандыру;

·        

табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен

өнер туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;

·        

жетістіктерге жету жағдайын жасау;

·        

баланың қабілеті мен бейімін зерделей отырып,

шығармашылық өсуі үшін мүмкіндіктер жасау;

·        

баланың қабілетін зерделей отырып, шығармашылық өсуі үшін

мүмкіндіктер жасау;

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы:

·        

халықтар бірлігінің мәнін, қазақстандық қоғам мен жер

шарындағы бейбітшілікті сақтауда ұлтаралық қатынастар мен төзімділіктің

маңыздылығын ұғына білуге тәрбиелеу;

·        

ересектермен және балалармен біріккен ойын және еңбек

іс-әрекеттеріне жағдай жасау;

·        

балалардың түрлі іс-әрекеттерде өзін танытуына жағдай

жасау және өзін-өзі бағалауды қалыптастыру;

·        

табандылық, мақсатқа талпынушылық және басқа ерік-жігер

қасиеттерін дамыту, мектепте оқуға оң ынтасын қалыптастыру;

Сөзімді

ата-аналарға тәрбие туралы кеңес берген Мәлік Ғабдуллиннің: «Тәрбие дегеніміз

баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі

мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие

мәселесі маусымды, үзіліс дегеңді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын

процесс…» деген сөзімен аяқтай келе, бала тәрбиесінің келелі мәселелерін

отбасымен бірлесе шешейік дегім келеді.

Просмотров: 849


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст