«Жол белгілері күні»
Мақсаты:Білімділік-Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.
Тәрбиелік:Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Дамытушылық:Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.Жол белгілерімен таныстыру.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.
Көрнекіліктер: Бағдаршам макеті, жол белгілері.
Бүгінгі «Жол белгілерін білейік, аман - есен жүрейік» Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.
Психологиялық тренинг. «Достық шеңбері» сәлемдесу.
Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Біздер - қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы.Тәрбиеші: - Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?
Балалар: көшелер, көліктер.
Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?
Қандай жол белгілерін білесіңдер? Балалар: Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.
Ізденістер ұйымдастыру: Астананың көшелері кең, үлкен қаламызда көліктер көп.
Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Төбесінде шырағы,
Жолаушының пырағы.
Барасың деп қай жаққа,
Алдын күтіп тұрды.
Шахматтың тақтасы,
Секілді онда таңба бар.
Бұл қай көлік?(такси)
Тәрбиеші: - Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.
Бүгін жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып, аялдама таңбалардың белгісімен танысамыз.
1. Өлең шумақтарымен ортаға:
Санап кетсек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2.Көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.
3. Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
4. Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңе көзіңе.
5. Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң,
Мойның сал сол жақтан оң жаққа.
6. Мен білемін, бәрін деме,
Отырған жоқсың бөлмеде.
Машина өтіп кеткесін,
Жолаушы алға беттесін.
Тәрбиеші: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Бір көзім «қарап қалма» дейді.
Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?
Менің атым «бағдаршам», Жақсы білем міндетімді,
Мекен - жайым тұрақты. Мүдірмеймін ешқашан.
«Бағдаршам» ойынын ойнату.
Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды.
Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)
Балалар, көшеде біз тар жолмен, яғни жиек жолмен жүреміз.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Бағдаршам» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.