КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілінің мәртебесін көтерейік!»

05.12.2017

 

«Қазақ тілінің мәртебесін көтерейік!»

         Елбасымыз айтқандай: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз өз тұғырына берік орнауы тиіс».

         Тіл дегеніміз – ұлттың жаны, ұлт пен ұлыстың алтын қазығы. Халықтың тіл қазынасын байыту, тілді қоғамдық

өмір тіршілігінің нақты құралы ету, оны жетілдіріп, дамытып, заман талабына сай көріктендіріп, ұстарта білу – нағыз өнер екені белгілі.

         Пәннің негізгі мақсаты балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс –

балдырғандардың сөздік қорларын молайту. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге, қойылған сұрақтарға жауап беруге, естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге, әсіресе құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сөйлемді дұрыс құрауға, ауызекі тілде сөйлей білуге үйретеміз.

         Балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз. Оқыту процесінде осындай негіздерге сүйене отырып, ойдағыдай нәтижеге жетеміз. Қазақ тілі бөлмесінде әр түрлі әдістемелік құралдар, кітаптар, үнтаспалар, бейнетаспалар бар, яғни керекті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген.

         Балалардың тіл байлығын дамыту үшін сабақтан тыс «Тілашар», «Сөз мәнері» деген үйірмелер өткізіледі.

Жоспар бойынша мерекелік іс – шараларға өлеңдер, әндер жаттап, түрлі ойындар үйренеді. Бірақ, соның ішінде бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін – бұл ертегілер әлемі. Ертегілер балаларды білгір, батыл, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болуына ықпал етеді. Ертегілер немесе шағын көріністер бойынша қойылым көрсету үшін алдымен жүйелі түрде дайындық жұмыстарын түсіндіреміз.  Содан кейін балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін таңдап алады. Сонда ғана әр балаға олардың сөздерін қайталатып, жатқа үйретеміз. Ал, ертегіні сахналаған кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез – құлқын, іс – әрекетін көрсетуге тырысады. Ертегі арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге

болады.

         Ата – бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Біздің

міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді өрге бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.

Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст