КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үй жануарларына қамқорлықпен қараймыз»

21.12.2017

Тақырыбы: «Үй жануарларына қамқорлықпен қараймыз»

  Сабақтың мақсаты:

1. Үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларының төлдерінің атын атай білуге үйрету. Үй жануарларының аттарын және олардың беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту.

 

2. Балалардың сөздік қорын молайту, ой-өрістерін, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту.

3. Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс, ойын әдісі.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері, қосымша суреттер, үнтаспа.

Сабақтың барысы:    

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.  

 Қайырлы таң, көк Аспан!

Қайырлы таң, жер — Ана!

Қайырлы таң, Достар!

Қайырлы таң, қонақтар!

ІІ. Мұғалім:       - Бір аптада неше күн бар? 

                           - Бүгін аптаның қай күні?

                           - Ертең қандай күн?

                           - Кеше қандай күн болды?

-       Бір жылда неше мезгіл бар?

-       Төрт жыл мезгілі бар: жаз, күз, көктем, қыс. -         Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Ал, сендер шешуін табыңдар.

                   Аяз қысып,

                         Өрнек сызып,

                         Ағаштар қар жамылып,

                         Өзендер мұз болып қатады,

                         Бөбектерім, айтыңдаршы,

                         Бұл қай кезде болады?

                                                             (Қыста)

-        Ендеше, балалар, қыс мезгілін сипаттайық.

  -     Қыс мезгілі. Қыста адамдар жылы киінеді. Аңдар ұйықтайды. Құстар жылы жаққа ұшады. Балалар аққала жасайды.

 ІІІ. Ал, енді мен сендерге өлең оқып берейін.

- Момақаным менің,

Маңырама, төлім.

Тойғызады кешке

Енең келіп сенің.

 - Бұл өлеңде не туралы айтылған?

1.     Сабақ үй жануарларының суретін көрсетіп сөйлесуден басталады.

 - Мына суреттегі не? (нелер?)

      

 - Балалар, суретте көрсетілген жануарларды қалай атайды?

 - Олардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

 - Үй жануарлары туралы не білесіңдер?

Балалар: Үй жануарлары бізге сүт береді. Сүтінен айран, құрт жасайды. Етін жейміз. Жүнінен киім тоқиды.

- Ал, енді балалар, үй жануарлары туралы мақал

– мәтел, жаңылтпаш білесіңдер ме?

ІҮ. Жаңылтпаш:

1 - бала:     Ешкі бақтым, еңіреп бақтым,

                   Қой бақтым, қоңырау тақтым.

2 - бала:    Сиыр бақтым, сидаң қақтым,

                   Жылқы бақтым, жорғалаттым.

3 - бала:     Түйе бақтым, түйме тақтым,

                  Лақ бақтым, жылап бақтым.

  Ү. Мақал – мәтелдер:

4 - бала:   Жылқының сүті шекер, еті бал.

5 - бала: Түйе малдың қасқасы,

               Жылқы малдың патшасы.

 

6 - бала: Сиыр танадан өседі,

               Адам баладан өседі.

7 - бала:  Мал өсірсең қой өсір,

                Өнімі оның көл көсір.

  ҮІ. Ойын: «Суретті аяқта».

 ҮІІ.  «Не қалай дыбыстайды?» үнтаспадан жануарлардың дыбыстарын естіп, ажырату.

  ҮІІІ. Үй жануарларын қалай шақырады:

Қой – қозы: Пұшайт – пұшайт

Сиыр-бұзау: Аухау – аухау

Ешкі – лақ: Шөре – шөре

Жылқы –құлын: Құрау – құрау.

Түйе – бота: Көс-көс

 

 ІХ. Сызба бойынша жұмыс.

А) Мынау жылқы.  Түсі қоңыр.  Төлі құлын. Оның құлағы қысқа. Үй жануары. Шөп жейді.

А) Мынау түйе.  Түсі қоңыр.  Төлі бота. Оның құлағы қысқа. Үй жануары. Шөп жейді. 

Х. Үй жануарларының айтысуы.

 

         Бір күні үй жануарлары сиыр, ешкі, түйе, жылқы, қой бесеуі біздің қожайынымыз қайсымызды жақсы көреді деп айтысады.

Сиыр: - Мен адамға пайдалымын. Ол сүтімді сауып, ішеді, құрт – май істейді.

Ешкі: - Менде адамға пайдалымын. Сүтімді ішсе емдік қасиеті бар, түбітім жылу береді.

Түйе: - Менің шұбатым оған пайдалы. Мен ауыр жүктерді көтеріп, алыс жерлерге бара аламын. Сол үшін адам мені жақсы көреді.

Жылқы: - Менің қымызым адамға өте пайдалы. Мен оның ағаш, шөбін тасимын.

Қой: 

- Адамға пайдалы менмін. Жүнімді алып, киіз басады, киім тігеді, арқан – жіп еседі.

Үй иесі: - Босқа таласып қайтесіңдер, сендердің бәрінде маған пайдалысыңдар. Әрқайсыңның өз орындарын бар.

  ХІ. Қорытынды: Балалар, үй жануарларын және олардың төлдерін атаңдаршы?

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст