Ұсынылып отырған оқыту-әдістемелік құрал мектепке дейінгі жалпы білім беретін оқыту бағдарламасы бойынша «Вариативтік бөлім» білім беру саласындағы «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» тақырыбына арналып дайындалған.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, дене және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына,
танымдық және әлеуметтік қызығушылықтарының көрінуіне, білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» тақырыбы бойынша келесі мақсат, міндеттер қарастырылған:
Мақсаты: ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, жаңа заман талабына сай балалардың ой-санасын жетілдіру.
Міндеттері:Балаларды ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын кеңейту. Айналадағы дүниені, табиғатты
бақылау, таныту арқылы сөздік қорын жаңа сөздермен байыту, жаңа технологияларды қолдану арқылы
балалардың ойлау белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамыту.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» вариативтік бөлімінің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері мотивациялық қозғаушылық, ұйымдастыру-іздестіру және қорытынды бөлім сияқты күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттары кіретін бөлімшелерден
тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға мүмкіндік туғызады. Әдістемелік құрал ұзақ мерзімді жоспарлау (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) мен күнделікті сабақ жоспары ұсынылады.
Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ойыншық» атты кейіпкер енгізілген. Осы кейіпкердің көмегімен балалар түрлі ойын-жаттығуларды, тапсырмаларды орындайды.
Оқу құралында берілген жағдаяттарды шешу барысында әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Күтілетін нәтижелер:
1. Баланың сөйлеу тілі дамиды;
2. Сөздік қорлары толығады;
3. Байланыстырып сөйлей білуге дағдыланады;
4. Сөздегі дыбыстарды анық айта білуге үйренеді;
5. Мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Жалпылау қорытынды:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» әдістемелік құралымен «Үздік авторлық бағдарлама» атты қалалық сайысқа қатысып ІІІ дәрежелі дипломға ие
болдым. Қазіргі таңда «Достық», «Амина», «Қарлығаш», «Көктем», «Еркемай» балабақшаларындағы тәрбиешілер
қолданысқа ие.