Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
№ 13топ «01» ақпан 2017 жыл. Тәрбиеші: Айтқожина А.А
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Теңіздегі кит.
Мақсаты: Білімділік:Бояуды дұрыс таңдауға,суық және жылы түстерді ажырата білуге,ұқыпты жұмыс
істеуге үйрету.
Дамытушылық:Қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту.
Тәрбиелік:Әсемдікке,әдемілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: теңіздің,теңіздегі киттің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптері,бояулар,су,сүлгі,қылқалам,магнитофон,баяу әуенді
күйтабақ,теледидар.
Сөздік жұмысы: алуан, әр түсті, әртүрлі.
Сөздік жұмыс: кит,теңіз.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
«Қайда мекендейді?»д/о.Тәрбиеші экранмен жұмыс жүргізеді. |
Ойынға белсене қатысады. |
Ұйымдастыру ізденістік |
Барлығы бірге «Теңіздегі кит»әңгімесін құрастырады.Тәрбиеші шығармашылық тұрғыдан жетекшілік жасап,балалардың ойын бағыттап отырады.Әңгімелесу,сұрақ-жауап т.б.әдістер қолдану арқылы балаларды еркін сөйлетіп дағдыландырады. Сергітусәті(саусақты жаттықтыру) Теңіз толқиды-бір, Теңіз толқиды-екі, Теңіз толқиды-үш, Толқыды теңіз,толқыды Теңіз тынышталды. Түрлі бейнелер жасалды. Тәрбиеші теңіздегі киттің фотосуретін көрсетіп,суретте қандай бояу түсі басым болатынына назар аудартады. Балаларға тек суық түстермен жұмыс істейтіндерін ескертеді.Теңіздің суретін салатын болғандықтан қағаз көк болатынын түсіндіреді.Тәрбиеші алдымен бояп көрсетеді. -Губка арқылы тегістеп бояуға болады,ақ қағазымыз көк түсті теңізге айналды,енді осы теңізде жүзіп жүрген киттің суретін саламыз.Суретті салу жолдарын көрсетіп,түсіндіреді. Домалақтау және сопақша жасау үшін қылқаламның екі түрімен жұмыс жасайды.Қалың ұшты қылқаламмен қағазды тұтас бояуға қолайлы екенін,ал жіңішке қылқаламмен киттің бейнесін бөлек салуға болатынын түсіндіреді.
|
Балалар көргендерін әңгімелеп береді.
Қимылмен көрсетіп,балалар сөздерін өздері айтады.
Аққағаз бетін қалың ұшты қылқаламмен көк түске еркін бояйды.
Сопақша пішінді естеріне түсіре отырып,бейне жасайды,қылқаламды қағаздан алмай сызады.
Қылқаламды дұрыс ұстап бояуды қадағалайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
Тәрбиеші оқу іс-әрекетінің сұрақ-жауап арқылы қорыта келе,балалардың жұмысына талдау жасайды,жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап,мадақтайды.
|
Балалар не салғандарын әңгімелеп айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: суық түстерді ажыратуды.
Игеру:қылқаламдыдұрысұстаудағдысын.
Меңгеру: қылқаламның толық ұшымен,жеңіл сүйкей жағу тәсілімен оңнан солға қарай
бояуды.