Ұйымдастырылған қазақ тілі сабағының
технологиялық картасы
Даярлық тобы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу түрі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларының төлдерін атай білуге үйрету.
Үй жануарларының аттарын және олардың беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық. Балалардың сөздік қорын молайту, ой-өрістерін, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын
молайтып, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сипаттау, жұмбақ жасыру,ойын ойнау, түсіндіру, ТРИЗ әдісі.
Көрнекіліктер: заттар «Үй жануарлары және жабайы аңдар», карточкалар, үнтаспа, проектор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері. Қайырлы таң, көк Аспан!
Қайырлы таң, жер — Ана!
Қайырлы таң,
Достар!
Қайырлы таң, мұғалім!
Здравствуйте ! Хэлоу!
1. Мұғалім: - Жылдың неше мезгілі бар?
-Жылдың төрт мезгілі бар : Жаз, көктем, күз, қыс.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Ендеше, балалар, қыс мезгілін сипаттайық.
-Қыста ауа райы қандай?
-Күн суық, аяз болады, боран соғады.
-Адамдар қалай киінеді?
-Адамдар қыста жылы киім киеді.
-Балалар не жасайды?
-Балалар қардан аққала жасайды.
-Бір аптада неше күн бар?
-Бір аптада жеті күн бар.
-Бүгін аптаның қай күні?
-Ертең қандай күн?
-Кеше қандай күн болды?
Қоянды қуып ит кіреді. Қоян қашып кетеді, ит оған жете алмай қалып қояды.
-Ит : Қуып жете алмадым, мынау не болды өзі? Сәлеметсіңдер ме! Мен қожайыныма көмектесемін, жайлауда мал бағамын.
Малыма жабайы аңдар қосылып кетті. Балалар, маған сендердің көмектерің қажет. Сендер
маған соларды ажыратып беріңдерші.
2. (арнайы столда орналасқан жануарлармен аңдарды балалар орындарынан
тұрып барып, екі жаққа ажыратады. Оларға сипаттама береді.)
Мұғалім: балалар, итке көмектесеміз бе?
Балалар: иә.
Мұғалім : бұл қандай жануарлар?
Балалар: үй жануарлары
Мұғалім: неге үй жануарлары дейміз?
Балалар : өйткені олар қорада тұрады. Оларға адам жем, шөп, су береді.
Мұғалім: ал, мыналар нелер?
Балалар: жабайы аңдар.
Мұғалім: неге жабайы аңдар деп бөлеміз?
Балалар: өйткені, олар орманда тұрады.
Азықтарын өздері тауып жейді.
Мұғалім : Сиыр не береді?
Балалар: сиыр – сүт, ет береді. Сүттен – айран, май, қаймақ, ірімшік, балмұздақ жасайды.
Мұғалім : Жылқы не береді:
Балалар : жылқы – ет, қымыз береді.
Мұғалім : түйе не береді?
Балалар : түйе – ет, шұбат, жүн береді. Жүннен көрпе жасайды.
Мұғалім : қой не береді?
Балалар : қой – ет, жүн береді. Жүннен – бөкебай, шұлық, қолғап тоқиды.
Мұғалім: дұрыс айтасыңдар, балалар. Жарайсыңдар!
Ит: маған көмектескендерің үшін көп рахмет сендерге, балалар.
Мұғалім:
балалар, проектордағы суреттерден үй жануарларының төлдерін тауып, оларды атап беріңдер.
Бала: Сиырдың төлі – бұзау.
Сиыр танадан өседі,
Адам баладан өседі.
Ау-ау-ау қорада тұр бұзау
Бала: Жылқының төлі – құлын
Жылқының сүті шекер, еті бал.
Бала : Түйенің төлі – бота.
Түйе малдың қасқасы,
Жылқы малдың патшасы.
Бала : Ешкінің төлі – лақ.
Ақ-ақ-ақ секеңдейді лақ.
Бала : Қойдың төлі – қозы.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
Мұғалім : балалар, осы жерде тақпақ айтып жіберейікші
Балалар: Кіп-кішкене момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Мұғалім: Аналарына төлдерді қостық, жарайсыңдар, балалар! Енді біз сендермен ойын
ойнаймыз «Кім артық?».
Проекторда үй жануарларына жабайы аңдар қосылады (қоян, қасқыр, аю,
арыстан)
Мұғалім: бұл жерде нелер артық?
Балалар: қоян, қасқыр, аю, арыстан артық.
Мұғалім: неге олай ойлайсындар?
Балалар: өйткені олар жабайы аңдар. Олар орманда өмір сүреді. Азықтарын өздері тауып жейді.
Ит: мен үй жануарлары туралы қаншама мағлұмат алдым, ал жабайы аңдарды мен білмейді екенмін. Сендер маған жабайы аңдарды көрсетіп, олар туралы мағлұмат бердіңдер. Рахмет,
сендерге.
4.Мұғалім : балалар, енді сендер осы үй жануарларының дауыстарын ажыратуларын қажет. Ол үшін мұқият үнтаспаны тыңдаймыз. (балалар үнтаспадан жануарлардың дауыстарын естіп,
ажыратады).
Мұғалім : Жарайсыңдар, балалар.
5.Ит : балалар мен де үй жануарларына жатамын. Сендер мені сипаттап беріңдерші. Мен қайдаймын?
Балалар : Схема бойынша, итті сипаттайды. (Мынау – ит. Иттің түсі – қоңыр, екі құлағы, төрт аяғы, бір құйрығы бар. Иттің жүні – жұмсақ, дауысы зор. Ит – ет жейді, сүйек кеміреді. Ит – үйшікте тұрады, иттің төлі – күшік, ит – мал бағады, үй күзетеді.
Ит : жарайсыңдар, балалар. Сендер мені де біледі екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.
Сергіту сәті:
Жақсы ғой сиыр,
Беретін сүтін.
Тышқан жеп мысық,
Тұмсығын сүртті.
Қырағы төбет,
Күзетеді ол үйді.
Пайдалы іс жасап ,
Әрқайсысы жүрді.
6. Карточкамен жұмыс.
Балалар екі топқа бөлініп, стол үстінде жатқан бірнеше жануарлардың қиылған суреттерінен, үй жануарларын құрастырулары қажет.
Мұғалім: құрастырдыңдар ма, жарайсыңдар. Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, экранда суреті шығады.
Мұғалім: Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
Мұғалім: қандай жануар екен?
Балалар: Түйе.
Проекторда түйенің суреті шығады.
Бала: Түйе – үй жануары, төлі- бота. Сақсауыл жейді, су ішеді. Өте төзімді
жануар-?
Мұғалім: Екеуі елеңдеп келеді, Төртеуі төбелесіп келеді.
Балалар: жылқы.
Бала: жылқы – үй жануары, төлі – құлын. Жем жейді, су ішеді.
Мұғалім : жылқы не береді?
Бала: ет, қымыз береді. Еті дәмді, қымызы адам ағзасына өте пайдалы. ?
Мұғалім: Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
Балалар: қой.
Мұғалім: Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Бірақ тағы сақалы бар.
Балалар: Ешкі.
Мұғалім: Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыпыртқысы бар
Балалар: сиыр.
Мұғалім : жарайсыңдар, балалар. Орындарымызға келіп, отырамыз.
7. Видео. «Сүт зауыты»
Сәлем достар. Бүгін сендермен біз сүт зауытына барып, сүттің өңдіріліп, қалай дүкендерге жеткізілетінін көреміз.
Мынау – ферма. Бұнда сиырлар тұрады.
Таң атты, сиырлар өріске жайылуға кетіп бара жатыр.
Шөпке тойған сиырлар, сүт беруге дайын. Сүтті үлкен бидондарға жинайды. Бұл бидондарды машинаға артады. Сүті бар бидондарды сү зауытына апарады.
Міне, біз сүт зауытына келдік. Әкелінген сүтті үлкен цистернаға құяды. Ол жерде сүттен қаймақты айырады. Алынған қаймақты тоңазытқышқа салады.
Мұғалім: балалар, біз сүттің қалай алынатыны туралы көріп, білдік.
үй жануарларының тек қана сүтін ішіп, етін жеп қоймай, олардың терісінен істелген
куртка, тондарды да киеміз. Көрдіңдер ме, олардың қандай пайдасы зор екенін.
Ит : рахмет, сендерге.
Мұғалім: балалар, қой не береді ? ет, жүн береді, ал жүннен – бөкебай тоқиды. Міне, бүгін біз саған
жүннен тоқылған бөкебай сыйлаймыз. Қыстың күндері тоңбай, жылы жүресің.
Ит: көп рахмет. Мен де сендерге бос қол келгенім жоқ, менің қожайыным базарлық жіберді.
Ит: балалар сиыр не береді? Сүт, ал сүттен ірімшік жасайды. Міне, мен сендерге ірімшік әкелдім. Адам ағзасына өте пайдалы өнім. Ал мен сендермен қоштасамын – сау болыңдар!
Балалар – Сау бол!
Балалар:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгінгі келген қонаққа,
Сау болыңыз деп, айтамыз.