Текст
2017 жылы қыркүектің 14-22 аралығында Қазақстан халықтарының Тілдер күні аясында №14 «Достық» балабақшасында тілдер апталығы өтті. Апта алдын ала жоспарланған іс-шаралар бойынша өтті. Тіл мамандары ұжымға аптаның мерекелік ашуын ұйымдастырды. Бұл іс-шарада педагогтар үш тілде өлең оқып, ән айтып, би биледі.
Тәрбиешілер мен педагогтар сурет және қол өнер көрмесін ұйымдастырды, үш тілде мәнерлеп оқудан тақпақшылар байқауы өтті. Апта ұлттар достығы фестивалімен аяқталды. Бұл фестивальда педагогтар топқа бөлініп қазақ, орыс,
украин және кәріс ұлттарының бір музыкалық номірімен тағамын көрсетті. Фестиваль қызықты болды.