Тақырыбы: «Еңсесі биік – егеменді елім»
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:Балалардың сезімталдық, естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, жақсылық істеуге
талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Өз республикасын танып – білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері, елбасының портреті, слайд.
Тәрбиеші: Сүйікті, балалар! Бүгін сендерді келе жатқан тәуелсіз еліміздің үлкен мерекесімен құттықтаймын. Еліміздің
Тәуелсіздігіне биыл 26 жыл толады.Еліміздің аспаны ашық, халқымыз бұданда жақсы өмір сүріп, Отанымыз Қазақстан өркениетті елдердің қатарына қосылуыны шын жүректен тілектеспін.Енді бүгінгі мерекені Әнұранмен бастаймыз.
Балалар Әнұран – салтанатты мемілекеттік ән. Оны айтқанда қолды жүрекке қойып -орнымыздан тұрып айтамыз. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқовтікі.(Әнұран орындалады)
Тәрбиеші: Енді еліміздің рәміздеріне шолу жасайық, әңгімелейік.
Ту:
Қазақстан туы көк түсті. Көк түс бейбітшілік, ашық аспан аманшылықты білдіреді. Өрнек – Қазақстанның
ою-өрнегі. Бүркіт – Қазақтың ой-ниетінің биіктігін білдіреді.
Елтаңба: Елтаңба алтын және көгілдір шаңырақ түсті. Әлемді тұтастырған ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар – биік арманның, қайраттың белгісі. Жұлдыз еліміздің жұлдызы биік, жарық болсын дегені.
Тәрбиеші: Біздің бас қаламыз қалай аталады?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Дұрыс. Енді Астана жайлы әңгімелейік. Қазір бізге Нұрасыл: өз тақпағын айтып берсін.
Отанымның төрінде
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам.
Әсем қалам бас қалам!
Тәрбиеші: Жақсы отыра ғой. Астана біздің бас қаламыз. Астана қаласында көптеген
биік, зәулім үйлер, ғимараттар және тәуелсіздік белгісі бәйтерек бар. Астана ең көркем,әдемі қала.
Тәрбиеші: Енді мерекеге арналған тақпақтарымыз бар.
1. Абай туған, Сәкен туған.
Құрметте досым, қазақтың жерін,
Қамбаға жылда миллиард құйған
Қаақстан Республикам менің
2. Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы
Бесігім болып тербеткен
Отаным Қазақстаным!
3. Бақыт күні осы күн
Оны әнге қос досым
Ардақтайды бұл күнді.
Келе жатқан ғасырың.
4. Ардақтайды ел мұны
Өмірінде ендігі
Ертеңіміз ол біздің
Еркіндіктің әр күні.
5Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ алауы
Тірегі әке баланың
Қазақстан жалауы.
Отан туралы мақал – мәтелдер.
Отан – оттан да ыстық.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Отанды сүйген суға батпайды, отқа жанбайды.
Қорытынды: Енді бәрі орындарынан тұрып, «Отан» әнін орындайды.