МКҚК №14 «Достық» балабақшасы
Педагог-психолог: Рысмаганбетова А.М.
2020 жыл
І. Зейінді дамыту және тәрбиелеу жаттығулары
Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да, мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе тапсырманы қайталаңыз.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады.
Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізген қазықты.
Қағазда (1-сурет) кездейсоқ ретпен әріптер басылған (5 жол). Әр жолда шамамен 30 әріп бар. Бала әр жолды мұқият қарап, әріптер арасынан сөздерді құрауға тырысады. Ол осы сөздерді іздеп табуы (үш, төрт, бес әріпті) және астын сызуы керек.
Табыстылық көрсеткіші – табылған дұрыс сөздер саны және тапсырманы орындау жылдамдығы.
Зейінді одан әрі жаттықтыру үшін өзіңіз осыған ұқсас ынталандыру материалын дайындаңыз.
Әріптер мен сөздерді машинкада немесе компьютерде теруге немесе қолдан жазуға болады. Күлкілі сөздер ойлап табыңыздар, балаларға бұл әрқашанда ұнайды.
ІІ. Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
Фонематикалық айыруға қабілетін дамытуға арналған. Бұл қабілеттер оқуға, жазуға, шетел тілдеріне табысты оқытудың негізінде жатыр.
Балаға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады (2-сурет). Баланың бұл затты білетіндігін тексеріңіз. Содан кейін сіз кез-келген сөзді айтыңыз және баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін өтініңіз. Мысалы, сіз «сүт» сөзін айтасыз, бала «сиыр» суретін көрсетеді, өйткені екі сөз де «с» әрпінен басталады
Балаға түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген суреттер ұсынылады.
Баладан білетін пішіндердің атын сұрап, ал білмейтін пішіндердің атын өзіңіз айтып беріңіз. Келесі жолы одан сіз атаған пішіндердің суретін салуды өтінесіз (дөңгелек, шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, эллипс).
Балаларға аяқталмаған, сызықпен бейнеленген түрлі геометриялық пішіндердің суреттерін көрсетеді, бірақ олар аяқталмаған. Оларды баланың аяқтауын өтінесіз (4-сурет).
ІІІ. Ойлауды дамту және қалыптастыру жаттығулары
Салыстыру үшін балаға келесі сөз жұптары ұсынылады:
Бала салыстыратынын көз алдына елестетуі керек. Оған сұрақ қойыңыз: «Сен шыбынды көрдің бе? Ал көбелекті ше?» Осындай қысқа сұрақтардан кейін, балаға жұптың әр сөзін салыстыру ұсынылады. Тағы да сұрақ қойыңыз: «Шыбын мен көбелек ұқсайды ма, жоқпа? Олар несімен ұқсайды? Қандай айырмашылықтары бар?» Баланың жауабына талдау жасаңыз. Сөздердің неше жұбын ол дұрыс салыцстырды? Балаға не оңай: ұқсастығын іздеу ме әлде айырмашылығын тану ма? Балалар әсіресе ұқсастығын іздеуде қиындық көретінін байқаймыз.
6-7 жасар бала салыстыруды дұрыс жүргізе білуі керек: ұқсастық белгілерінде, айырмашылық белгілерін де айыра білуі керек, бірақ кездейсоқ, мағынасыз белгілері бойынша емес (мысалы, балға мен балта сарайда жаьтыр), басты белгілері бойынша.
Балаға мынадай ойын ойнауды ұсыныңыз: сіз сөзді бірінші буынын айтып бастайсыз, ал ол аяқтайды. «Менің не айтқым келеді, ойлап тап? Ба...»-осылай сіз ойынды бастайсыз.
Барлығы 10 буын ұсынылады:
1) ба, 2) са, 3) ша, 4) та, 5) да, 6) жа, 7) же, 8) ше, 9) ке, 10) бе.
Егер бала тапсырманы жеңіл де жылдам орындаса, оған бір емес шамасы келгенше бірнеше сөз ойлап табуын ұсыныңыз. Мысалы, ба-ла, ба-тыр, ба-қа, ба-лапан, ба-рабан және т.б.
Жауаптардың дұрыстығын ғана емес, уақытты да белгілеңіз. Бұл ойлау үдерісі жылдамдығының, тапқырлығының, тілдік, сөйлеу белсенділігінің көрсеткіші.